Бішкекте өткен түнде не болды?
Қырғызстан астанасында кеше кешке 300-ге жуық жігіт көшеге жиналған. Олар жерлестерін шетелдіктердің ұрып тастағанына наразылық білдірді.
Милиция кардон қойып, жаппай тәртіпсіздікті болдырмауға тырысты. Наразылыққа шыққандардың арасында ұсталғандар да бар. Артынан тіпті олардың таратылғаны хабарланды.
Бұған осыдан бірнеше күн бұрын шетелдіктердің қатысуымен болған төбелес себеп еді. Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның бейнежазбасы тарады.
Онда адамдардың хостел ауласында төбелесіп жатқаны байқалады. Бұл кезде жергілікті жігіттер аз болып, олар шетелдіктерден әзер құтылады. Сонда да қатты таяқ жеп жүре алмай қалған біреуі хостел ауласында қалып қояды.
Ал кеше жүздеген жігіт сол үшін есеп айырысуға келген.
Бұл кезде кешірім сұрап тұрған үш шетелдіктің видеосы да тарап үлгерді.
Қырғыздар осыдан кейін сабасына түскен болар. Олар да тарапты.
Бүгін таңертең Бішкек тыныш.
Бейнежазбаның астына: "Мұстафа" кафесінің маңайында әдеттегі тыныш таң, Тікелей эфир десе болады. Милицияға рахмет айту керек, олар таңғы 6-да болса да жұртты сөзбен тыныштандырып, үйлеріне жіберді" деп жазылған.
