Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды (видео)
Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.
"18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар күтеміз. Дәлелсіз әртүрлі әңгімеге ермеңіздер. Медициналық сараптама жүргізеді. Нәтижесін күтейік", - деп жазды блогер Gani Museraliuly.
Асылым 16 мамырда жоғалған болатын.
"Таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізім-ғайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді", - деп жазған еді журналист Гүлмира Әбіқай.
