Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енді Мемлекет басшысының кеңесшісі болды.

undefined

Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.  

2009 жылы Тұрар Рыскулов атындағы Қазақ университетінің жанындағы халықаралық бизнес-мектебінде «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша іскери әкімшілдендірудің магистрының академиялық дәрежесін алған.  

Әр жылдарда халықаралық қаржы ұйымдары мен батыстың орталық банктерінде «Макроэкономикалық және қаржылық саясат», «Монетарлық саясат стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүргізудің ерекшеліктері», «Макроэкономикалық басқару», «Қаржы нарығының құралдары», «Қаржылық тұрақтылық» бағыттары бойынша біліктілігін көтерген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясында тәлімгер-оқытушы.

1998-2006 жылдары – жетекші сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы-маман, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары.

2006-2014 жылдары – Ұлттық банк үйлестіру департаментінің директоры.  

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директор.

2015 жылдың маусым-қарашасы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісі.

2018 жылдың 29 қарашасынан – 2019 жылдың 22 наурызы – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 22 наурызынан - Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың ақпанына дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі.

2022 жылдың мамырынан бастап – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің төрағасы.

0
0
230

Осы тақырып бойынша

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды - Yvision.kz