Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан аса шешімге қол қойылды

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 22 шешімге қол қойылды.

"Олар (шешімдер - ред.) сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қатысты болды", - деді ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин.

Сондай-ақ жиында Беларусьті Ұйымға қабылдау жайы пысықталды. Бұл ел ШЫҰ-ға жақын арада кіруі тиіс.

Қазір ШЫҰ құрамында 9 мемлекет бар. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Ресей.

0
0
314

Осы тақырып бойынша

ШЫҰ елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысында 20-дан... - Yvision.kz