Баланы қандай іс-шараларға тегін қатыстыруға болады?
Туризм және спорт министрлігі балалардың жазғы демалыс кезіндегі тегін іс-шаралар туралы хабарлады. 
Фото: magnolia.kz
500-ге жуық іс-шара жоспарланған:
➤ кекушинкай каратэ, кикбоксинг, муай тай, грэпплинг, шахматтан чемпионаттарі;
➤ футбол және мини-футболдан әуесқой командалар арасындағы ел чемпионаттары;
➤ «Бурабай-2024» республикалық жартас фестивалі аясындағы балалар маршруттары;
➤ «Ұлы дала жарысы» кедергілерді еңсеру сайысы;
➤ Спорт күніне арналған дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру шаралары;
➤ жалпы білім беретін мектептер арасында жыл сайын спорттың 10 түрінен ұлттық мектеп спорт лигаларының республикалық кезеңі;
➤ «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу жарыстары жалғасады;
➤ асық ату, жамбы ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату және қазақ күресі сияқты спорт түрлерінен чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі.
