Атышулы "Айка тізімінің" авторы сотталды
Алматыда атышулы "Айка тізімінің" авторы, блогер Love Айкаға қатысты сот үкімі шықты.

Аталған "тізім" өткен жылдың желтоқсан айында елді шулатқан еді. Онда қымбат жезөкшелерге баратын адамдардың аты-жөндері жарияланған делінді.
Енді сол Мырзахметова немесе Love Айка сыбайласы Т. деген азаматпен бірге сотталды.
Айка заңсыз есірткі айналымы және жезөкшелер ордасын ұйымдастырғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Т. жезөкшелер ордасын ұстағаны үшін 3 жыл 8 айға сотталды.
Мырзахметова 2020-2023 жылдар аралығында Т-мен бірге қыздарды ақша үшін интимдік қызмет көрсетуге жұмсап отырған. Өздері содан пайыздық үлес алған.
Айка кінәсін ішінара ғана мойындап, сол ісіне өкінетінін айтты. Ал Т. кінәсін мойындаған жоқ.
t.me/CentralMediaNews
