Мазмұнға өту

Жаңа

Медицина қызметкерлері жаңа туған сәбидің тасталғанын хабарламаса жазаланады

Медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады.Фото: egemen.kz«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзырет…

0
0
523

Жылқылар су құрсауынан құтқарылды

Атырау облысында 80 жылқы құтқарылды.
Жайық өзенінде Қайыршақты ауылдық округінің шаруа қожалығының жылқылары су құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден аман сақтап, қауіпсіз жерге айдады.

t.me/qr_tjm

0
0
583

Сексуалдық қызметті интернет арқылы ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Фото: incrussia.ruБұл құжаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді.Заңға жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға телекоммуникация және интернет желісін қолдану жайы енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 13…

0
0
585

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы баратын болды

Тоқаевтың тапсырмасы солай.

undefined

Фото: © Sputnik

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады", - деп жазды t.me/mazhilis_kz.

Айта кетейік, Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді. Ал кеше Тебризде Раисимен және онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.

0
0
704

Қазақтың тұңғыш велосипедшісі кім?

Бір кезде осындай ой келіп, зерттеп көрген едім. Ол Мәділхан сұлтан Абылайханов болып шықты.Осыдан 127 жыл бұрын, 1897 жылғы 22 мамырда Омбыда қала тарихында алғаш рет веложарыс өткізіліпті. Осы жарысқа Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген Мәділхан да қатысып, алтын медалды жеңіп алыпты. Бұл мәліметті «1000 знаменательных событий из истории Омска» деген кітаптан кезіктірдім.Мәділхан – Абылай ханның ұрпағы. Әкесі – әйгілі "Дала уәлаятының газетінің" редакторы болған Есмұхамед Жошыұлы. Мәділхан Абылайханов офицер болған, Бірінші дүниежүзі соғысына қатысқан. Деректерде оның Дутовтың кеңесшісі болғаны, кейін Қытайға өтіп кеткені айтылып жүр.Айтпақшы, «Атаманның ақыры» киносындағы Абылайханов – осы Мәділхан. Оның рөлін Нұрмұхан Жантөрин ойнайды.(Сурет интернеттен алынды)Серікбол Хасанның…

0
0
524

Қордайда кафе өртенді

Жамбыл облысында кафеден өрт шықты.

undefined

Бүгін ерте таңда Қордай ауылында бір қабатты ғимараттың шатыры отқа оранды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

t.me/qr_tjm

0
0
405

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

undefined

«Жүргізілген мониторинг тіпті бірлі-жарым жаңа гендік нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл мониторинг кезінде жаңа FLiRT нұсқасына қатысты 178 жағдай анықталды», – деп хабарлапты Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы қадағалау қызметі.

Ондағылардың айтуынша, вирустың жаңа варианты басқа штамдарға қарағанда аса қауіпті емес. Бұл жерде омикрон белсенді нұсқа болып қалып отыр. FLiRT пен омикронның белгілері ұқсас. Яғни адам қалтырайды, жөтеледі, тамағы, басы, бұлшық еттері ауырады, әлсіздік болады, дәм немесе иіс сезбей қалады.  

0
0
503

Президент Маңғыстау облысының жаңа әкіміне маңызды міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді:      – өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды;      – туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуге тиіс;Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсыр…

0
0
445

Иранда әуе апатынан қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ондаған мың адам келді

Тебризде 19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.Бұл рәсімге ондаған мың адам жиналды. Қазір Иранда бес күндік аза тұту болып жатыр. Елдің көптеген қалаларында адамдар қаралы киіммен көшеге шығуда.Енді марқұмдардың денелері мұсылмандар үшін қасиетті Кум қаласына жеткізіледі. Ертең Теһранда аза тұту рәсімі өтеді.Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді.    Жексенбі күні президент пен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар мінген тікұшақтың алдымен Әзербайжанмен шекараға жақын маңда өте жайсыз қонғаны туралы хабарланды. Кейіннен әуе көлігінің құлап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапқаны айтылды.Енді Иранда кезектен тыс президент сайлау…

0
0
522

Елімізде инфляция екі еседен астам төмендеді - ҰБ

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.Іс-шараға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.Президентке 2023 жылғы ақша-кредит саясатының орындалу нәтижелері, қаржы тұрақтылығын және алтын-валюта резервінің жай-күйін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ Ұлттық қордағы активтер туралы баяндалды.Мемлекет басшысына өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция екі еседен астам, яғни 9,8 пайызға дейін төмендегені туралы мәлімет берілд…

0
0
371