Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде 29 адам су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланған

29 адамның алтауы қамауға алынды.

undefined

Фото: pravlife.org

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қалғанына айыппұл салынды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында айтылған.

«БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жалған және қате ақпарат таратуға қатысты 41 дерек анықталды. Алтауы сол жалған ақпараттардың негізгі көзі болған. Ондай онлайн-платформалардың иелеріне заңға қайшы материалдарды жою жөнінде, сондай-ақ ІІМ-не адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру туралы хабарлама жіберілді», – дейді Үкімет басшысы.

0
0
364

Осы тақырып бойынша