Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Белгілі тағамтанушы Төрегелді Шарманов қайтыс болды

Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы әрі президенті, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

undefined

Фото: kaznmu.edu.kz

Төрегелді Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1958-1962 жылдары - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері.

1962-1968 жылдары - Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі.

1968-1971 жылдары - Ақтөбе медицина институтының ректоры.

1971-1982 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі.

1973-1984 жылдары және 1988 жылдан КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті).

1985-1988 жылдары Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1995 жылдың мамыр айынан - Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті.

1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизмін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспалары шығарылды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина - санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды. Оның жетекшілігімен 60-қа жуық докторлық және 170-тен астам кандидатттық диссертациялар қорғалды. «Қазан революциясы», «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

ДДҰ-ның Л.Бернард атындағы сыйлығын (2005) және «Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау» еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынның иегері және «Ғылым» номинациясындағы «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының иегері.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

0
0
531

Осы тақырып бойынша

Белгілі тағамтанушы Төрегелді Шарманов қайтыс болды - Yvision.kz