Ақмола облысында жаз жақындағанда қар жауды
Бүгін Ақмола облысында қар жауып, соның салдарынан Астрахан ауданындағы Колутон станциясы мен Новочеркасское ауылы арасындағы автожол жабылды.
"25.05. таңертеңнен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, температураның -3-ке дейін төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық: «Екатеринбург - Алматы» 1080-1140 шақырым (Колутон станциясы - Новочеркасское ауылы)", - делінген https://t.me/qr_tjm хабарламасында.
