Мазмұнға өту

Жаңа

Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда ЖСН алған

undefined

"Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы (Елизавета Пескова - ред.) Қазақстанда ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі - ред.) алыпты. Бұл оның жергілікті банктен есеп-шот ашып, соғыстың кесірінен Ресейге салынған шектеулерді айналып өтуіне мүмкіндік береді. Бұл деректі "Система" зерттеу жобасы Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығының онлайн-реестрінен және басқа да мәлімет базаларынан тапқан.

Шетелдік азаматтар біздің елдегі базадан ақпарат шығарып жатыр", - деп жазады @egovpress.

0
0
648

"Болашақ" бағдарламасы Қазақстанға қажет пе?

Соңғы кездері қазақстандықтардың шет елдерде оқып келуіне мүмкіндік беретін "Болашақ" бағдарламасына қатысты осындай мәселе туындай бастады. Біз әлеуметтік желіге шыққан соған байланысты пікірлердің бірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.Фото: eurasian-research.orgТапсырыспен пост жазбайтын едім. Бұрынғы көмекшім Тимур Қамзин: ”Болашақты” жапқысы келеді, үн қоссаңыз” деп қоймай қойды.Шынында да, “Болашақ” маған не берді деп ойланып қалдым. “Болашақ” маған емес, мен сияқты талайлар арқылы елге беріп жатыр деп ойлаймын.Мені алар болсам, көп нәрсеге көзім жетті. “Қазақстанды қайтсек дамытамыз?” деген сұраққа жауап іздеп оқуға кетіп едім. Жауабын таптым.Мықты профессорлармен жұмыс істеп, елді дамыту үшін экономиканы күрделендіру керек екенін, ол үшін ноухау керек екенін, ал ноухау біздің…

0
0
393

Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен ҚМА қызметкеріне сот үкімі шықты

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланған.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергеніне нақты дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып саналады.    

Үкім заңды күшіне енді.  

0
0
674

Алматыда экс-полицей наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды

Алматыда бұрынғы тәртіп сақшысы ерекше наразылық акциясын өткізді.

undefined

Фотоколлаж: t.me/ladakz

Ер адам жеті жыл бұрын құқық қорғау органындағы қызметінен кетірілгеніне наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды. Соған дейін ол Ішкі істер министрінің атына бейнеүндеу жазған.

Бұрынғы тәртіп сақшысының сөзіне қарағанда, оны жеті жыл бұрын жұмыстан заңсыз шығарып жіберіпті. Ол кезде бұл азамат әкімшілік практика бөлімі бастығының орынбасары болып істеген. Тұрғындардан жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлегені жөніндегі түбіртек қабылдап отырған. Содан бір ши шыққанға ұстайды. Бірақ бейнеүндеу жазған азамат ол жерде өзінің кінәсі жоқтығын айтады.

0
0
314

Ақтөбеде тәртіп сақшысы өзенге секірген қызды құтқарып алды

Оқыс оқиға кеше болған.

undefined
3 маусымда Ақтөбеде полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғаны туралы хабар жеткен. Содан ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберіледі.
"Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтауда. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазады POLISIA.KZ.

0
0
954

Талдықорғанда патриоттар шеруі өтті

4 маусым - Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Жастар» саябағындағы Мемлекеттік тутұғырдың жанында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты патриоттық  акция ұйымдастырылды. Фото: Жеңіс ЫсқабайБұл туралы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасындағылар хабарлап отыр.Аталған шара барысында Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба ұстаған  еліміздің рәміздерін Әлемдік аренада желбіретіп, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын төрткүл дүниеге  паш етіп жүрген нағыз патриоттарымыз қала көшелерімен «Патриоттар шеруінде» жүріп өтті.Шеруге спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының, Әлем чемпионаттарының, Халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, «Ұлы дала жорығы» марафон – бәйгесінің жеңімпаздары, мәдениет қайраткерлері, өнерпаздар, белсенді жастар, волонтерлер, қоғамдық ұйымдар, «Жас са…

0
0
430

Президент Қазақстанның екі мемлекеттегі елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
313

Тоқаев халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, жас сарбаздарға шен тапсырды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды."Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында та…

0
0
496

Роман Скляр утилалым туралы: «Мәселе тым саясиланып кетті»

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің ресми сайты – Primeminister.kz-ға сұхбат берді.Сұхбат барысында журналист басқа мәселелермен қатар біраздан бері қызу талқыланып жатқан утилизациялық алым жайына қатысты да сұрақ қойды.«Шынында да, мәселе тым саясиланып кетті. Қазіргі уақытта әртүрлі адамдар саналы түрде өз еліне, өз өнеркәсібіне қарсы жұмыс істеп жатыр. Өңдеу өнеркәсібі – кез келген елдің экономикасының негізі. Олар қоғамдық пікірге манипуляция жасауға тырысуда», – деп бастады жауабын бірінші вице-премьер. Ол жеткілікті дауыс жинаған (50 мың адам қол қойған) утилалымға қарсы петицияны енді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қарайтынын жеткізді. Бірақ бұл жерде ең алдымен ел мүддесі, мемлекет мүддесі сақталады екен. «Қазір бізде 20 миллион тұрғынға шаққанда…

0
0
325

Астанада автобустың түнгі бағыттары ашылмақ

Бұл жазғы уақытқа байланысты болып отыр.

undefined

Астанада жаздың басталуына орай қаланы одан әрі ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі № 201, 202, 203 бағыттарды іске қосу жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады. Түнгі бағыттар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі туралы толық ақпаратты іске қосуға жақын жариялаймыз", - деп жазылған елорда әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

0
0
612