Мазмұнға өту

Жаңа

Қасым-Жомарт Тоқаев елордададғы SANA Sport орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды.Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді.Сонымен қатар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыстап, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін Президентке хат жазып, кездесу жайында өтін…

0
0
329

Уақыт белдеуі қайтадан бұрынғы қалпына келуі мүмкін бе?

Бүгін журналистердің осы сұрағына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді.

undefined

Фото: gov.kz

Қазір еліміздің уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару жөніндегі петицияға қол жиналып жатыр. Бүгінге дейін 40 мың адам қол қойыпты. Ал Үкімет бұл мәселені қайта қарауы үшін 50 мың тұрғынның қолдауы қажет.

"Петицияға 50 мың қол жиналған соң арнайы жұмыс тобын құрамыз. Сөйтіп, заңда бекітілген тәртіппен мемлекеттік органдарды, сарапшыларды қатыстыру арқылы бұл мәселені қарастырамыз. Ал бұрынғы уақыт болдеуі қайтарылуы мүмкін бе, мүмкін емес пе дегенге бүгін жауап бергім келмейді. Петиция 50 мың қолды жинай ала ма, соны күтейік", - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.

0
0
1211

Астанада ШЫҰ саммиті өтеді

Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

undefined

Фото: ТАСС / 2022 жылы Самарқанда (Өзбекстан) өткен ШЫҰ саммиті

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi

0
0
345

Қызылордада белгісіз біреулер үш оқушының аяқтарын кескілеп кеткен

Оқиға бүгін түнде №263 мектептің жанында болыпты.

undefined

Көрнекі фото: nur.kz

Қызылордада түн жарымда білгісіз біреулер 9-сынып оқушыларының аяқтарын кескілеп кетті. Негізі төрт адам зардап шеккен. Олардың біреуі 18 жаста екен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін оларды үйлеріне жіберген.

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша іс тергеліп жатыр.

0
0
439

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмайтын болды

Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.
Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

t.me/mazhilis_kz

0
0
591

Ойын бизнесіне қатысты заңдарға түзетулерде қандай жайттар қарастырылған?

Бүгін Мәжіліс заңдарға, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.Фото: egemen.kzТүзетулерге сәйкес қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарында 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді.Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар. Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады. Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені…

0
0
372

Топан судан зардап шеккен 720-ға жуық отбасы жаңа үй мен пәтерге ие болды

Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда.Көрнекі фото: ernur.kz31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.717 отбасының қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер берілді. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр.3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек…

0
0
324

Елімізде жалпы құны 375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Бас прокуратура басқа да жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті кешенді шаралар атқаруда.Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту.Активтерді қайтару процесі қатаң түрде  Заңға сәйкес және Заңның өлшемшарттарына сәйкес келетін адамдарға ғана қатысты жүргізілуде. Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдауда. Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар т…

0
0
288

Еліміздің 21 жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің жаңа рейтингінде көрсетілді

2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarell Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымы – QS World University Rankings 2025-ті жариялады.Фото: isttravel.ruРейтингтен Қазақстанның 21 жоғары оқу орны көрінді. Оның бесеуі өз позицияларын жақсартып, төртеуі сақтап қалды.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық ЖОО арасында көшбасшы болып қала отырып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына қайта оралды.Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 163-ші орынға ие болды. Бұл оның өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға көтерілгенін көрсетеді.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (355-орыннан 321-орынға) және Қ. Сәтбаев Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің көрсеткіштері жақ…

0
0
645

Қарғаны құтқару операциясы

Көкшетауда қарқылдақ құс құтқару операциясының арқасында бір ажалдан аман қалды.
undefined

Жарықтандыру бағанасы темірлерінің арасына қарғаның қалай қыстырылып қалғаны белгісіз. Ал оны қаланың еріктілері байқапты.

"Кешке мұндайды елеусіз қалдырмайтын адамдар әдеттен тыс жағдай туралы хабарлады. Шақырту орнына көкшетаулық өрт сөндірушілер келді. Олар автобаспалдақтың көмегімен құсты бағанадан алып шықты. Қарға еріктілерге тапсырылды. Біз үшін әр қанаттының өмірі маңызды", - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы.

0
0
1177