Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен ҚМА қызметкеріне сот үкімі шықты

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланған.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергеніне нақты дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып саналады.    

Үкім заңды күшіне енді.  

0
0
614

Осы тақырып бойынша

Шымкентте мемлекеттік құпияларды жария еткен ҚМА... - Yvision.kz