Астанада автобустың түнгі бағыттары ашылмақ
Бұл жазғы уақытқа байланысты болып отыр.

Астанада жаздың басталуына орай қаланы одан әрі ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі № 201, 202, 203 бағыттарды іске қосу жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады. Түнгі бағыттар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі туралы толық ақпаратты іске қосуға жақын жариялаймыз", - деп жазылған елорда әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.
