Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.
undefined
Фото: gov.kz

1992 жылдың осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері - ту мен елтаңба бекітілді. Сол жылдың 11 желтоқсанында әнұранымыз қабылданып, ол 2006 жылы өзгерді.

Ал 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген.

0
0
1148

"Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды

"Жетісу" футбол клубының директоры әрі жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

undefined

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.

Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұрынырақ оның 1,8 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді.

https://t.me/antikornews

0
0
388

Енді Sergek бейнекамералары құрылыс барысын да бақылайтын болды

Бұл, әсіресе, қазір су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмысын жеделдету үшін қажет болып тұр. Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Sergek Group компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен серіктестікте тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауды мүмкін етіп, сондай-ақ азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыс…

0
0
332

27 жыл бұрын Ресейде қылмыс жасап, қашып кеткен қазақстандық Бельгиядан әкелінді

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматыға Бельгиядан жеткізілді. Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, қазір 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан және  кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар талап етіп, алдын ала сөз байласқан адамдар тобында болған. "Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына…

0
0
658

Тоқаев Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.Ерболат Досаев:Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді:      – осы кезеңде Алматы экономикасының негізгі салаларындағы өсім қарқыны жоғары болғаны туралы баяндады. Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі 17,5 пайызға, құрылыс 5,7 пайызға және байланыс бағыты 4,4 пайызға өскен. Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған. Өсім 5,8 пайызды құраған;биыл сәуір айында Алматыдағы жылдық инфляция 9,1 пайызға дейін бәсеңдегені жайында мәлімет берді. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны ашылған. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берген;шаһардағы кейбір аудандар…

0
0
391

Рыбакина Ролан Гарростың төртінші айналымында жеңіске жетті

Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты.

undefined

Фото: © AP Photo

Рыбакина төртінші айналымда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды.
Елена жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесян және италиялық Ясмине Паолини жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Елена биылғы Франция ашық чемпионатында қарсыластарына әлі бірде-бір сет бермеді.

t.me/RRaketkasi

0
0
483

Оралда ірі дүкен отқа оранды

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 57 адам және 26 бірлік техника жұмылдырылды.

undefined

Қызыл жалын жалпы ауданы 700 шаршы метр болатын сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатырын шарпыған.

Қазір өрт толық сөндірілді. Оның шығу себебі анықталуда.

undefined

0
0
625

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғыз шешімі Палестина мемлекетін құру деп мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа сектор…

0
0
379

Шегірткемен күрес: Ақтөбе және Қостанай облыстары ерекше назарда

Шегірткелер көп таралуы мүмкін өңірлерде жерді ауқымды өңдеу жұмыстарын бастау үшін техника, пестицидтердің қажетті қоры дайын тұр, уақытша жұмысшылар жаппай тартылуда.Фото: kaztag.kz1 маусымда Үкіметте зиянкестермен күресу бойынша қазіргі жағдай шегірткеге қарсы қорғаныс шараларын үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штабтың үшінші отырысында талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров төрағалық етті.31 мамырдағы жағдай бойынша Түркістан облысында 259,3 мың гектар жерде марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл болжамды көлемнің 95,5%-ы. Жамбыл облысында қорғау шаралары толығымен аяқталды: 9,8 мың га немесе 100% өңделді.Италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары басталды. 2,2 млн гектардың 144,1 мың гектары Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жеті…

0
0
259