Мазмұнға өту

Жаңа

ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Үндеуді Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев жеткізді."Құрметті азаматтар! Сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын! Полиция жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Жүргізушілер көбіне жол ережелерін елемейді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады.Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтау туралы ескерткен болатын. Оқиға салдарын…

0
0
482

Kalifarniya халықты ғаламтордағы алаяқтардан сақтануға шақырды

"Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді. Фархат тыңдармандар арасында “Kalifarniya” лақап атымен және “Qar”, “Аспан”, “Роза” сияқты әндерімен танымал.
Өз кезегінде әнші азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады", - деп жазады POLISIA.KZ.

0
0
816

Шымкентте аттракцион өртенді (видео)

Шымкентте бүгін түнде әл Фараби ауданындағы аттракциондар паркінде өрт шықты.

undefined

Құдай сақтап, бұл кезде, әрине, онда адам болмаған.

Мұнда төбешіктер аттракционы отқа ораныпты.

240 шаршы метрді шарпыған өрт толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
376

Сенатор мектеп бағдарламасындағы пәндер санын қысқартуды ұсынды

Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы еліміздегі орта білім бағдарламасының тым ауыр екеніне алаңдаушылық білдірді.

undefined

Фото: el.kz

Бұл туралы ол өзінің депутаттық сауалында атап өтті. Сенатор онда біздің мектептердегі міндетті пәндердің саны Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердікінен 2,5 есе көп екенін алға тартқан.

"Білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сияқты елдерде 7-8-сыпынтарда нақты ғылыммен байланысты 4-6 пән оқытылады. Ал Қазақстанда бұл сыныптарда 15 пән, 9-сыныпта тіпті 16 пән оқытылып жатыр", - дейді Алтынбек Нұхұлы.

0
0
405

Атырауда өрт сөндірушілер нәрестені құтқарды

Атыраудың өрт сөндірушілері сегіз айлық сәбиді құтқарды.
undefined
Оқиға бүгін Атырау қаласында болды.
6 қабатты тұрғын үйде газ плитасында тамақ қалдыру салдарынан қатты түтін пайда болды.
Пәтер есігі сыртынан құлыпталуына байланысты, ТЖМ құтқарушысы 1-МӨСБ бөлімше командирі Азамат Құрманиязов баспалдақ маршымен 2023 жылы туған баланы құтқарды.
ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

t.me/qr_tjm

0
0
670

Елімізде әлеуметтік желіде діни уағыз айтуға тыйым салына ма?

Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов жауап берді.

undefined

Сенат отырысынан кейінгі брифингте вице-министрге "Қазақстанда Өзбекстандағыдай әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салына ма?" деген сұрақ қойылды.
"Көршіміздің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де - үммет және азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірше басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде уағыз жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ", - деді Ысқақов.

0
0
523

Ринат Зайытов: "Сайлауға түспе деп ақша ұсынғандар болды"

undefined
Ринат Зайытов Qazaq AIRAN ютуб-арнасына берген сұхбатында «Ерлан Қошанов болмағанда «Аmanat» партиясына баспайтын ба едім» дейді. Журналист «Ринат депутаттыққа түкен кезде ақша беріп, бармай-ақ қойшы дегендер болды ма?» деп сұрады.
«Болды. Кімдер екенін айтпаймын. Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы, екіншіден, өтпей қалсаң, шулатпай-ақ қойшы деген екінші талабы болды. Бар ғой сөйлесетін адамдары. Сол жерде әңгімелескенде «одан кейін ешқайда осы әңгіме шықпай-ақ қойсыншы» деген келісім болды», - дейді Ринат Зайытов.
Депутат сұхбат барысында қанша ақша ұсынғанын айтпайды. Алайда шығарылымның түсіндірмесінде «Заитовқа 200 мың доллар ұсынған кім?» деп жазылған.

Qaz365kz

0
0
968

private istanbul tours

Kusadasi in Denizli Pamukkale we have about our hotel is located very close to the two provinces after a trip over 2 hours and 09 o'clock and we're a little lateprivate turkey tours - turkey tours +++ daily cappadocia toursThey're also starting to need to have a private tour with a half-hour later it was our fault entirely. We met our guide in front of Pamukkale, with open-air museum and was to start our tour. first place is literally a mountain of white or a very big place like a fortress. A place that is literally a wonderland. as cottobursa toursFour hours by bus from Istanbul early in the morning after a very enjoyable and comfortable journey we are on the Gallipoli peninsula. We reached here, Canakkale city center by ferry. We have a 30-minute private vehicle with the ancient city of…

0
0
395

Ленин шахтасында болған апатқа қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада болған апатқа қатысты сот үкімі шықты.
undefined
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы метан газы тарап, 5 кенші қаза тауып, төртеуі жарақат алған еді.
Сотта қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны және жауаптылардың метан мөлшерінің артық екенін біле тұра, кеншілерді шахтаға жібергені дәлелденді. Кәсіпорын басшыларының үшеуі 4 жылға, біреуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

@qazaqstantv

0
0
648

Сенат депутаттары "Масс-медиа туралы" заңды мақұлдады

Бүгін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жоғарғы палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «Масс-медиа туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңдарды қарап, мақұлдады.Палата Төрағасы атап өткендей, бұл заңдар масс-медиа саласындағы заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруді көздейді. Негізгі заң арқылы масс-медиа қызметінің мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері бекітілді.«Оқиғаларды объективті түрде жариялау және таратылатын ақпараттың анықтығы заңда көрсетілген негізгі қағидаттардың бірі. Жаңа нормалар арқылы БАҚ қызметін ұйымдасты…

0
0
626