Мазмұнға өту
Астана жаңалықтары
27 жазбалар3 тіркелуші

Елорда жаңалықтарын оқып, пікір жаза отырыңыздар

«Таза Қазақстан»: елордалық балабақшада экологиялық эстафета өтті

Елордалық №74 «Дәурен» балабақшасында Білім күніне орай және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл балабақша – жарқын болашақ!» атты мерекелік экологиялық эстафета өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Отбасы – бақыт мекені» атты танымдық семинар өтті

Астанадағы № 119 жалпы орта білім беретін мектепте «Отбасы – бақыт мекені» атты танымдық семинар өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шара Халықаралық Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.

0
0
165

Астанада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 19 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында әйгілі Леонардо да Винчидің өмірі мен ғылыми ізденістеріне арналған Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

0
0
160

Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді

Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппаратымен бірлесіп, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

0
0
164

Иордания Королі II Абдалла бенәл-Хусейн Қазақстанға ресми сапарға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
148

Президент Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
153

Ақорданың ресми жаңалықтары Aitu мессенджерінде қолжетімді

Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар.

Арнаға сілтеме: @aqorda_official

С сегодняшнего дня официальные новости Акорды будут также доступны в национальном мессенджере Aitu.

Ссылка на канал: @aqorda_official

0
0
165

Тоқаев қаланың дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді

Дархан Сатыбалды: ➤ шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. 🟦 Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты. ➤ қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді. 🟦 Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев: 📌 шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар…

0
0
177

Түркия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

Тараптар қорғаныс өнеркәсібі, ақпараттық технология, жасанды интеллект, қаржы, азаматтық авиация, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективасы жөнінде егжей-тегжей пікір алмасты Соның ішінде, екі елдің білім бағытындағы қатынастарының тамыры тереңде жатыр. Алдағы уақытта Астана мен Алматы қалаларында «Маариф» қорының екі мектебі, сондай-ақ Түркияның үздік оқу орындарының филиалдары ашылмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркияның жер сілкінісі болған Газиантеп провинциясында былтыр желтоқсанда жаңа мектеп құрылысы басталды. Білім беру ошағы келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, туризм саласындағы оң үрдісті қолдау, сондай-ақ сан қырлы екіжақты байланыстарды ілгерілету үшін Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасы…

0
0
211

Астана: Еуразия жүрегі және Қазақстанның болашақ тұғыры

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі. Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді. Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл а…

0
0
176