Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады.
undefined

Фото: azattyq.org

Серік Жұбандықов Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» жасанды бекінісін талан-таражға салып, сатқан.
"Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазады ANTIKOR.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0
0
901

Осы тақырып бойынша

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды - Yvision.kz