Алматыда алапат өрт болды
Бүгін Алматыда қойма отқа оранды.

Жетісу ауданындағы алапат өртті сөндіруге ТЖМ күштері тартылды.
"Шақырылған сәттен бастап 26 минут ішінде өрт жойылды. Жану ауданы - 230 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деп жазды t.me/qr_tjm.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның мотор майлары бар іргелес қоймаға және түрлі құнды тауарлар сақталаты басқа да қоймаларға таралуына жол бермеді.


