Берекелі жәрмеңке
26-27 қыркүйек күндері «Қазанат» ипподромының автотұрағында өткен күзгі берекенің көрінісіндей болған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі елорда тұрғындарын бір алаңға жинады.Қала тұрғындары үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеде ине шаншар орын болмады. Себебі, мұнда бау-бақшада өсірілген құнарлы өнімдер мен ауыл шаруашылығы тауарларының түр-түрі ұсынылды.
