Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ресейліктер Бишімбаев сотына неге үйірсектеп кетті?

Астанада өтіп жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысына кеше ғана ресейлік блогер (бір жерлерде коуч, журналист, жазушы, нейрохирург, психолог және тағы басқа делініп жүр) Наталья Грэйс келіп кетті.

undefined 

Фото: kursiv.media

Ол жәй келіп кеткен жоқ, жұртты шулатып кетті. «Бұл қайдан сап ете қалды?» дедік. Сөйтсек, Грэйс ханым Бишімбаевты ақтап, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы, жәбірленуші Айтбек Амангелдіні даттауға келіпті.

Өткенде осы сотқа ресейлік тағы бір журналист, тележүргізуші, ол да тағы пәленбай мамандығы бар, Ксения Собчак келіп, бір дүрлігіп алғанбыз. Бұл ханым дәл кешегідей шулатпаса да, артынан біраз сұрақ қалдырғаны анық. Мысалы, «сотта отандық журналистердің бәрі түрегеп тұрғанда, ол неге отыр?» деген сияқты. Бірақ Собчак ханым біреуге болысайын деп келмегенін бірден айтты.

undefined 

Ал оның алдында Бишімбаевтың адвокаттарының 9 қарашадағы қайғылы оқиғаға қатысты ресейлік сот-медицина сарапшыларының қорытындысын алдыртқанын да баршаңыз білесіздер. Олар қорытындыны фотосуреттер мен сканерден алынған суреттерге ғана қарап жасапты. «Бұл қалай?» деп ойладық, әрине.

Абырой болғанда, судья Айжан Құлбаева ресейлік мамандардың қорытындысын іс материалдарына қоспай қойды.

Айыпталушының адвокаттары енді алып көрші елдің танымал адамдарына жүгінгенді жөн көрген сияқты. Әрине, Наталья Грейс кім шақырғанын айтпайды. Бірақ әлгіндей болжам жасауға толық хақымыз бар деп ойлаймыз. Өйткені...

Біріншіден, осынау іскер әйелдің басқа шаруасы жоқ па? Яғни бұл азаматша сонау жақтан ат арылтып бостан-босқа келмеген сияқты.

Екіншіден, ол Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге ықпал еткісі келетінін көрсетті. Сөйтті де, бүй деп салды ғой Грэйс ханым:  

«Сотталушыны бақылай отырып байқағаным, ол қылмысты ашу (аффект) үстінде жасаған. БАҚ-қа қатысты заң бойынша 1000-нан аса адамы бар нысан БАҚ болып саналады. Ал менің YouTube-те миллион көрерменім бар... Мен ақталып жатпаймын. Сот отырысына екінші рет кіру маған қызық емес. Өзіме қажет нәрсенің бәрін көрдім және мен бұл шығарылымды бәрібір жасаймын. Өзім көрген барлық заң бұзушылықтар туралы, жұртшылықтың қысымы туралы айтамын. Менің көзқарасым бойынша, Айтбек бұл мәселеге коммерциялық тұрғыдан мүдделі. Сондықтан ол осы жағдайдан көп нәрсе алып қалуға тырысып отыр. Өйткені көп адам хайп деп аталатын нәрсемен коммерциялық негізде айналысады».      

Міне, Наталья Грэйс Айтбек Амангелдіні қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді деп айыптап отыр. Біздіңше, бұл – сотқа беруге әбден болатын жалалы сөз.

Жалпы, Бишімбаев сотына ресейліктер неге үйірсектеп кетті? Маған соны айтыңыздаршы.

0
0
548

Осы тақырып бойынша

Ресейліктер Бишімбаев сотына неге үйірсектеп кетті? - Yvision.kz