Шұғыла шағынауданында аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды
Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.Аумағы 1 гектарды құрайтын сквер қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналды. Шұғыла шағын ауданы – Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, әлеуметтік нысандар да орналасқан. Алайда бұған дейін тұрғындардың серуендеп, демалуына арналған мұндай ауқымды абаттандырылған аумақ болмаған.