Алматыда «Алматы паркинг» ұжымы азаматтық белсенділік танытты
Таңертең «Алматы паркинг» КМК ұжымы кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Талант Тайновпен бірге сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.Кәсіпорын қызметкерлері ауысым арасындағы уақытты пайдаланып, азаматтық борышын орындауға және дауыс беру құқығын жүзеге асыруға келді. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ұжым маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуға уақыт тапты.
