Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Футзалдан Еуро-2018 аясында Қазақстан-Испания полуфиналын қайдан, қашан көруге болады

Ол Еуропаның қазіргі және жеті дүркін чемпионы Испания командасы болды (1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012, 2016). Ширек финалда испандықтар Украина құрамасын 1: 0 есебімен жеңген.

Қазақстан-Испания кездесуі ақпанның 8-нен 9-на қараған түні өтеді және Астана уақытымен сағат 02.00 басталады. Тікелей эфирде бұл матчты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2018 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы 5: 1 есебімен Польшаны жеңіп, одан кейін Ресеймен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, Какау жаттықтыратын команда өз тобында бірінші орын алды және ширек финалда Сербияны 3:1 есебімен жеңді.

0
0
321

Бәрібір мен правпын...

Бәрімізге бала күнімізден таныс мына бір тақпақтың соңғы жағын өзгертіп кеп жіберсек... Бүгінгі балаларға да жарап тұр. Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын. Анам нанға кеткенде, Үйде ойнап қаламын. Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын. Просто, планшетті беріп кетсе болды. Иә, дәл солай. Пленшетін беріп кетсеңіз және ол бәлеңіз интернетке қосылған болса болды. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Балаңыз өзімен-өзі. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында туған ұрпақтың балалық шағын соғыс ұрласа, біздің балаларымыздың балалық шағын осы бір төрт бұрыш неме тонауда. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Қазақ тіліндегі үш жақпен айтсақ, менің балам ондай емес, сенің балаң ондай емес (сіздің балаңыз ондай емес), оның баласы ше, олардың баласы ше? Басымен кіріп кетіп, шыға алмай жүрген бүлд…

0
0
815

Қызыл орамалды мұғалім

Бауыржан Байбек әкім болып келгеннен кейін көп ұзамай, олардың барлығы сапасы сын көтермейді деген желеумен, қала көшелерінен зям-зия жоқ болды. Мен сіздерге оңай жол картасы енгізілмей тұрған шақта трамвайда кездескен бір келіншектің әңгімесін айтып берейін. -Отыра беріңіз, отыра беріңіз. Мен тұрып тұра беремін. Мектепте алты сағат түрегеп тұрып әбден үйреніп алғанбыз ғой. Жәрайды қоймадыңыз ғой, отырсам отырайын. Ауылға барғанда Алматыда әлі де әйелдерге орын беретін ерекетер бар екен десем, сенбейтін шығар. Мәә, мен сізді бір жерден көрген сияқтымын. Сіз актер емессіз ба, иә. Қай кинода ойнаушы едіңіз? Әлде басқа жерден көрдім ба? Ее-е-е-е, енді есіме түстіңіз, журналиссіз ғой, иә. Сіз де трамбаймен жүресіз бе не? Қойыңызшы, сіздерді жұрттың барлығы бай деп ойлайды ғой. Инстаграмда жоқ…

0
1
634

Мен романтик емеспін...

«Ай отыз пайызға анық көрінетін түн екен, бұл жағдай алпыс жылда бір қайталанады екен, ғалымдар делелдепті» деген ақпараттар мен сол түнгі айдың фотосы әлем-желімізді басып қалды. Температурамның 36,6-дан аттап кетуіне байланысты сол түнгі айды фейсбуктан ғана тамашалауыма тура келді. Оның үстіне, ести сала далаға атып шығып мәәә дейтіндей романтик те емеспіз, қазір. Сәл күтсем өзі де тереземнің тұсынан өтер деп күтіп жатқан күйі ұйықтап кетіппін. Содан түннің бір уағында оянып кетіп, терезеге қарасам... Өзі де жәймендеп өтіп бара жатыр екен. Сырт еткізіп түсіріп алдым. Әдемі кадр болды. Фотоны үлкейтіп қарасаңыздар, көресіздер. Ай, есіктің алдындағы жас талдың бұтақтарының арасынан сығалап тұр екен. Кідімгі ай. Отыз пайызға анық көрінген дәнеңесі жоқ. Алматының айғыз аспанымен аяңдай бас…

0
1
729

Сурет салғым келеді

Әр бөлменің терезесіндегі оюлар өзінше әдемі болатын. Бір-біріне ұқсамайтын, һәм қайталанбайтын сұлулық еді. Қазір бұрынғыдай аяз жоқ па, әлде үйлер жылы ма, білмеймін, тереземізге қырау тұрмайтын болған. Баяғы балалық шағымыздағы, ауылдағы үйдің терезесіне тұнған сұлулықты көрмегелі қай заман. Әлде көзіміз сұлулықты көруден қалып бара ма? Білмеймін. Бір білерім сол ауылдағы үйдің терезесіне тұнған сұлулықты сағынып жүрмін. Көз алмай қарап отыратынмын. Таңғалатынмын, тамсанатынмын, сүйсінетінмін. Сол сұлулықты көзіммен жадыма көшіретінмін. Соның әсерінен жаным да сұлуланып, нұрланып кеткендей көрінетін. Сол сұп-сұлу жаныммен сурет салғым келетін. Неше рет сынып, неше рет ұшталып, ақырында қысқарып кеткен қарындашты қолыма алатынмын. Бірақ, менің салған суретім сурет болмайтын. Жанымдағы ә…

0
0
2131

Банальный бақыт

Банальный сюжет деп жатады. Осы бір сөз киноға қатысты айтылғанда сүйкімсіз болғанымен, адам өміріне келгенде осыдан қолайлысы жоқ. Адам өмірін кино деп қарайықшы. Драма, мелодрама, бовик, детектив (криминал) деп кете береді. Тұтас өмірің драма. Бозбала шағың мелодрама. Бовик пен детективтен Алла өзі сақтасын. Экшнға әркімнің арты шыдай бермейді. Меніңше банальный өмір дегеніңіз бақытты өмір. Банальныйдың бір мағынасы таптаурын. Ал, енді таптаурын дегеніңіз бақыттылардың өмірі. Ол қалай сонда? Банальный тағдыр кешіп келе жатқан отбасында туып-өсіп, банальный өмір жолыңды бастап, қалаға келесің. Жатақханадан оқу корпусына қарай бет алып, темекі шегіп келе жатасың. (Темекі шегудің өзі банально. Әйтпесе неге шөп шекпеске?) Сол кезде алдыңнан бір қыз шығады. Кітапханадан келе жатыр екен. Қолы…

0
0
564

Сүйкімсіз (2)

Анау күні бір досым: - Мә, үйде сүйкімім қалмады. Қасықтап жиған сүйкімімді кәриталап шашып алдым,-дейді. - Ондай сүйкімім болса, шашпай-төкпей жүрер едім,-дедім. Бір шайтан дүниеге жаңа келген баласына табиғатты таныстырып отыр екен дейді. - Анау жайылып жүрген жылқы, оның арғы жағындағы сиыр. Мына бір жүрген күшік. Ал, анау жыбырлаған құрт,-деп айтып отырған ғой. Баласы адамды көрсетіп: - Ал, анау екі аяқты ше?-деп сұрапты. Сол кезде үлкен шайтан шошып кетіп: - Балам оларға жолама, олар адам емес, әкең. Түнімен арақ ішеді, бір-бірімен төбелеседі, жағаларын жыртады. Ертесі күні кешірім сұрағанда Шайтан азғырды деп бәрін бізге жаба салады деген екен. Сол айтпақшы, шайтан ғана сүйкімсіз болсын. Жоғарыда айтқанымдай сүйкім ілуде біреуге болмаса, адам баласына мәңгі тұрақтап қалмайды. Ол мұз…

1
0
275

Сүйкімсіз (1)

Сүйкім деген нәрсе бар. Жаратқан иеміз күллі жаратылысқа сүйкім берген. Дүниеге әр пенде сүйкіммен келеді. Адам түгілі жануарлар да сүйкіммен туылады. Биенің құлыны, мысықтың марғауы, иттің күшігін былай қойғанда, ең сүйкімсіз есектің қодығы да сүйкіммен туылады. Ал, енді осы сүйкімді сақтап қалу қиынның қиыны. Бота байғұстың сүйкімін өркеш кетіреді. Адамға оралайық. Кейбір қыздар бар сұлу десең сұлу, әдемі десең әдемі. Бірақ, неге екені сүйкім жоқ. Бір қыздар болады, өздері омпи-томпи, солпи-болпи. Бірақ, сүйкімді. Ол сүйкімді дүниәның сұлулығына айырбастауға болмайды. Соған қарағанда сұлулықта жан болмайды. Ал, сүйкімде жан бар сияқты. Біреулердің сүйкімі жүзінде жасырын жатады. Жымиғанда жылт етіп көрінеді де, қайтадан жасырынып қалады. Енді біреулердің сүйкімі бетіндегі сүт шұңқырына…

1
0
987

Модаға ода

Қатар-қатар «тапқан» қыз, Тапқандарын баққан қыз. Жетісайда туылып, Жетісуға жаққан қыз. Құрақ болып жайқалып, Бұлақ болып аққан қыз. Алатаудан Арқаға Қоныстанып жатқан қыз. Патырлатып тіккізіп, Сатырлатып сатқан қыз. Бір «Орамал» мөлдіреп, Бір орамал желбіреп, Пайдасына батқан қыз. Албандарға ақ таң қыз, Мақтаралға мақтан қыз. Нарынқолша айтқанда, Айтары жоқ, қатқан қыз. Ол кім десең, жауабы: Орамалын таққан қыз.

Ақпарат көзі

0
0
194

Жарықпұл

«Біздің үйдің шамы бірақ, Бәрінен де кеш сөнетін». (Қ.Сарин)

Кітап мені қарық қылды, Ақын болдым төкпелейтін. Жан дүниемді жарық қылды, Белгілі боп көпке кейпім.

Есіме алсам зарық күнді, Анам кейде өкпелейтін. Ай соңында жарықпұлды, Өзгелерден көп төлейтін...

Бастан солай көктем өткен, Ал, бүгінім жазым шығар. Жарықпұлды көп төлеткен, Ақындар мен жазушылар.

Алла берген маған арды, Одан өзге жоқ бағалым. Қазір мен де гонорарды, Өзгелерден көп табамын.

Бәрі, бәрі бала күнгі, Жемісі ғой оқығанның. Алып ылғи саналы үлгі, Ой, зердеме тоқығанмын.

Жеттім мен де көздегенге, Дауысымды өктем етіп. Жүрмін мен де өзгелерге, Жарықпұлды көп төлетіп.

Ақпарат көзі

0
0
216