Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Сүйкімсіз (2)

Анау күні бір досым: - Мә, үйде сүйкімім қалмады. Қасықтап жиған сүйкімімді кәриталап шашып алдым,-дейді. - Ондай сүйкімім болса, шашпай-төкпей жүрер едім,-дедім. Бір шайтан дүниеге жаңа келген баласына табиғатты таныстырып отыр екен дейді. - Анау жайылып жүрген жылқы, оның арғы жағындағы сиыр. Мына бір жүрген күшік. Ал, анау жыбырлаған құрт,-деп айтып отырған ғой. Баласы адамды көрсетіп: - Ал, анау екі аяқты ше?-деп сұрапты. Сол кезде үлкен шайтан шошып кетіп: - Балам оларға жолама, олар адам емес, әкең. Түнімен арақ ішеді, бір-бірімен төбелеседі, жағаларын жыртады. Ертесі күні кешірім сұрағанда Шайтан азғырды деп бәрін бізге жаба салады деген екен. Сол айтпақшы, шайтан ғана сүйкімсіз болсын. Жоғарыда айтқанымдай сүйкім ілуде біреуге болмаса, адам баласына мәңгі тұрақтап қалмайды. Ол мұз сияқты. Уақыты келгенде бірте-бірте еріп кетеді. Сүйкімді болмасақ та сүйкімсіз болмайық.

Ақпарат көзі

1
0
273

Осы тақырып бойынша

Сүйкімсіз (2) - Yvision.kz