Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

ШЫН СОРЛЫ

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,Қар борап соққан желмен қылып егес.Кедейлер үсіп-тоңып, дір қалтырар,Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.Түн болып, қара тонын киіп еді,Қатты жел барлық күшін жиып еді.Ақтарып астын үст қып, гулеп соғып,Дөңдегі қарды ойға үйіп еді.Дүрілдеп сұп-суық жел соққан шақта,Қар борап, үй айнала тыққан шақта,Шыдамай жан-жануар жел өтіне,Бүкшиіп теріс қарап ыққан шақта,Балтабай Оразкенді шаштан ұстап,Нығарлап әр түкпірге сүйреп тастап,Құт ұшырар естілген қатты дауыс:«Анаң, енең!.. Шық үйден! Жолыңды тап!»Бейшара Оразкеннің түсі қашқан,Жылауға, қозғалуға есі адасқан.«Аяғым ауыр, қой деймін!» – деп айтқанда,Дүр қамшы ойнап кеткен қайран бастан.Балтабай бір қолымен есік ашты,Тепкен соң, сорлы Оразкен далаға асты.«Кірме, өл далада, иттің баласы!» – деп,Бекітіп, іште тұрып…

0
0
550

Келбет

біздің жыл санауымызда ғасырлар ауысып, соның соңын ала бере КазГУ-де ректор ауысып, Нәрібаев кетіп, Қожамқұлов келіп, абыр-сабыр болып жатқанда Назира Бердалы деген ақын қыз мынадай өлең жазып еді. «Той болып жатыр, аққайнар бусатып буды. Күн сәл де болса ақ қарды жұмсартып тұрды. Өзі де күйеу болардай сүйкімді жігіт Неке сарайы алдында...гүл сатып тұрды». Өлең де жақсы, ақын да әдемі. Мәселе онда емес. Біз бұл жерде өлең туралы да, ақын қыз туралы да айтпақ емеспіз. Жәй, интернетті қарап отырып, мына суретке көзім түсіп кетті. Суретке көзім түскені сол еді, Назираның өлеңі есіме түсті. «Өзі де күйеу боларлық сүйкімді жігіт, Неке сарайы алдында гүл сатып тұрды». Мына қызды айтам да. Өзі де сурет емес пе. Иә, Құдайдың салған суреті. Онда неге ғана сурет салып отыр? Ол неге әуре болады? Қы…

0
0
528

Кет-ей, гугл

Мен басқа нәрсе сұрасам, басқа нәрсе айтып қуып отыр. Мен одан шын байлық сұрадым. Ел қатарлы өмір сүрейін деп. Ол маған философия айтып, ақпарат беріп қарап тұр. - Окей, гугл, бақыт керек бір керім. - «Бақыт деген бірде шаттық, бірде мұң». - Окей, гугл, бітпес байлық іздеп ем. - Төле бабаң «еритұғын мұз» деген. - Окей, гугл, достық деген немене? - «Достық плаза». Тездеп жеткің келе ме? - Окей, гугл, мен адалмын Отанға. - "Нұр Отанға" мүше болсын ботаң да. - Окей, гугл, қандай біздің болашақ? - «Болашақ» ол білімдіге жол ашад. - Окей, гугл, тойдыра ма қанағат? - Вы хотели мм написать «Қағанат». - Окей, гугл, ...қайтарамын тамызда. - Қазір ақша табу қиын қарызға. - Кет-ей, гугл, беретұғын түгің жоқ. - Ей, менің де ерігетін жыным жоқ.

0
0
461

He деген керемет күн

Жаныда бәрі даяр не керектің:

Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,

Естіледі ұшқаны көбелектің.

He деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Дала бір рахатта,

Дел-сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан,

Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күңнің алтын табағынан.

Сусындап көк аспанның шанатынан,

Шарықтап шыңырауда ана-қыран;

Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,

Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.

He деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби-дүние.

Келеді өміріңді бере кеткің...

0
0
763

ЖАТЫР

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр. Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр. Таласып өнер-білім алып жатыр, Күнбе-күн алға қарай барып жатыр. От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп, Тәңірінің рақметіне қанып жатыр. Ойламай біздің қазақ текке жатыр, Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, Қазекең таң қаларлық кепте жатыр. Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр, Бар малын болыстыққа сарқып жатыр. Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс – Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр. Кең жері күннен-күнге құрып жатыр, Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр. Астана, жұрт билеген адамдарды Тәңірі күннен-күнге ұрып жатыр. Біреулер оқып төре болып жатыр, Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр. Ұмытып өзін-өзі бұл сабазың, Жұртына қарсы таяқ…

0
0
992

ҚАРАҒЫМ

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме. Оқымай, ойын қуған балаларға Жолама, шақырса да қасына ерме! Кідірме, аялдама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз, қолың серме. «Қарманған қарап қалмас» деген рас, Тоқтамай істер болсаң батып терге. Жасынан оқу оқып, өнер қуған Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге... Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен Ерте өлген, көмілулі қара жерге. Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру Жас өспірім үмітті ерте бұзады. Тер ағызып, өліп-талып табылған Ата дәулет быт-шыт болып тозады.

1
0
1136

О-о-о-о-о, да-а-а-а

Ерлері пана болған елге тоңған, Кегеннің сол беті Албан, оң беті Албан. Сол жерде туып-өскен бір жігіт бар, «Аққудың көз жасындай көлге тамған».Түскенде аламанға алқынбаған, Жаны бар, мінезі бар жарқылдаған. Өзгенің жағдайы үшін жаны ауырып, «Айналып алты қаздай қаңқылдаған»Ол өзі өнердегі элеватор, Өмірде ер мінезді жеке батыр. «Дариға дәуреніне» «Арман» айтып, «Сәулелі ғұмыр» кешіп келе жатыр.Болғасын күміс көмей айбатты ері, Бұлбұлдай бақшадағы сайратты елі. Тегінен безгендерге бұл ағамыз, Бар болғаны «ҚР-ның қайраткері».Бағасын әз халқының өзі берсін, Бұйыртса, сен де ағаңмен кезігерсің. Салғанда «Сары бидайды» Сәдіқожа, «Қоштасса» Қапезіңнің өзі дерсің.Білмеймін күдік кімде, үміт кімде? Кездесіп жүрсек екен күліп күнде. Айлардың ғана емес Рамазан, Сұлтаны екен, шіркін, жігіттің де.Ақ…

0
0
251

Қайран, ауыл (3.05.2017)

Бейіт басына барғанда жаным ауырды. Осыдан жиырма жыл бұрын, біздің бала кезімізде көрші тұрған әкелеріміз бен шешелеріміз ол жақта да қоңсы қоныпты. Құлпытастарына қарап, әрқайыссының өмірі көз алдымнан өтті. Жандары жайсаң жарқын жандар қатар-қатар жай тауыпты. Араларында отызда опат болғандар да, қырқында қыршынынан қиылғандар да, елуде ерінен ауғандар да, алпысында ажал атына аяқ артқандар да бар. Бейіт басынан шығып ауылға келдім. Оқушылар сабақтан тарап жатқан уақыт екен. Кілең үпір-шүпір балалар. Ең болмаса бірін танысам етті. Елу жылда ел жаңа деген осы ма? Досымның үйіне кіріп барып едім, сол үйдің ойнап жүрген қызы шешесіне тұра жүгіріпті. - Мама, мама, біздің үйге Бейбіт Сарыбай келді ғой,-депті. Суретке түскісі келетінін жұмсақтап жеткізді. Айналайындар-ау, суретке түспейтінде…

0
0
399

Безпонтовый понт емес

Сол сияқты мен «өнбес дау» соғысына қатысып, «жалған намысты қорғау» үшін, фейсбуктың майдан даласында көзімнің зрениесін беріппін ғой... Көзімнің көрмейтінін театрға барғанда байқадым. Әртістерді сұлбасынан, Бейбіт Қамарановты даусынан танып отырдым. Бір кезде жанымда отырған Банудың көзілдірігін киіп көрдім. Мәссаған. Дүние не деген жап-жарық. Бағанағы сұлбасынан танып отырған әртістерімнің әр мимикасын тамашалап кеткенсің ғой. Қабақ шытқанын, жымиғанын, ойланғанын, тұнжырағанын. Сыртқа шыққасын көлік жүргізгенде де кидім. Жап-жарық. Көзілдірікті шешіп қалсам, анау жерде кетіп бара жатқан көліктің нөмірі көрінбей қалады. Кисем жарқырап көрінеді. Әріпті енді танып болған бала әрдеңені оқи береді емес пе. Тура сол сияқты болдым. Жиһаздар, Одежды из Европы, диваны, креслы, и.т.д. Алыста ке…

0
0
275

Жол кыскарту

Соңғы жолы мiнгенiмде ең соңғы вагонға мiнгенмiн. Жолсерiгiмiз жақсы шопыр болып шықты. Алматыдан соңы болып қозғалған вагонымыз жол бойы алдығыларын оза-моза Астанаға бiрiншi болып кiрiп барып едi. Сабаз-ай. Ердiң ерi екен деп едiм. Ал бұл жолы керiсiнше болды. Алматыдан шыққанда аламанның алдын бермейтiн арғымақтай арындап берген бiрiншi вагоным Шудан өте бере бәрiнен қалып кеттi... Алда жарылқағыр-ай, қазiрше қалып кетпей, iлесiп-ақ келедi. Жалғызаяқ жолда бiрiнен бiрi қалай озады екен деймiн да. Табиғатта тылсым көп дейсiң осындайда, не по теме. Шынында қалай озады? Пооводниктен сұрасам, Шу станцасында локомотив ауысады дейдi. Оңтүстен солтүстiкке бет алған пойыз дәл сол станцада отарбасын ауыстырып, қайтадан, солтүстiктен оңтүстәкке қарай жүредi екен. Ее, Керуен керi айналғанда, ақса…

0
0
1196