Перейти к содержимому
Anuarbek

Мұқағали Мақатаев шығармашылығы

@Anuarbek

На сайте с 24 января 2018 г.

Қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

рейтинг

100

постов

30

комменты

0

подписчиков

5

подписок

0

Адалмын деп, араммын деп айта алман

Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.

Арамдықтын, кемесінде шайқалған,

Тектек болған тайыншадай ділгірдім.

Адалсың деп көңілімді көпсітпе,

Адалдықты ала келгем анамнан.

Арамсың деп өмірімді өксітпе,

Жұмыр басты пенде болып жаралғам...

Адалдығым, арамдығым байқалған,

Жырым менің - сырым менің - шар айна.

Адалмын деп, араммын деп айта алман,

Сен сұрама, жарай ма?

0
0
498

Автограф

Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?...

Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда,

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе,

Байқар едің,

Артықпын ба, кеммін бе?..

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да - осы,

Жырым да - осы,

Алдыңда?

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

- Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты -

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

0
0
386

Абысындар

Бірінің жары өлген де,

Бірінің жары хабарсыз.

Сұрапыл басқа төнгенде,

Кетіпті қара қағазсыз.

(Ажалға берген шығыны)

Бір аяқ, бір қол жоғалған.

Кеудеде тірі шыбыны,

Бірінің жары оралған.

Жалғанда тірлік, тұрмысың

Бірінің жары дін аман.

Көргенде жесір құрбысын,

Жесірден бетер жылаған.

Бірінің сыры біріне

Белгілі, бәрі тым қанық.

Өткізген жастық күніне,

Күніне қайтар бір барып.

Сырларын бүгіп ішіне,

Сыр мінез, тату абысын,

Сездірмей тірі кісіге,

Сақтап жүр әйел намысын...

0
0
549

Heгe жыламасын?!

Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам. Жылап жатыр. Өбісуде еріндер, Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер. Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, Жылап жатыр үйге енбеген келіндер. Боздақтарын аттандырған шақтарда, Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да. ...Бір орманның бір түп өндір шыбығын Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба. - Ал енді сен азаматсың! - деп маған, Арбасына отырды да кетті ағам. Тағы да бір қайрылмас па екен деп, Тозаңдатқан қара жолды бетке алам. Қайрылмады. Олар ұзап барады. Ән естілді. Әлдиледі даланы. Қарап тұрмын. Құйын болып ағады Қара жолмен Көршіміздің Жанары. (Талай рет хат апарып бергем-ді) Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді. Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді, Қайсар қыздың қылығына ел көнді. Қайр…

0
0
572

He деген керемет күн

Жаныда бәрі даяр не керектің:

Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,

Естіледі ұшқаны көбелектің.

He деген керемет күн!

Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Дала бір рахатта,

Дел-сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан,

Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ

Шашырап күңнің алтын табағынан.

Сусындап көк аспанның шанатынан,

Шарықтап шыңырауда ана-қыран;

Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,

Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.

He деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби-дүние.

Келеді өміріңді бере кеткің...

0
0
739

Егер де айта алмасам айтарымды

Алжыдым,ақылымды сайтан ұрды.

Қынына қылышымды салам онда,

Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.

Егер де айтып кетсем айтарымды,

Ақылым арнасына қайта кірді.

Қынынан қылышымды алам онда

Қағамын албастымды, сайтаныңды!

Бітті серт, кегім менің қайтарылды!

...Ырқыңа сенің деген көнігі келдім,

Енді сен ерік бергін, ерік бергін!

Сөзден өлген атамды тірілтпесем,

Қос мені қатарына өліктердің.

Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,

Өнердің кереметін сөзбен өрген.

Мен тынбаймын солардың кегін алмай,

Сен мені салыстырма өзгелермен!

Қалай да айтарымды айтып өлем,

Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?

Тәңірім мені қоңсы қондырмағай,

Тіл білмес дуанамен. шайлыменен.

0
0
357