Сары аптобыз (2)
Дәмі тіл үйіреді. Ербол жемеді. Ішім ауырып жүрер деп қауіптенді ме, әлде ақыр жылына бір жегесін піскен алма жейін деді ме екен: - пісіріп бірақ жеймін,-деді. Оны қайтіп пісірмек болды дейсіз ғой. Биік теректің басына өрмелеп шықты да қолындағы алманы кендір жіппен күн жақсы түсетін бір бұтағына байлап қойды. Алма піссе теректе тұрып піседі да енді. Піскенге дейін күтемін деді. Бізге қатаң ескертті. - Сендерден басқа ешкім көрген жоқ, осыдан алма жоғалса екеуің жауап бересің,-деді. Біз келісім бердік. Оның үстіне ол құсап теректің ұшар басына шығатындай батырлығымыз да жоқ. Үш-төрт күнде, ұзаса он күнде пісіп қалар дедік. Бірақ оған дейін шыдау деген сұмдық қой. Ақыр соңы не болды деңіз. Он күн қайтіп шыдар екен деп Ерболдың төзіміне бола бас ауыртқанымыз бекер екен. Ертесі күні-ақ тағды…