Перейти к содержимому
Обложка сообщества QazAgym

Жол кыскарту

Соңғы жолы мiнгенiмде ең соңғы вагонға мiнгенмiн. Жолсерiгiмiз жақсы шопыр болып шықты. Алматыдан соңы болып қозғалған вагонымыз жол бойы алдығыларын оза-моза Астанаға бiрiншi болып кiрiп барып едi. Сабаз-ай. Ердiң ерi екен деп едiм. Ал бұл жолы керiсiнше болды. Алматыдан шыққанда аламанның алдын бермейтiн арғымақтай арындап берген бiрiншi вагоным Шудан өте бере бәрiнен қалып кеттi... Алда жарылқағыр-ай, қазiрше қалып кетпей, iлесiп-ақ келедi. Жалғызаяқ жолда бiрiнен бiрi қалай озады екен деймiн да. Табиғатта тылсым көп дейсiң осындайда, не по теме. Шынында қалай озады? Пооводниктен сұрасам, Шу станцасында локомотив ауысады дейдi. Оңтүстен солтүстiкке бет алған пойыз дәл сол станцада отарбасын ауыстырып, қайтадан, солтүстiктен оңтүстәкке қарай жүредi екен. Ее, Керуен керi айналғанда, ақсақ түйе алға шығады" десейшi дедiм. Мұнар ата, мен Астанаға бара жатырмын.

Ақпарат көзі

0
0
1188

Еще по теме