Перейти к содержимому
aydyn

Мағжан Жұмабай шығармашылығы

@aydyn

На сайте с 23 января 2018 г.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын өкілі.

рейтинг

100

постов

12

комменты

0

подписчика

4

подписки

4

ЖАС КЕЛІН

Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал-шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін. Алғанға қабақ шытпаса, Сонда болар бас келін. Жаңа түскен келіншек Болмайды тіпті еріншек. Құдайдың берген тоқтығы – Ас болады ірімшік. Жас келіншек – тоқ қонақ, Болмайды тіпті сұғанақ. Арып-талып жүрсе де, Ойлайтыны жақсы атақ. Бұрқыраған дауылда, Сабап құйған жауында, Ләм деп бір сөз шығармай, Жас келін жүрер сауында. Бірін-бірі іздескен, Қараңғыда көздескен, «Басым жерге кіргенше, Жаным – сен!» деп сөздескен.

Жас келіннің күйеуі –

Мұңын ашар сүйеуі.

0
0
1412

ЖАЗҒЫ ТАҢ

Жып-жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу. Саф күмістей жалтырап Тыныш жатқан тұнық су. Көкке тиген биік тау Құшақтасқан тұманмен, Қосылысып есен-сау, Бал алысқан құмармен. Ақырын ескен жылы жел Маужыратып, тербетіп, Таң атсын деп жайнап гүл – Өсіп балам ер жетіп. Шырылдап торғай аспанда, Бытпылдығы ән қосып, Шала-жансар жатқанда Табиғатқа жан қосып, Таң алдында жалбарып, Тәңіріге құлдық қылғаны, Ісіне оның таңданып, Көңілі хаққа сынғаны. Міне, алтын таң атты Күншығыстан ағарып. Көтеріп зұлмат қанатты, Жер де кетті жаңарып.

Таң, Күн деген – жер жаны,

Бұл екеуінсіз жоқ сәні.

Оқу-білім – ер жаны,

Жараспас ерге құр жаны.

0
0
1210

ЛӘЗЗАТ ҚАЙДА

Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн-түні Қайдасың ләззат, рақат деп, Таппады сал боп еш мұны. Ойында ма бос өткен? Қайғыланған ойда ма? Жүйрік тазы, сұлу мен, Қызойнақ иә тойда ма?

Байлықта ма, беклікте Бетіне шірігі шықпаған: Ас, ат беріп, жұрт аузын Алып, оған ықтаған? Ләззатты іздеп, көңілім Аласұрған шарқ ұрып. Біреуін де осы деп, Қалмай жүрген бір торып. Баяулады жалғыз-ақ, Мінеки деп тұрақтап. Ләззаттанып сөзіне, Қолына кітап, Құранды ап. Айтар сөзім ендігі Аласұрған көңілге: Оқу оқы, өнер қу, Басқалардан түңіл де! Жұрттың қамын көп ойла, Уайым-қайғы жеп ойла! Артта қалған сорлы жұрт Алға бассын деп ойла.

0
0
777

ШЫН СОРЛЫ

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,Қар борап соққан желмен қылып егес.Кедейлер үсіп-тоңып, дір қалтырар,Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.Түн болып, қара тонын киіп еді,Қатты жел барлық күшін жиып еді.Ақтарып астын үст қып, гулеп соғып,Дөңдегі қарды ойға үйіп еді.Дүрілдеп сұп-суық жел соққан шақта,Қар борап, үй айнала тыққан шақта,Шыдамай жан-жануар жел өтіне,Бүкшиіп теріс қарап ыққан шақта,Балтабай Оразкенді шаштан ұстап,Нығарлап әр түкпірге сүйреп тастап,Құт ұшырар естілген қатты дауыс:«Анаң, енең!.. Шық үйден! Жолыңды тап!»Бейшара Оразкеннің түсі қашқан,Жылауға, қозғалуға есі адасқан.«Аяғым ауыр, қой деймін!» – деп айтқанда,Дүр қамшы ойнап кеткен қайран бастан.Балтабай бір қолымен есік ашты,Тепкен соң, сорлы Оразкен далаға асты.«Кірме, өл далада, иттің баласы!» – деп,Бекітіп, іште тұрып…

0
0
531

ЖАТЫР

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр. Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр. Таласып өнер-білім алып жатыр, Күнбе-күн алға қарай барып жатыр. От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп, Тәңірінің рақметіне қанып жатыр. Ойламай біздің қазақ текке жатыр, Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, Қазекең таң қаларлық кепте жатыр. Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр, Бар малын болыстыққа сарқып жатыр. Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс – Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр. Кең жері күннен-күнге құрып жатыр, Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр. Астана, жұрт билеген адамдарды Тәңірі күннен-күнге ұрып жатыр. Біреулер оқып төре болып жатыр, Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр. Ұмытып өзін-өзі бұл сабазың, Жұртына қарсы таяқ…

0
0
967

ҚАРАҒЫМ

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме. Оқымай, ойын қуған балаларға Жолама, шақырса да қасына ерме! Кідірме, аялдама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз, қолың серме. «Қарманған қарап қалмас» деген рас, Тоқтамай істер болсаң батып терге. Жасынан оқу оқып, өнер қуған Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге... Білімсіз, құр қалтақтап жүргенменен Ерте өлген, көмілулі қара жерге. Жастық, байлық, қол қусырып бос жүру Жас өспірім үмітті ерте бұзады. Тер ағызып, өліп-талып табылған Ата дәулет быт-шыт болып тозады.

1
0
1107

Ана

Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап. Бесікте бөбек ауру, Тербетіп отыр анасы. Үнсіз, меңіреу ұзын түн, Жел азынап тұр есіктен. Шөкиіп ана отыр, Жүрегіне біреу біз Сұғып алып кеткендей. Үнсіз, меңіреу ұзын түн Шөккен қара бір нардай. Сарғайып, ана сарылып, Демігіп, қызып, қысылып, Ауық-ауық, селк етед, Әлденеден шошьшып. Селк етсе бөбек, ананың Өзіне ажал жеткендей. Шөкиіп отыр дем алмай... Таң алдында қара бұлт Күңіреніп көкті жабады. Бөбегінің бетіне Ананың жасы тамады.

0
0
430