Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

Пырагырамма

Мәдениет бөлімі бастап, білім бөлімі қостап, ішкі саясат бөлімі бір қарап, аудан әкімі бекітіп беретін бағдарлама ғой, кәдімгі. 09:00 Қонақтарды қарсы алу. 10:00 Тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелі конференция. 11:00 Өнер шеберлерінің концерті. 12:00 Түскі ас. 14:00 Ұлттық ойындар, ат спорты, бәйге, көкпар, қыз қууу. 17:00 Қонақтарды шығарып салу. Осыны деймін да, әңгімені көбейтпей, қысқаша былай жасай салса кәйтеді? 09:00 Қонақтарды қарсы алу. 10:00 Бата сұрап, мал шалу. 11:00 Алты алашқа жар салу. 12:00 Өлең айтып, ән салу. 13:00 Тәтті асқа тамсану. 15:00 Атқа мініп, қамшы алу. 17:00 Алдап-сулап шығарып салу. 19:00 Өзіміз қап ылаң салу.

Ақпарат көзі

0
0
206

Данышпан жездем

- Қазақта одан көп,-дедім. Өйткені тіліміз бай емес пе? Енді соны дәлелдеу керек болып тұр. Аз ғана уақыт ішінде отыздан асырып жібердім. Сіздер жалғап, жетпіске жеткізейік. Бұларға еще анандай достық, адалдық, махаббат деген сияқты сезімдер қосылса. Сонымен... Сүйіну, сүйсіну, тамсану, таңқалу, рахаттану, қуану, шаттану, мақтану, масаттану, күйіну, ренжу, өкпелеу, қамығу, жалығу, зарығу, тарығу, қайғыру, қорыну, қану, аңсау, шаршау, құлазу, жек көру, кектену, жауығу, қанағаттану, ұялу, намыстану, шөлдеу, аяу, мейірлену, ...

Ақпарат көзі

0
0
379

Жел тербеген...

Осы бір жарық жалғанда бала махаббатты, мөлдір сезімді бастан кешпеген адам бар да шығар, жоқ та шығар. Кесіп айту қиын. Бір анығы, таңғы шықтай сол бір мөлдір сезім бізді айналып өтпеген екен. Ол сезімнің әлегі жайлы әңгімені «Қара ағаш» деген дүниемізде жазған едім. Көрші ауылдың қызы екеуміздің арамыздағы сол бір үш-төрт күнгі тәтті кездесудің соңы үш-төрт жылдық сартап сағынышқа ұласқан. Мұң дегенді сезіндірген сол бір сезім кейін келе бірте-бірте талмаусырап барып, ақырында өшіп тынған. «Қара ағашты» оқыған адамдар біледі, әңгімеде жазғанымыздай сол қара ағашты иесі кесіп тастайтын. Соңында томары ғана қалғанын айтатынмын. Құдайдың құдіреті-ай десеңші, сол томардан, томардың тамырынан шыбық өнсе керек. Сол шыбық бұл күнде саялы бәйтерекке айналып үлгеріпті. Екінші фотоға назар аударс…

0
0
1587

Мал мол

түтіндететін біздің ауылға, күндердің бір күнінде, мына бір қызыл қорабы көздің жауын алған темекі кіріп келді. Ауылдың есігін теуіп ашты деуге болады. Кірген бетте орталықтағы дүкеннің сөресінен орын алды. "Магнаның" оң жақ шетінен. Аты - Соверейгн екен. Сыртында жазылып тұр. Сөйтіп жігіт біткен соверейгн деп атап жүрді. Кейін келе қаладан келген студенттердің аузынан "Соверен" дегенді естідік. Е-е-е, Жақсылықты Жәшөк деген сияқты еркелетіп жүрген шығар дедік те қойдық. Сөйтсек, ешқандай да соверейгн емес екен. Со-ве-рен екен. Алай жазылғанымен, бұлай оқылады екен. Бұны бір деп қойыңыз. Сall-центр дегеніңізді мен кал центр екен деп жүргенмін. Ауыра қалсаң "анализ-панализ" өткізетін жер шығар дейтінмін... Сөйтсем кол центр екен. Егер бір л жазылса а әріпі а болып, екі л жазылса а о болып…

0
0
389

Ало-о-о (18.09.2017)

Содан сразу Арекеңе ызбандадым ғой, мен. Біздің спортмин ше. Ана Илья чемпион болғандағыдай бірден трубканы апарып бере қойсын деп ем ғо. Сөйтсем ол бармаған екен. Уахахаха. Е, бұл олимпиада ойындары емес екен ғой. Ол Олимпиада ойындарына ғана барады екен ғой. Қайдан білейін, қайдан білейін. Гена кеше сені Алла қолдады. Айтпақшы, Алла демекші, сен мұсылман дінін қашан қабылдайсың? Айдаладағы Мұхамед Али де, Майк Тайсон да қабылдады ғой. Оған қарағанда қазақтардың ортасында өстің ғой. Қазірше қоя тұрайын дейсің бе? Родной, родной, қойсаң қоя тұр. Өйткені өзіміз де бірнеше мәсхабқа бөлініп, бір шешімге алмай жатырмыз. Дорогой, сен Қазақстанға келме. Келсең, қазаққа ортақ тұлға болмай қаласың. Осында бір браттар бар. Чемпион біткенді бауырына басып алады да, шығармай қояды. Сосын солардың ға…

0
0
259

Wo shi shei

Сол әдеттіммен бастасам, ауылдағы кез келген бір адам біреуге ұнамсасыз пікір білдірсе, қарсы тараптың жауабы біреу-ақ еді ғой. «Өзің жетісіп тұрсың ба?!». Осы сөз маған арналған. Жұртты сынағанда бәледеймін, ал, өзім кіммін? Ешкім де емеспін-ау. Осы мен өзім жетісіп тұрмын ба? Жоқ. Соңғы жылдары тым «тамадаланып» бара жатқанымды сездім. Тамадалық деген де жақсы. «Оң қанаттағы бірінші, екінші дастарханға қызымызға үкі тағып, сырға салып келіп жатқан жаңа құдалаларымыз жайғассын»,- деп бастап, «қуанышымызды бөлісіп келген барша ағайынға той иелерінің атынан алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,- деп аяқтай саласың да, ақшаңды алып кете бересің. Бұл өте жақсы. Тіршілігіңе де, басқаңа да. Тым байып кетпесең де жетім құлын секілді көшке ілесіп жүре бересің. Енді осының зиян жағы бар. Қолынан тамадал…

0
0
374

Ана

Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап. Бесікте бөбек ауру, Тербетіп отыр анасы. Үнсіз, меңіреу ұзын түн, Жел азынап тұр есіктен. Шөкиіп ана отыр, Жүрегіне біреу біз Сұғып алып кеткендей. Үнсіз, меңіреу ұзын түн Шөккен қара бір нардай. Сарғайып, ана сарылып, Демігіп, қызып, қысылып, Ауық-ауық, селк етед, Әлденеден шошьшып. Селк етсе бөбек, ананың Өзіне ажал жеткендей. Шөкиіп отыр дем алмай... Таң алдында қара бұлт Күңіреніп көкті жабады. Бөбегінің бетіне Ананың жасы тамады.

0
0
457

Атымтай Жомарт

Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.Жомарт айтты дейдi:– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады ек…

0
0
823

Африка туралы 17 миф

Төменде Африка туралы ең таралған мифтер келтірілген. Миф 1: Африкада техникалық прогресс жоқМиф 2: Африка аптап ыстық, шөл далаМиф 3: Африкада тек қара нәсілділер өмір сүредіБіз Африкада қара нәсілді адамдар ғана өмір сүреді деп ойлаймыз. Шын мәнінде, континентте миллиардтан астам адам тұрады, мұнда әртүрлі нәсілді - көк-қарадан өте бозғылт реңді адамдар өмір сүреді. Осындай аралас нәсіл континенттің байырғы тұрғындарының әртүрлі реңктерінен және Европа мен Азия елдерінен келген көптеген иммигранттардан қалыптасқан.Миф 4: Африкада жабайы аңдар мекендейдіМиф 5: Африкада қылмыс деңгейі өте жоғарыМиф 6: Африкада мәдени мұра жоқМиф 7: Африка тұрғындары өте кедей Миф 8: Африкада қауіпті, жұқпалы аурулардың қайнар көзіМиф 9: Африкалықтар лашықтарда өмір сүредіМиф 10: Африкалықтар африкалық тіл…

1
0
1757

Әй, шап!!!

Бір-бірімен кісінесіп табысып, қасынысып тұратын қылқұйрықтар бауырын жазбағалы біраз болған. Басына жүген кимеген, сауырына қамшы тимеген, ащы тері алынбаған, құрық салынбаған кейбір жүйріктер табан шыға бастаған. Ал, қазекем арғымақ атта артық ет болмайды дейді. Бұлай болса бір жөн-ау, кейбірі тіпті өзінің тұлпар екенін ұмытып, тіршілік дейтін арбаның қамытын киіп үлгерген. Осынау мамыражай тірлік бір күні кілт бұзылды дерсің. Күзге салым, ел жайлаудан түскенде сары арқаның төсінде алты алашқа сауын айтылды. Бәге, бәйге, бәйге!!! Алтай мен Атыраудың ортасындағы ұланғайыр даланың төрт аяқтысы тұтас шапты дерсің. Бәрі де жүйрік. Көбісі кезінде, уағында, бірнеше жыл бұрын, қайбір бәйгеде оза шапқан. Өзін дәлелдеген. Жас тұлпарлар бастап берді, ә дегенде алға шықты. Әне, анау дегерездің қар…

0
0
527