Безпонтовый понт емес
Сол сияқты мен «өнбес дау» соғысына қатысып, «жалған намысты қорғау» үшін, фейсбуктың майдан даласында көзімнің зрениесін беріппін ғой... Көзімнің көрмейтінін театрға барғанда байқадым. Әртістерді сұлбасынан, Бейбіт Қамарановты даусынан танып отырдым. Бір кезде жанымда отырған Банудың көзілдірігін киіп көрдім. Мәссаған. Дүние не деген жап-жарық. Бағанағы сұлбасынан танып отырған әртістерімнің әр мимикасын тамашалап кеткенсің ғой. Қабақ шытқанын, жымиғанын, ойланғанын, тұнжырағанын. Сыртқа шыққасын көлік жүргізгенде де кидім. Жап-жарық. Көзілдірікті шешіп қалсам, анау жерде кетіп бара жатқан көліктің нөмірі көрінбей қалады. Кисем жарқырап көрінеді. Әріпті енді танып болған бала әрдеңені оқи береді емес пе. Тура сол сияқты болдым. Жиһаздар, Одежды из Европы, диваны, креслы, и.т.д. Алыста келе жатып әр көшенің аттарын оқисың. Әйтеке би, Төле би, Абылайхан. Не керек, көзім ашылды. Бірақ өз көзіңе өлшеніп жасалмағасын басты ауыртады екен. Содан не керек, бардым да жасаттым. Данышпанымның айтысына қарағанда, алғашқы кезде сындырып алу мүмкіндігі жоғары болады екен. Жоғалтып алуым да кәдік екен. Үйренгенге дейін арзан аправа таққан дұрыс деп шешті. Маған бәрібір, көзімді көрсетсе болды. Қазірше көлік жүргізгенде, теледидар қарағанда ғана киіп жүрмін. Ашки алғалы бері театрға бара қойған жоқпыз. Алда-жалда көзілдірікпен жүргенімді, отырғанымды, тұрғанымды көріп қалсаңыздар, пантабайтса етіп жүр екен деп қалмаңыздар. Көз кетіпті. Бұрын тақпағасын онша жараспайды екен. Сонда да тағуыма тура келеді. Өйткені мәжбүрмін.
Ақпарат көзі
