Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

Алматы Марафоны 2018

Алматы Марафоны – бұл жылсайынғы жүгіру жарысы және Орталық Азиядағы ең ауқымды спорт шарасы. Өткізілу күні: 22 сәуір 2018 жылы. Сөрелік жарна:Марафон (42км 195м): 5000 тенгеЖартылай марафон (21км 97.5м) 4000 тенгеСерікпен жүгіру (10км) 4000 тенгеСкандинав жүрісі (10км) 4000 тенгеБалалар жүгіруі (3км): 3000 тенгеҚашықтықтар:Марафон (42км 195м) 18 жастан үлкен қатысушыларға арналған; Жартылай марафон (21км 97.5м) 18 жастан үлкен қатысушыларға арналған; Серікпен жүгіру (10км) 15 жастан үлкен қатысушыларға арналған; Скандинав жүрісі (10км) 15 жастан үлкен қатысушыларға арналған; Балалар жүгіруі (3км) 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған; Корпоративтік эстафета Экиден (42км 195м) 16 жастан үлкен 6 қатысушыларға арналған. Басталу уақыты: 08:00 - Марафон (42км 195м) 08:05 - Экиден (42к…

2
0
1139

Үлкен жарылыс теориясы

***Мен керемет шағымданушымын. Егер шағымдану олимпиадалық спорт түрі болса, мен ол ақымақ ойын түрі деп, алтын алушы едім (Шелдон Купер).***- Жарайды, мен тырысып көрдім.- "Жарайды, мен тырысып көрдім" - сенің өмірбаяның үшін керемет тақырып (Шелдон Купер). ***- Маған сенің адамдармен ешқашан ұрыспайтының ұнайды!- Себебі адамдарды ұрыс сөздерін қолданбай-ақ қорлауға болады (Шелдон Купер). ***Менің жалғыздық қамалыма қош келдіңдер. Бұл жаққа өзімнің басқа жалғыздығымнан қашқанда келемін ( Оливер Лорвис). ***Контейнерлер дүкенінде не сатылмайтынын білесіңдер ме? Менің қалған көңілім (разочарование) сыятын ыдыс(Шелдон Купер).***- Шелдон, сенің біздің үйлену тойымызға сыйлық алғаныңа сене алар емепін!- Сенің не үшін таң қалып тұрғаныңды түсінбедім. Мен фильмдер қараймын ғой, және адамдардың…

3
0
2528

ЖАС КЕЛІН

Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал-шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін. Алғанға қабақ шытпаса, Сонда болар бас келін. Жаңа түскен келіншек Болмайды тіпті еріншек. Құдайдың берген тоқтығы – Ас болады ірімшік. Жас келіншек – тоқ қонақ, Болмайды тіпті сұғанақ. Арып-талып жүрсе де, Ойлайтыны жақсы атақ. Бұрқыраған дауылда, Сабап құйған жауында, Ләм деп бір сөз шығармай, Жас келін жүрер сауында. Бірін-бірі іздескен, Қараңғыда көздескен, «Басым жерге кіргенше, Жаным – сен!» деп сөздескен.

Жас келіннің күйеуі –

Мұңын ашар сүйеуі.

0
0
1439

ЖАЗҒЫ ТАҢ

Жып-жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу. Саф күмістей жалтырап Тыныш жатқан тұнық су. Көкке тиген биік тау Құшақтасқан тұманмен, Қосылысып есен-сау, Бал алысқан құмармен. Ақырын ескен жылы жел Маужыратып, тербетіп, Таң атсын деп жайнап гүл – Өсіп балам ер жетіп. Шырылдап торғай аспанда, Бытпылдығы ән қосып, Шала-жансар жатқанда Табиғатқа жан қосып, Таң алдында жалбарып, Тәңіріге құлдық қылғаны, Ісіне оның таңданып, Көңілі хаққа сынғаны. Міне, алтын таң атты Күншығыстан ағарып. Көтеріп зұлмат қанатты, Жер де кетті жаңарып.

Таң, Күн деген – жер жаны,

Бұл екеуінсіз жоқ сәні.

Оқу-білім – ер жаны,

Жараспас ерге құр жаны.

0
0
1241

ЛӘЗЗАТ ҚАЙДА

Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн-түні Қайдасың ләззат, рақат деп, Таппады сал боп еш мұны. Ойында ма бос өткен? Қайғыланған ойда ма? Жүйрік тазы, сұлу мен, Қызойнақ иә тойда ма?

Байлықта ма, беклікте Бетіне шірігі шықпаған: Ас, ат беріп, жұрт аузын Алып, оған ықтаған? Ләззатты іздеп, көңілім Аласұрған шарқ ұрып. Біреуін де осы деп, Қалмай жүрген бір торып. Баяулады жалғыз-ақ, Мінеки деп тұрақтап. Ләззаттанып сөзіне, Қолына кітап, Құранды ап. Айтар сөзім ендігі Аласұрған көңілге: Оқу оқы, өнер қу, Басқалардан түңіл де! Жұрттың қамын көп ойла, Уайым-қайғы жеп ойла! Артта қалған сорлы жұрт Алға бассын деп ойла.

0
0
806

Осындай жастар барда ...

Өзімізше ақша үнемдеп жүрміз. Олар өздерінше қонақ күтіп жүр. Жалдамалы пәтер. Қазақстанның төрт тарапынан келген 5 жігіт. Шайға отырдық. Алдымен жастарын сұрап алдық - уылжып тұр. Ағалығымызға басып, құлақтарын бұрап қойып, әңгіме айтқымыз келіп тұр ғой әлгі жерде. Типа "Аталарымыз біздің ше, шалбар ойлап шығарған" дегендей) Енді әңгімеге кіріскелі жатқанда, арасындағы бір жігіт былай деп қалды: "Қызық болсын деп айтайын. Осы кездейсоқ отырған бесеуіміз де кемі алты тіл біледі екенбіз. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, қытай - само с собой, одан бөлек біреуімізде араб, біреуімізде испан дегендей". Сөйтті деп шайын ұрттап жіберді. Оллахи, әдейі айтқан жоқ. Біздің екі жарым тілді екенімізге нұқыған жоқ деймін. Түсіндік - жым болдық) Содан оларды таң атқанша сөйлетіп қойдық қой....Осындай жастар…

0
0
681

Qyz alyp qashqany úshin 12 jyl túrmede otyrýy múmkin

Qorǵaýshy Asel Toqaeva qalyńdyq urlaýdy adam urlaýmen teńestirmeýdi surady. "Qazaqstan advokattar" tobynyń zańgeri Rýslan Shaǵataev óz áriptesterine joldaǵan sózinde, onyń klıentiniń Qazaqstan Respýblıkasy Qylmystyq kodeksiniń 125-baby 2-bólimi, 1, 3-tarmaqtary (aldyn ala josparmen top bolyp adam urlaý ) boıynsha aıyptalyp jatqanyn aıtty. "Meniń qorǵalýshym jaýapsyz mahabbattan óziniń súıiktisin joǵaltýǵa qorqyp, ony qazaqtyń dástúri boıynsha alyp qashýǵa bel býady, qyzdy úıine alyp kelip, ata-anasymen tanystyryp, óziniń jary etkisi keledi. Dosynan kómek suraıdy, dosy taǵy úsh dosyn shaqyrady. Osylaısha, sońǵy tórteýi qyzdy jumys ornynan alyp qashyp, jigittiń úıine alyp keledi. Al 40 mınýttan keıin polısia keledi. Alyp qashý kezinde eshqa…

0
0
513

Таразым

- Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман ("Надежда - мой компас земной", "Эхо любви", "Гори, гори моя звезда") үш жыл тұрған қала. Жақсы көретін әншім. - Бұл Ленинге үш рет оқ атып, жаралаған Фанни Капланның әпкесі Фая Каплан жер аударылған жер. Ол осында газировка сатқан, кейін үйінде біреу Ленин үшін кек қайтардым деп өлтіріп кетеді. - Бұл Sayasat Nurbek ағам айтқандай, әлемдегі ең алғашқы сауда биржаларының бірі пайда болған қала. Вексель, фьючерс секілді ірі түсініктердің іргесі осында қалана бастаған деген еді. - Бұл Қазақстандағы ең көне мешіттің орны табылған қала. Иә, бұл Ислам дінін қабылдаған ең бірінші қала еліміздегі. - Бұл бір емес, үш үлкен түрме тұрған уникальный қала. Үш химия зауыты бар. Және 300-дей тойханасы және бар) - Бұл бабаларымыздың арабтармен бірлесіп, қытайлардың бе…

0
0
800

Томирис

Бесінші сыныпта таласа оқыған Томирис патшайымның ойымдағы образын дәл мына бейнеден көргендеймін ше.. Тура сол! Әдемі әрі сұсты! Тарихи фильмге кейіпкер таңдаудың қандай қиын екенін түсінесіздер, өткенде "Баян Сұлуды" сұлу емес деп шуладық. Себебі, әркім Баян Сұлуды оқығанда я естігенде, оны өз қиялындағы сұлудың образымен сомдап алғанбыз. Әсіресе, біз секілді бертінгі ұрпақ. Ал қазақы сұлулық, әдемілік дегеннің стандартын қазір өзіміз сипаттап бере алмаймыз. Миымыздағы образдар мидай араласып кеткен.. Сәбет заманында біздің талғам черно-белый Людмила Чурсинадан бастап "Миминодағы" Лариса Ивановна, "Ирония судьбыдағы" Надя, "Амфибия адамдағы" Анастасия Вертинская, Шуриктің қызы Наталья Варлей, "Гардемарины, впередтегі" Татьяна Лютаеваға дейін ауысты. Бұған үнді киносынан Рекха, Хема Мали…

0
0
811

Адалмын деп, араммын деп айта алман

Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім.

Арамдықтын, кемесінде шайқалған,

Тектек болған тайыншадай ділгірдім.

Адалсың деп көңілімді көпсітпе,

Адалдықты ала келгем анамнан.

Арамсың деп өмірімді өксітпе,

Жұмыр басты пенде болып жаралғам...

Адалдығым, арамдығым байқалған,

Жырым менің - сырым менің - шар айна.

Адалмын деп, араммын деп айта алман,

Сен сұрама, жарай ма?

0
0
520