О-о-о-о-о, да-а-а-а
Ерлері пана болған елге тоңған, Кегеннің сол беті Албан, оң беті Албан. Сол жерде туып-өскен бір жігіт бар, «Аққудың көз жасындай көлге тамған».
Түскенде аламанға алқынбаған, Жаны бар, мінезі бар жарқылдаған. Өзгенің жағдайы үшін жаны ауырып, «Айналып алты қаздай қаңқылдаған»
Ол өзі өнердегі элеватор, Өмірде ер мінезді жеке батыр. «Дариға дәуреніне» «Арман» айтып, «Сәулелі ғұмыр» кешіп келе жатыр.
Болғасын күміс көмей айбатты ері, Бұлбұлдай бақшадағы сайратты елі. Тегінен безгендерге бұл ағамыз, Бар болғаны «ҚР-ның қайраткері».
Бағасын әз халқының өзі берсін, Бұйыртса, сен де ағаңмен кезігерсің. Салғанда «Сары бидайды» Сәдіқожа, «Қоштасса» Қапезіңнің өзі дерсің.
Білмеймін күдік кімде, үміт кімде? Кездесіп жүрсек екен күліп күнде. Айлардың ғана емес Рамазан, Сұлтаны екен, шіркін, жігіттің де.
Ақпарат көзі
