Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

ЖЕР БЕТІМЕН ЖҮЗУ

Жүгі жоқ, жеңіл әрі жылдам жүзетін желқайықтың шапшаңдығын сағатына он шақырымға апаруға болады, Демек, үш сағаттың ішінде Амнундак тұрағына жетіп бару қиын емес. Ойпаттың шет жағының ашық суымен, таяз тұстың қойтасына соғылып қалмас үшін жарқабақтарға онша жақындамай, орман бауырын жиектей жүрді. Ықылым жылдар жер қыртысын жауып жатқан өлі жәндік, қу жапырақ, шөп-шөлең құжынап бетіне шыққан лай сумен желқайық жеңіл сызып келеді. Горюнов ара-тұра сырық тастап, судың тереңдігін өлшеп қояды – бір метрден асып кетіпті ол. Ойпаттың суы аз жағына қашып құтылмаса, ірі хайуандардың өзі қарық болуы шексіз. Ал су баспаған жер бар ма екен, әй, болуы да мүмкін-ау. Жүргіншілерді мазалаған енді осы ой болды. – Осынша нөпір су қайдан келді деп басымды күні бойы қатырып кслемін, – деді Ордин. – Уақытша…

0
0
825

ТОПАН СУ

Жаз аздан еріп кеңіген мұз апанда әлі тұрған казактың шатырына қонып шығып, жиһангездер ертемен күртік жотасынан баспалдақ оюға кірісті. Бесеуі де жан сала жұмыс істеп, екінді кезінде текше- тастың түбіне жетіп те барды. Төрттен – он метрге дейін ені бар текше тас күртіктің екі жағына бірдей созылып, бара- бара таутеке жүргендей ғана болып қусырыла түседі. Оның үстінде ең аласа тұсының биіктігі он метрдей жарқабақ бар, барлық жері бірдей тік емес, тәжірибелі альпинистің сатылап басына шығуына әбден болады. Алайда жүк көтеріп, иттерді шығару үшін жарқабақ тым биік, сондықтан араға бірер таяныш жасау керек, мынау базальт қабатта ол тақа алынбас асу да емес. Бірақ жұмысы бір күнге қаптал. Алаңды шолып шығып Горюнов: – Қалай қарайсыздар, бүкіл жүк пен нарталарды осында бүгін-ақ шығарып қойсақ…

0
0
701

ОНКИЛОНДАР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫРҒЫ КҮНДЕР

Жиһангездер ертеңіне екі жағдайды таңырқай есітті: түнде жер сілкініпті және қасиетті көл қалпына келіпті. Қасиетті көлдің қалпына келуі, әрине, жер сілкінуден, бірақ оны бұлар қалай аңдамаған? Сұрастыра келсе, жердің сілкінгенін жертөледе қалған екі шал ғана байқапты. Амнундактар кеткен соң ұйықтап қалған екен, қаттырақ дүмпуден шошып оянып, сыртқа ата шығыпты олар, басқа қыбыр еткен пенде жоқ, аяқ асты сәл дірілдеп тына қалады да, суықтан қалтырай бастаған соң үйге енеді. – Қара басып біз неғып ештеңе байқамағанбыз? – деп таңданды Горюнов. – Әлде шалдардың түсіне сондай бірдеңе кіріп жүр ме екен? Не біз, не біздің сан-сапалақ қонағымыздың ештеңе сезбеуі қалай? – Тоқтай тұрыңдаршы! – деп дауыстап жіберді Ордин. – Жерің осы, жертөлеміз билеген әйелдердің аяғымен дүсірлеп жатқанда сілкініп…

0
0
521

ҚҰРМАЛДЫҚ ШАЛУ

Келесі күні ең шеткі мекенді басып, жиһангездер үйіне едәуір ерте келді. Көсемнің жертөлесі алдында олар көрші тұрақтың жауынгерлерін жаңа ғана ұстап әкелген вампуымен бірге алқа-қотан қоршап алған онкилондарды көрді. Жауынгерлер бүгін таңертең ерте аңға шығып бара жатып бес вампуға тап болады, толайым түрі бұғы ұрлағалы жүрген барлаушылар тәрізді. Оларды табынға тақау жерде қуып жетіп, жанжал шығады, сол арада екі вампу өліп, екеуі қашып құтылады, жаралы біреуін тұтқындап, жателдіктерге тарту еткелі алып келеді. Меймандардың өлген жануарлардың терісі мен бас сүйегін жинайтынын, Мыңтүтін алқабына ана жолғы саяхатында қасқыр жеп кеткен вампудың бас сүйегі мен жілігін көтеріп көргенін жауынгерлер байқаса керек, зерттесе, өлісінен тірісі дұрыс шығар деп мына вампуды әкеп тұрған себебі сол ек…

0
0
3636

ҚАРА ТАҚЫР ШӨЛ

Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржын арқалап, мылтық асынып жолға шықты. Гороховка көлді барлауға кеттік, келесі күні ораламыз, сені онкилондарға қайтып келуіміздің кепілі ретінде қалдырдық деп хат тастады. Тұман тым қалың еді, Аннуир шеткі мекеннің жолын бірден тауып, серіктерін сеніммен бастап жүрді. Күннің суықтығы оларды шапшаң жүруге мәжбүр етті. Шөп басы бозқыраудан көрінбейді, жағасынан сүрлеу өткен бір көлдің бетіне қабыршақ мұз қатыпты. – Бұл уақытта мұндай суық өмірі болған емес, – деді мұзды көргенде Аннуир. – Міне, Мыңтүтін алқабына да осы үшін бара жатқан жокпыз ба, неге бұлай тез суытып кеткенін сонан білеміз, – деп түсіндірді оған Ордин. Тұман түске тармаса, жолаушылар ең шеткі тұраққа жетіп, түстік жасау үшін тоқтағанда ғана айықты. Жер сілкінгенде бұл жер…

0
0
755

ЖАҒДАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ

Ойда-жоқта сырттан онкилондардың дауыс салғаны естілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесінен жүгіре шыққан жиһангездер онкилондардың қатын-қалаш, бала- шағасымен түгел Амнундак үйінің алдына жиналғанын көрді. Іңір қараңғысы мен қалың тұман олардың не істеп, не қойғанын көрсетпесе, не айтып жатқанын дүңгірлеген барабан даусы естіртпейді. Олар солай қарай беттей беріп еді, жүгіріп келе жатқан Аннуирға бетпе-бет жолығып тоқтай қалды. – Олай қарай бармаңдар, – деді ол алқынып. – Әзір әйелдер жоқта үйімізге бара тұрайық. Осыны айтып ол алға жүгіріп кетті де, жиһангездер соңынан ерді. Жертөлеге кірген соң Аннуир болған жайды бастан-аяқ баяндады. Жиһангездерді іздей шыққан жауынгерлер қасиетті көлдің суалып қалғанын көріпті, оның түбіндегі тақта тастан ақ адамдардың табанының ізін тауыпт…

0
0
1346

ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ

Шілденің аяғынан-ақ күн ойпаттың терістік жотасына ғанаемес, көкжиектің өзіне ерте жасырынып, түн қараңғы әріұзақ болуға айналды. Күздің алғашқы белгілері біліне бастады:жартастардың жақтауына ұя салатын сұр қарлығаштар ұбап-шұбап топ құрып, жастарын ұшуға баулып, алыс сапарғақамданды. Аман қалған қаз-үйректер де топ құрап, бір көлденекіншіге ұшып-қонып жүрді. Түнгі тұман қалыңдап, ертеңгілікойпаттың үстінде іркіліп көп тұрып алатын болды.Жиһангездер Санников жерінде қыстап шығамыз дегеноймен аңға шығып, қысқа сақтық қор жасады, әкелген еттерінкеліншектері қақтап, ыстап, майын қорытып қарынға құйыпқойды. Алайда тамыздың алғашқы аптасының аяғында кейінгікезеңге көп қырсығы тиген оқиға болды. 8-іне қараған түніжиһангездер күшті жер дүмпуінен оянды, әуелі олардыңұйқылы көзіне дүбірлетіп біре…

0
0
993

ТҮЛЕГЕН ҚҰСТАРДЫ АУЛАУ

Шілденің басында көлдердің жас құсы қанаттанып, қаз- үйректің түлейтін шағы туады. Түлеген құстар ұша алмай, қамыс арасында жасырынып жата береді. Терістіктің тұрғылықты халқы жаппай құс аулауға тап осы кезеңді пайдаланып қалады, онкилондар да солардың бірі. Мұндағы әр тұқымның дербес пайдаланатын екі-үш көлі бар. Алдын ала жағада айдау жол жасалып, оны арасынан үйрек өтпейтіндей етіп шыбық шаншып қоршайды, қоршаудың екі қабырғасы ара қашықтығы жүз қадам шамасы, әуелі судан басталады, сосын олар бірте-бірте қусырыла келіп, жан- жағына тор ұстаған алаңға кеп тіреледі. Белгіленген күні емшектегі сәбилер мен жас балалардан басқа рудың күллі мүшесі тайлы-таяғына дейін қолына таяқ ап алақарақтан көлді айнала қоршады да, айғай-сүрен салып құрақ арасын паналап жатқан құстарды шошытып қуалай баст…

0
0
1154

ҚАСИЕТТІ КӨЛ

Қиын-қыстау күндері онкилондарды тастап кетпегенжатжерліктердің аман-есен оралуы құрметіне қасиетті көлдіңбасында құдайы құрмалдық берілуі тиіс деді Амнундакқабақсы. Жиһангездер бұл көлге ойпаттың бүкіл суы құятынынсұрап біліп, оның қайда кетіп жатқанына көз жеткізуге жағдайжасайтын мына оқиғаға қуанып қалды. Құрмалдық оларкелген соң екі күннен кейін белгіленді. Басы Амнундак болып бар рудың жауынгерлері менжиһангездер таң ала қарақтан түстік-батысқа тартты; жасақтыңсоңында құрбандық ақ бұғыны жетелеп, оның екі жағындабақсы мен шәкірті даңғыра қағып, жол бойы дұға оқыпкелді. Екі алаңқай мен аралық ормандардан өтіп, екі сағаттыңшамасында ойпаттың ең шетіне орналасқан кішігірім көлгеде жетті. Оның екі жақ жағасы қара базальт құздың үлкенді-кішілі қой тастары арасынан сылдырап келіп көлге су…

0
0
1081

ВАМПУЛАРДЫҢ ҚҰДАЙЛАРЫ

Жаңбырдан соңғы сап-салқын, тұмансыз, желкем таңолардың қайтар жолға ертерек шығуына жағдай жасады.Оған, әсіресе, онкилондар қатты қуанды. Алайда жолға шығаралдында алыс сапарға ауқаттанып, ет пісіріп алу үшін қайнағанкөлді тағы бір пайдалануға тура келді. Кетер алдында оғанонкилондар бірнеше турам ет тастап, үш мәрте тағзым етті. – Жауынгер жерасты рухына түнде еш залал істемей, текқорқытып қана қойғаны үшін алғыс айтып жатыр, – дептүсіндірді мұны Аннуир.Таныс көлдер мен жарықшақ жерлерге тоқтамай, жасақтүске тармаса Мыңтүтін алқабынан өтті. Алғашқы есімдіктердікөргенде онкилондардың жүзі әдеттегідей жайнап сала берді.Көсемнің әмірімен жатжерліктерді қатерлі алқапқа ертіпәкелгенде олар зор құрбандыққа рауа болып, бұдан дажаманын күткен сыңайы көрініп тұр. Бірақ олардың басқақұрбандық бер…

0
0
594