Шілденің басында көлдердің жас құсы қанаттанып, қаз-
үйректің түлейтін шағы туады. Түлеген құстар ұша алмай,
қамыс арасында жасырынып жата береді. Терістіктің
тұрғылықты халқы жаппай құс аулауға тап осы кезеңді
пайдаланып қалады, онкилондар да солардың бірі. Мұндағы
әр тұқымның дербес пайдаланатын екі-үш көлі бар. Алдын
ала жағада айдау жол жасалып, оны арасынан үйрек
өтпейтіндей етіп шыбық шаншып қоршайды, қоршаудың екі
қабырғасы ара қашықтығы жүз қадам шамасы, әуелі судан
басталады, сосын олар бірте-бірте қусырыла келіп, жан-
жағына тор ұстаған алаңға кеп тіреледі.
Белгіленген күні емшектегі сәбилер мен жас балалардан
басқа рудың күллі мүшесі тайлы-таяғына дейін қолына таяқ
ап алақарақтан көлді айнала қоршады да, айғай-сүрен салып
құрақ арасын паналап жатқан құстарды шошытып қуалай
бастады.
– Ей, қаздар мен үйректер! – деп айғайлайды бірі. –
Шықсаңдаршы, шомылар уақыт болды!
– Жалқаулар, шық жаныңның барында, бақа-шаян,
балықтар күтіп жүр, – деп дігірлейді енді бірі.
– Бастарыңнан сипар таяғымыз тағы сай, – деп
сұңқылдайды үшіншісі.
Бұл күн өміріндегі өрелі оқиға болған балалардың тасыр-
тұсыр, айғай-шуы құлақ тұндырды. Олар ит құсап құрақ
арасына кіріп кетіп таяқты онды-солды сермеп жүр. Зәресі
ұшып шошыған құс жан-жақтан суға топырлады, ал алдында
ши мен шыбық шайқалып, бәрі кеп кіріп кетіп жатыр. Кейбіреуі
ұшуға қомданып қанатын сабалай түсіп қайта қонады.
Үйректердің қырқылдағаны, қаздардың қанқылдағаны жан-
жағындағы қуғыншылардың айғай-сүренімен ұласып, айналаны
азан-қазан қылды. Бұрын түлеген жылқышы, тауқұдірет,
қызғыш, шіңкілдек, тәрізді су құстары бытырай ұшып,205
тобымен қосылып көл үстінде шымылдықтанып тұрған торғын
тұманды қанатымен желпіп қиқулап су айналып, алаңқайды
басына көтеріп жүрді де қойды. Қуғыншылар суға жеткенше
көл беті қаз бен үйректен көрінбей кетті. Жағаның екі қоршау
арасындағы тұсы ғана адамдардан ада. Көл жағасының кей
жері қорысты болғандықтан қуғыншылар аяғына қыста киетін
жүні сыртына қаратылып шыбыққа керілген аң терісінен
жасалған жалпақ шаңғы байлап алған, бұл олардың
мибатпақпен жүруін жеңілдетіп, құрақ арасында бұғып қалған
құстарды үркітіп шығаруына мүмкіндік туғызыпты.
Онкилондар көлді айнала қоршап алып, оның қашаға
қарама-қарсы шетінен алдын ала әзірлеп қойған қайың
қабығынан тігілген төрт қайық алып шығып, әрқайсысына
бірінің қолында тоқпақ пен қайыс белдік, бірінің қолында
ескек бар екі адамнан отырды. Қішкентай қайықтар бір-
бірінен лезде-ақ бөлініп, арасына қайыс белдіктерін құра
қойды. Қайықтың ортасындағы адам тынымсыз ескек есіп,
тұмсығында отырғаны қолындағы белдікпен суды қайта-
қайта шалпылдатып, жүзіп жүрген құстарды шошытып,
қырқылдатып, қаңқылдатып бейшараларды қашаға қарай
тықсырды. Жағада қуғыншылардың айғай-қиқуы үдеп,
тоқпағы тоқылдап, суда қайықшылардың қиқуымен ұласып
толқын жалы түріліп келеді. Құстар алас ұрды: кейбірі белдік
қайыстың суға батқан тұсын аңдып тұрып кейін жүзіп, кейбірі
жағаға жанталасып еді, жақындап барғанда қуғыншылардың
оғына тап болды, оқ тиіп, су сабалап, апыр-топыр көбейді
де кетті.
Осылай біртіндеп жүздеген құс көлдін шетіне тықсырылды.
Қайықтардың жылжуына орай қуғыншылар да жағада қаптай
бастады, алдыңғылары қоршауға қарай өтіп, дымын шығармай
үнсіз ғана құрақ арасына жасырынды. Көл шетіне тақалғанда
қайықшылар да жан салып ентелей түсті, себебі құс енді
шағын бір алаңға ғана топырлап, оларды уыстан қайтып
шығармау солардың ғана қимыл-ебіне байланысты болып206
қалған. Сондықтан қайыс белдікпен суды үсті-үстіне
шалпылдатып, тыным таппау керек, әйтпесе қалың құс нөпірі
кейін лықсып сытылып кетіп, бәрін де басынан қайта бастауға
тура келеді.
Міне, құстардың алғашқы легі жағаға дейін жүзіп кеп,
ілгері ұмтылып шөптесінге шыға бастады, олардың ізімен
кейінгі қалың нөпір кимелеп, қырқылдап, қаңқылдаған үйрек-
қаз тасқыны қашаның өн бойына қойып кетті. Құстың соңғы
легі судан шығуы мұң екен, қайықшылар да жағаға бір-ақ
атты, оларға тақау тұрған қағушылар қосылып, тоқпақ ұрып,
қиқу салып, қаз-үйректі ілгері қуа жөнелді. Ақыр аяғында
күллі құс қоршауы берік, шөбі тапталған тұйыққа кеп
топырлады. Сол-ақ екен, шарбақты қоршап тұрған, құстардың
ізімен ішке кірген қағушылар сойылды сілтеді дейсің. Жан-
жақтан ондаған таяқ тасырлап, қанатты сорлылардың басына
тарс-тұрс тиіп жатты, екіленген кісілердің қиқуы, қанаттардың
сытыры, таяқтардың түсірі, ышқына шыққан қырқыл мен
қаңқыл астасып, әлем-тапырық даңғазаға ұласты. Қан
сорғалаған таяқтар әуеде жарқ-жұрқ етіп, сеспей қатқан,
жантәсілім тыпырлап жатқан құстар тау-төбе болып үйіліп
қалды. Ілуде бір құс қана қағушылардың бұтының арасынан
я шарбақтан далбасалап өтіп кетіп, көлге, далаға қашып
құтылды.
Құс біткеннің бәрі жайрап, тұйық тау-төбе болып қалғанда
шу да сап тыйылды. Жұрт шарбақты лақтырып тастап, олжаны
жинай бастады: екі-екіден аяғын қайыспен байлап, жаңағы
қару болған таяғын зембіл қып, екі адам екі иығына отыз-
қырықтан қаз-үйрек теңделген таяқты салып, қосына қарай
тартты, балалар да өз бойына шақтап жүк арқалап,
үлкендермен бірге жөнелді.
Тұраққа келген соң олжаның бәрі бір жерге үйіліп,
жұмыстың жаңа түрі басталды: құстардың жүнін жұлып,
мамығын тері қапшыққа тығып, етін астауға тастап жатыр.
От алаулап, тастар қыздырылып, ағаш ыдыстар әзір тұр –207
демек, бүгін құс сорпасына жұрт тегіс тояды. Бәріне де
қолғабыс беріп, бәріне де бөгет болып жүрген балалардың
айқай-ұйқайы, сықылықтаған күлкісі, шықылықтаған даусы
әуені жаңғыртып тұр. Міне, бір-бір құшақ құс алып
қайықшылар да келді, олар көлден қағушылардың атып
түсірген олжасын жиып әкепті.
Жүнін аршып болғасын кешке құс етін ыстау қолға алынды,
тұз және ыдыс болмағандықтан оны басқаша сақтаудың жолы
жоқ еді. Сондықтан ағаш талынан күрке жасап, оның
шаңырағы астына сырғауыл тартып, аршылған құсты іліп,
астынан түтін қойды, бұл бірнеше күн осылай тұруы керек.
Жұмыс та, ауқат жасау да көз байлана әрең бітті, ертеңіне
осы қарекетті басқа көлде қайта қайталау шарт, бүрсігүні
үшінші көл күтіп тұр. Кешіктіруге еш болмайды, себебі
қауырсыны өсіп кетеді де, құстар сәл де болса ұшуға жарап
қалады. Онда қаша да, қоршау да түк бітіре алмайды.
Жиһангездер ешқандай ләззат алмаса да құс қағуға
қатысты, өйткені оларға да қысқа азық керек еді, ал
келіншектері болса, бұл шаруаға жанығып кетті. Осы кәсіптің
үш күні жатжерліктерге жаман жиіркенішті әсер етті: ырду-
дырду, айғай-шу, қорғансыз қанаттыларды аяусыз қырып-
жою, тау-төбе өлген құс, алаулаған от, жұрттың жаппай
шеңбірек ата ет жеуі, тойымсыздығы, мейірімсіздігі – бәрі-
бәрі жүрек айнытып, құс аулау біткенде олар қатты қуанды.
Құс аулаудың қызығына түсіп, олар кездесіп қалған ірі
аңға онша көңіл қоймады, өйткені оның күні алда екен. Әр
көлдің қамысында азын-аулақ қабан болатын; қағушылардан
ығысып басы ызалы қабанның өзі болып бір араға ұйлыққан
ұя ақыр аяғында қоршауды баса-жаншып ілгері ұмтылды.
Оларға қақ жарылып жол берді, тек артта қалған не жүгіріп
шетке шығып кеткен бірді-екілі торайлар ғана сойылға
жығылып, найзаға ілікті. Қабанды олар күзде әбден семірген
кезінде ғана аулайтын, сонда доңыздар қамыс қурап, құлап,
қорыс қатып пана болмай, орман барқынына жайылуға208
шығатын. Оларды торуылдан аңдып жүріп садақ атып, найза
жұмсайды. Суықта етін сақтау да оңай, қатырып бұтаққа іл
де таста. Алғашқы қар түскенде алаңқайлар мен ормандарда
өріп жүретін қояндарға да тұзақ құрылады.
Шілденің басында көлдердің жас құсы қанаттанып, қаз-үйректің түлейтін шағы туады. Түлеген құстар ұша алмай,қамыс арасында жасырынып жата береді. Терістіктіңтұрғылықты халқы жаппай құс аулауға тап осы кезеңдіпайдаланып қалады, онкилондар да солардың бірі. Мұндағыәр тұқымның дербес пайдаланатын екі-үш көлі бар. Алдынала жағада айдау жол жасалып, оны арасынан үйрекөтпейтіндей етіп шыбық шаншып қоршайды, қоршаудың екіқабырғасы ара қашықтығы жүз қадам шамасы, әуелі суданбасталады, сосын олар бірте-бірте қусырыла келіп, жан-жағына тор ұстаған алаңға кеп тіреледі.Белгіленген күні емшектегі сәбилер мен жас балаларданбасқа рудың күллі мүшесі тайлы-таяғына дейін қолына таяқап алақарақтан көлді айнала қоршады да, айғай-сүрен салыпқұрақ арасын паналап жатқан құстарды шошытып қуалайбастады.
– Ей, қаздар мен үйректер! – деп айғайлайды бірі.
–Шықсаңдаршы, шомылар уақыт болды!
– Жалқаулар, шық жаныңның барында, бақа-шаян,балықтар күтіп жүр, – деп дігірлейді енді бірі.
– Бастарыңнан сипар таяғымыз тағы сай, – депсұңқылдайды үшіншісі.Бұл күн өміріндегі өрелі оқиға болған балалардың тасыр-тұсыр, айғай-шуы құлақ тұндырды. Олар ит құсап құрақарасына кіріп кетіп таяқты онды-солды сермеп жүр. Зәресіұшып шошыған құс жан-жақтан суға топырлады, ал алдындаши мен шыбық шайқалып, бәрі кеп кіріп кетіп жатыр. Кейбіреуіұшуға қомданып қанатын сабалай түсіп қайта қонады.Үйректердің қырқылдағаны, қаздардың қанқылдағаны жан-жағындағы қуғыншылардың айғай-сүренімен ұласып, айналаныазан-қазан қылды. Бұрын түлеген жылқышы, тауқұдірет,қызғыш, шіңкілдек, тәрізді су құстары бытырай ұшып,тобымен қосылып көл үстінде шымылдықтанып тұрған торғынтұманды қанатымен желпіп қиқулап су айналып, алаңқайдыбасына көтеріп жүрді де қойды. Қуғыншылар суға жеткеншекөл беті қаз бен үйректен көрінбей кетті. Жағаның екі қоршауарасындағы тұсы ғана адамдардан ада. Көл жағасының кейжері қорысты болғандықтан қуғыншылар аяғына қыста киетінжүні сыртына қаратылып шыбыққа керілген аң терісіненжасалған жалпақ шаңғы байлап алған, бұл олардыңмибатпақпен жүруін жеңілдетіп, құрақ арасында бұғып қалғанқұстарды үркітіп шығаруына мүмкіндік туғызыпты.Онкилондар көлді айнала қоршап алып, оның қашағақарама-қарсы шетінен алдын ала әзірлеп қойған қайыңқабығынан тігілген төрт қайық алып шығып, әрқайсысынабірінің қолында тоқпақ пен қайыс белдік, бірінің қолындаескек бар екі адамнан отырды. Қішкентай қайықтар бір-бірінен лезде-ақ бөлініп, арасына қайыс белдіктерін құрақойды. Қайықтың ортасындағы адам тынымсыз ескек есіп,тұмсығында отырғаны қолындағы белдікпен суды қайта-қайта шалпылдатып, жүзіп жүрген құстарды шошытып,қырқылдатып, қаңқылдатып бейшараларды қашаға қарайтықсырды. Жағада қуғыншылардың айғай-қиқуы үдеп,тоқпағы тоқылдап, суда қайықшылардың қиқуымен ұласыптолқын жалы түріліп келеді. Құстар алас ұрды: кейбірі белдікқайыстың суға батқан тұсын аңдып тұрып кейін жүзіп, кейбіріжағаға жанталасып еді, жақындап барғанда қуғыншылардыңоғына тап болды, оқ тиіп, су сабалап, апыр-топыр көбейдіде кетті.Осылай біртіндеп жүздеген құс көлдін шетіне тықсырылды.Қайықтардың жылжуына орай қуғыншылар да жағада қаптайбастады, алдыңғылары қоршауға қарай өтіп, дымын шығармайүнсіз ғана құрақ арасына жасырынды. Көл шетіне тақалғандақайықшылар да жан салып ентелей түсті, себебі құс ендішағын бір алаңға ғана топырлап, оларды уыстан қайтыпшығармау солардың ғана қимыл-ебіне байланысты болып қалған. Сондықтан қайыс белдікпен суды үсті-үстінешалпылдатып, тыным таппау керек, әйтпесе қалың құс нөпірікейін лықсып сытылып кетіп, бәрін де басынан қайта бастауғатура келеді.Міне, құстардың алғашқы легі жағаға дейін жүзіп кеп,ілгері ұмтылып шөптесінге шыға бастады, олардың ізіменкейінгі қалың нөпір кимелеп, қырқылдап, қаңқылдаған үйрек-қаз тасқыны қашаның өн бойына қойып кетті. Құстың соңғылегі судан шығуы мұң екен, қайықшылар да жағаға бір-ақатты, оларға тақау тұрған қағушылар қосылып, тоқпақ ұрып,қиқу салып, қаз-үйректі ілгері қуа жөнелді. Ақыр аяғындакүллі құс қоршауы берік, шөбі тапталған тұйыққа кептопырлады. Сол-ақ екен, шарбақты қоршап тұрған, құстардыңізімен ішке кірген қағушылар сойылды сілтеді дейсің. Жан-жақтан ондаған таяқ тасырлап, қанатты сорлылардың басынатарс-тұрс тиіп жатты, екіленген кісілердің қиқуы, қанаттардыңсытыры, таяқтардың түсірі, ышқына шыққан қырқыл менқаңқыл астасып, әлем-тапырық даңғазаға ұласты. Қансорғалаған таяқтар әуеде жарқ-жұрқ етіп, сеспей қатқан,жантәсілім тыпырлап жатқан құстар тау-төбе болып үйіліпқалды. Ілуде бір құс қана қағушылардың бұтының арасынаня шарбақтан далбасалап өтіп кетіп, көлге, далаға қашыпқұтылды.Құс біткеннің бәрі жайрап, тұйық тау-төбе болып қалғандашу да сап тыйылды. Жұрт шарбақты лақтырып тастап, олжаныжинай бастады: екі-екіден аяғын қайыспен байлап, жаңағықару болған таяғын зембіл қып, екі адам екі иығына отыз-қырықтан қаз-үйрек теңделген таяқты салып, қосына қарайтартты, балалар да өз бойына шақтап жүк арқалап,үлкендермен бірге жөнелді.Тұраққа келген соң олжаның бәрі бір жерге үйіліп,жұмыстың жаңа түрі басталды: құстардың жүнін жұлып,мамығын тері қапшыққа тығып, етін астауға тастап жатыр.От алаулап, тастар қыздырылып, ағаш ыдыстар әзір тұр –демек, бүгін құс сорпасына жұрт тегіс тояды. Бәріне деқолғабыс беріп, бәріне де бөгет болып жүрген балалардыңайқай-ұйқайы, сықылықтаған күлкісі, шықылықтаған даусыәуені жаңғыртып тұр. Міне, бір-бір құшақ құс алыпқайықшылар да келді, олар көлден қағушылардың атыптүсірген олжасын жиып әкепті.Жүнін аршып болғасын кешке құс етін ыстау қолға алынды,тұз және ыдыс болмағандықтан оны басқаша сақтаудың жолыжоқ еді. Сондықтан ағаш талынан күрке жасап, оныңшаңырағы астына сырғауыл тартып, аршылған құсты іліп,астынан түтін қойды, бұл бірнеше күн осылай тұруы керек.Жұмыс та, ауқат жасау да көз байлана әрең бітті, ертеңінеосы қарекетті басқа көлде қайта қайталау шарт, бүрсігүніүшінші көл күтіп тұр. Кешіктіруге еш болмайды, себебіқауырсыны өсіп кетеді де, құстар сәл де болса ұшуға жарапқалады. Онда қаша да, қоршау да түк бітіре алмайды.Жиһангездер ешқандай ләззат алмаса да құс қағуғақатысты, өйткені оларға да қысқа азық керек еді, алкеліншектері болса, бұл шаруаға жанығып кетті. Осы кәсіптіңүш күні жатжерліктерге жаман жиіркенішті әсер етті: ырду-дырду, айғай-шу, қорғансыз қанаттыларды аяусыз қырып-жою, тау-төбе өлген құс, алаулаған от, жұрттың жаппайшеңбірек ата ет жеуі, тойымсыздығы, мейірімсіздігі – бәрі-бәрі жүрек айнытып, құс аулау біткенде олар қатты қуанды.Құс аулаудың қызығына түсіп, олар кездесіп қалған іріаңға онша көңіл қоймады, өйткені оның күні алда екен. Әркөлдің қамысында азын-аулақ қабан болатын; қағушыларданығысып басы ызалы қабанның өзі болып бір араға ұйлыққанұя ақыр аяғында қоршауды баса-жаншып ілгері ұмтылды.Оларға қақ жарылып жол берді, тек артта қалған не жүгіріпшетке шығып кеткен бірді-екілі торайлар ғана сойылғажығылып, найзаға ілікті. Қабанды олар күзде әбден семіргенкезінде ғана аулайтын, сонда доңыздар қамыс қурап, құлап,қорыс қатып пана болмай, орман барқынына жайылуға шығатын. Оларды торуылдан аңдып жүріп садақ атып, найзажұмсайды. Суықта етін сақтау да оңай, қатырып бұтаққа ілде таста. Алғашқы қар түскенде алаңқайлар мен ормандардаөріп жүретін қояндарға да тұзақ құрылады.