Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

Госменеджер украл более Т100 млн у соцкорпорации в Кызылординской области

Руководитель квазигосударственного ТОО «Агро Холдинг Байконыр» Манарбек Еспанов украл более Т100 млн у АО «Социально-предпринимательская корпорация» Байконур» (СПК) в Кызылординской области, сообщает пресс-служба прокуратуры региона.«Прокуратурой Кызылординской области проверена деятельность СПК. В ходе проверки установлено, что 2 марта 2018 года ТОО «Агро Холдинг Байконыр» (дочерняя организация СПК) заключило договор о приобретении у ТОО «Мега Агро» 2400 тонн зерна риса на сумму Т120 млн. Денежные средства перечислены в полном объеме. Согласно условиям договора срок поставки товара – до 30 сентября 2018 года. В свою очередь, поставщик, не исполнив свои обязательства по договору в полном объеме, средства государства в сумме Т101 млн израсходовал на собственные нужды», - говорится в сообще…

0
0
794

Мен редактор болсам...

Ал балалар мен жасөспірімдердің иммунитеті әлі де толық қалыптаспағандықтан,олар кез келген дүниені, әсіресе, теріс әрекеттерді тез қабылдап алады. Сондықтан, біз балаларға көрсететін дүниені өзіміз жасамасақ болмайды деп ойлаймын.Сол тұрғыда мен балаларға арналған «Айналайын» деп аталатын балалардың рухани азығын байытуға үлес қосатын журналды жарыққа шығарғым келеді.Журналдың атауын бұлай қоюымның өзіндік себебі де бар «Айналайында»-мейірім бар,жақсылық бар,өмір бар дер едім. Өзім де үйге барсам кәрі апамның басымнан сипап, "айналайын" деп емірене сүюін күтіп тұрамын. Қариядан бата алсақ та, сөз соңында "айналайын" дер ме екен деп, елеңдеймізҒой. Пейілі өзге ағаның "айналайын" деп еміренгенін естігенде, әлем гүлденіп кеткендей болады маған. Қараңызшы,сөздің құдіреті қандай ә?! Бұл журна…

0
0
947

JANA channel — онлайн телеарна

Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева Youtube арқылы "JANA channel" деп аталатын онлайн арна ашты. JANA channel - бұл тәулік бойы ең үздік, ең жаңа Орталық Азияның клиптерін көруге мүмкіндік JANA channel - Қазақстан, Өзбектсан, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің бейнебаяндарын сапалы көру мүмкіндігі JANA channel - әр апта сайынғы хит парадтар, "Новинки" айдарының күн сайын жаңартылуы және рок, поп, этно сияқты әртүрлі жанрлардағы бейнебаяндар JANA channel - бұл онлайн телеарнаның жаңа форматы, не көретініңізді енді тек сіз ғана шешесіз. Барлық видеоларды тегін әрі HD сапада көре аласыздар. Қазіргі таңда "JANA channel" арнасының Play Market арқылы Android-қа арналған мобильді қосымшасы шықты. Алдағы уақытта Appstore iOS -қа арнап шығармақшы. Ашылғанына небәрі бірнеше күн болса да арнаға ж…

5
0
1191

АКАДЕМИК АЛДЫНДА

Алыс жолдың ауыртпалығы мен азабынан айығу үшін жиһангездер Никифоровтың үйінде бір апта бойы дем алды, тек тамақ ішуге ғана тұрып, ұйықтай берді, ұйықтай берді. Оның үстіне қысқы поляр түні мен сақылдаған сары аяз, осынау самарқау өлке тұрғындарын енжар тартқызып, қызу қарекетке мойнын жар бергізбеді де. Анқау Аннуирге екі жүзге тарта ғана үйі бар күйкі Казачье керемет бір шаһардай әсер етті, себебі ол шатырлы үйлерді, мұржалы пештерді, терезе, үстел, орындық, кереует дегендерді тумысында тұңғыш рет көріп, жерден басқа орында отыруға, ұйықтауға болатынын, тізерлемей-ақ тамақ ішу мүмкін екенін алғаш біліп отыр, кейбірі күлкілі, тіпті керексіз сияқтанғанмен, үйренуге тура келгеннің бәрі оған таңғажайып тәрізді. Қыруар жаңалық ашқан, алайда бір адамы өліп, күллі коллекциясы мен қазбаларынан…

0
0
913

ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ

Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа қарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік емес, жаз өтіп шуақпен аяз алмасып тұрса да, теңіз толық қатпай, жылыда еріп жұмсарған сіреу сеңдердің де беті тегістелмей қойды. Қыстың басын күте тұруға тура келеді, ал ол үшін Толльдің салған лашығы бар, отқа жағуға жағадан салынды ағаш жинап алуға болатын, тіпті ақ аю мен терістік бұғысын аулап азық-түлік толықтыратын Беннетта аралына жету керек. Бақытқа қарай Санников жері мен арал арасындағы мұз жазда бұзылмай аман қалыпты, соның арқасында терістікке қарай шағын ғана шеңбер жасап, он күнде Беннеттаға да келіп жетті. Никифоровтың жаздай жинаған қорынан иттерге деп алған ет таусылып, соңғы үш күн бойы отын болмай қалған кез еді бұл. Түнерген құз-тасты қу тақыр Беннетта аралы Санников жер…

0
0
1046

ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК

Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын ұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, түн оның бой тасалауына мүмкіндік туғызады, тақа болмаса тағы да ағаш басына жасырынады. Бұта-бұтаның арасынан ол күндіз келген сүрлеуіне жүгіріп шығып, мүлкі мен итін тыққан терегін тапқанша кідіріп тұрып қалды. Қуғын көрінсе-ақ қоржын қалған ағашқа шығу керек, көрпе мен азық-түлік аш-жалаңаш болмай, түнді жоқ-жітіксіз өткізуге жағдай жасайды, ал жүкпен әрі қарай шапшаң жылжи алмайсың, суға дейін әлі екі шақырым жер бар. Ол тоқтап тың тыңдады, әуелі бәрі тып-тыныш еді, артынан дабыра дауыс шығып, алыстан алаулар жалтылдады. Тегі, онкилондар шырақ ұстап, мұның соңына түссе керек. Көп ойланып жаппай, Горохов ағаштың басына шықты да, өз мүлкін жоғарырақ көтеруге кірісті. Кездескен тармаққа дұр…

0
0
880

БАҚСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Горохов каналдан алысырақ жаққа қарай бұрылып, алаңқай мен айдынның толқыны жетпейтін, жетсе де әлсіреп жететін шоққа келіп, қайығын бір ағашқа байлап, көрпеге оранып түбіне көсіліп жата қалып, толқынмен сәл тербеліп ұйықтап та кетті. Ол Пеструханың ұлыған даусынан кеш оянды. Көзін ашып ол түнде су көп көтеріліп, қайықты ағаштың бұтақтарына апарып қысып тастағанын көрді. Иттің қысылғаны сонша, ол сорлы тіпті қозғала алмай қалыпты Оны босату үшін бірқатар бұтақты пышақпен кесіп түсіруге тура келді. Горохов судың тереңдігін өлшеп көрейін деп еді, түбіне жете алмады, ескегі мен қолын қосқанда екі метрден кем емес-ті. «Топан су деген осы! – деп ойлады якут. – Жолда енді еш жануарды кездестірмейсің: қашып құтыла алмағандары қарық болды». Тұтқыннан босанған Пеструха иіскелеп, құйрығын бұлғаңдат…

0
0
959

ҚАШЫП ШЫҒУ

Бағанқас қарайып келе жатқанда-ақ Горохов өз төсегінің тұсынан жертөленің сырт жағындағы шымын алып, қармен жауып қойған. Жерге қадай сап, үргіге қадап қойған бірнеше сырғауылды қазір еш сиқырсыз суырып алуға болады. Таң алдында, әсіресе, ұйқы қатты қысып, күзетшілер қалғыған тұста сол тесіктен білдіртпей сыртқа шығуға мүмкіндік бар. Аннуирдің өнегесін ұстанып Раку де бірге кетеді деген Гороховтың үміті күшті еді. Қоржынын да қамдап қойған- ды. Раку қысқы киімін киіп ап жүрген. Қашып кеткенін таңертең ғана біледі, себебі төсек орнында қалады. Пеструха да әзір жата тұрады – кейін іздеп тауып жетер, тесікті сыртынан жауып тастайды. Қапелімде абыржып олар жиналып үлгергенше, бұлар он шақты шақырым ұзап та кетеді, екі жұп әйел шаңғысы да сайланып, кешкісін қарға жасырылған-ды. Ракудың оралмау…

0
0
727

НИКИТАНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ

Жолдастары кеткен күні Горохов кешірек тұрды, оның өзін де самбырлаған әйелдердің даусы оятып жіберді. – Аннуир қайда? Байқайсыңдар ма, түнде ол байына, әлгі ақ сиқыршыға қашып кеткен ғой, тегі! Тыйым салғанды тыңдамағаны да! – Барып осында алып келіңдер! – деген Амнундактың үні гүр ете түсті. – Келмесе, шашынан сүйреп әкеліңдер, – деген әйел даусы қостады оны. Осыны есітіп, жолдастарының бүгін түнде кетеміз дегені есіне түсіп, Гороховтың көңілі құлазып қалды. Олардың кеткен-кетпегенін білу үшін жалма-жан киіне бастады. Ол киініп болғанша Аннуирге жіберген Аннуэн мен екі әйел де келіп үлгеріп, өкінішті үнмен былай деді: – Үй бос тұр, Аннуир де жоқ, ақ сиқыршылар да жоқ, жалғыз ғана ит қалыпты. – Жақсылап қарадыңдар ма? Тегі, олар көрпесін тұйықтап алып ұйықтап жатқан шығар, – деді Горохов…

0
0
959

АПАТ

Күн ұяға қонар алдында ала жаздай құз-қабырғалары ой көзін шектеп тастаған жиһангездер ойпатта не болып жатқанын көру үшін жотаның жарына шықты. Санников жерінің түстік беткейі жаз дегеннің не екенін көрмегендей тұтас ақ қар жамылып, етектен бес шақырымға дейін қалың мұз құрсанып жатқан теңізге шымылдық боп түсіп тұр. Одан әрі айдынында сеңдер мен тұтас мұзды алаңдар қалқыған кең шалқар су түстік көкжиекке дейін көсіліп жатыр. Қайықпен өту үшін бұл теңіз тым шалқар, оның үстіне байдаркаға бүкіл жүк пен адамдар, иттер сыймайды. Күзгі аяздар теңізді қатырып, шық айдынның тарылғанын күту керек, не мұз әрі қарай түстікке созылып жатуы мүмкін деген үмітпен шығысқа тарту керек, екінші жағынан Қазандық аралына жақын отырып, оңтайлы сәті келгенде ауысып түсе қою қажет. – Біз қазір кемесі апатқа ұ…

0
0
670