Жиһангездер ертеңіне екі жағдайды таңырқай есітті: түнде
жер сілкініпті және қасиетті көл қалпына келіпті. Қасиетті
көлдің қалпына келуі, әрине, жер сілкінуден, бірақ оны бұлар
қалай аңдамаған? Сұрастыра келсе, жердің сілкінгенін
жертөледе қалған екі шал ғана байқапты. Амнундактар кеткен
соң ұйықтап қалған екен, қаттырақ дүмпуден шошып оянып,
сыртқа ата шығыпты олар, басқа қыбыр еткен пенде жоқ,
аяқ асты сәл дірілдеп тына қалады да, суықтан қалтырай
бастаған соң үйге енеді.
– Қара басып біз неғып ештеңе байқамағанбыз? – деп
таңданды Горюнов. – Әлде шалдардың түсіне сондай бірдеңе
кіріп жүр ме екен? Не біз, не біздің сан-сапалақ
қонағымыздың ештеңе сезбеуі қалай?
– Тоқтай тұрыңдаршы! – деп дауыстап жіберді Ордин.
– Жерің осы, жертөлеміз билеген әйелдердің аяғымен
дүсірлеп жатқанда сілкініп жүрмесін?!
– Иә, әрине, солай! Ол кезде онша қатты болмаса, дүмпуді
байқамауға әбден болатын.
– Дүмпу әйтеуір қасиетті көлдің байланысын қалпына
келтірген екен... – деп күмілжіді Ордин.
– Немен байланысын?
– Теңізбен байланысын қалпына келтірді деп айтайын
деп тұрып – іркіліп қалдым, себебі бұрын көл теңізге құятын,
сол құяр жолы бітеліп қалғандықтан сарқылған жоқ ол,
жан-жағынан ағып келетін жылға-бұлақтар тоқтағасын
суалған-ды.
– Біле білсеңіздер, мұны зерттеу керек. Судың неліктен
қайтып келгенін білу маңызды мәселе. Онкилондардың
айтуына қарағанда ол көмей-қуыстың өзінен бұрқырап шығып
жатқан көрінеді.
– Егер біз солай қарай барып, жазатайым су қайта
тартылса, жаңа апатқа кінәлі осылар деп жазғырады ғой
олар, сонан кейін тіпті де ақтала алмайсың. Жоқ, одан да
кідіре тұрып Амнундакпен бірге барайық, – деп Костяков
сақтық айтты.
Жиһангездер түнде болған және бір жағдайды білді.
Тұтқындағы вампу қарауылда тұрған жауынгер от басында
қалғып кеткенде байлаған арқанды шешіп, тайып отырыпты.
Осы хабардың бәрін ертеңгі бұғы сауудан бірінші оралған
Аннуир жеткізді.
– Көлдің қалпына келіп, тіпті судың көтерілгенін
онкилондар қайда жүріп көрген осы? – деп қайран болды
Ордин.
– Түнде қасиетті көлдің басында құлшылық қылыпты.
Амнундак, бақсы, жауынгерлер бәрі соған барған.
Құрмалдыққа ақ бұғы шалған, қазір су бұрқылдап шығып
жатыр дейді, – деп Аннуир жүзі жайнап қуана айтты, өзінің
де құрмалдық пен құлшылықтың құдіретіне сенген сыңайы
бар.
– Құрмалдық шалынды де... – деп даусын соза түсті де
Горюнов үнсіз қалды.
Қатын-қалаш, бала-шағаны қатыстырмай түнде құпия
құлшылық қылып, құрмалдық шалу мен тұтқынның аяқ
астынан жойылып кетуін салыстыра келіп, көңілі секем алып,
қобалжиын деді.
Кейін келіншектер мен Гороховтың шығып кеткен кезін
пайдаланып, екі жолдасына өз күмәнін айтты.
– Менің күмәнімнің дұрыс-бұрысын қайткенмен де білу
керек, – деп түйді ол сөзін. – Егер олар вампудан бастап
адамды құрбан шалуға шықса, мына апат тоқтай қоймаған
жағдайда біртіндеп бізге де ауыз салады.
Бұл оқиға жайында ешбір дерек білу мүмкін болмайды.
Түн ортасында рухтар бақсыға әмір беріп, қасиетті көлдің
басында әдеттегідей ақ бұғы сойып, құрмалдық шал депті,
сол – сол-ақ екен, көмейқуыстан су көтеріліп, көз алдымызда
терең табанды толтырып тастады деп ықыластана айтқанымен,
жауынгерлер түнде жер сілкінгенін бекерге шығарды, бәлкім,
олар көлге қарай жүріп бара жатып я құлшылық етіп тұрып
сезбей де қалған болар.
Арада біраз ғана күн өтті, тамыздың әлі ортасы ғана,
бірақ кәдімгі қарасуық күз сияқты: түн құрғатпай аяз болады,
тұман торлайды, бозқырау түседі. Ағаш жапырақтары
сарғаймай-ақ түсіп, қырдың шөбі солып, жатып салды. Жыл
құстары ерте ұшып, көл иесіз қалды, түнде қатқаннан ол
екіндіге қарай сәл ғана ериді. Күннің көзін қалың бұлт жиі-
жиі тұмшалап, өлеусіреп әрең жылынады. Әйелдер
қапшығынан қысқы киімдерін алып, жамап-жасқай бастады.
Кездескен кездегі онкилондардың салқын көзқарасын
жиһангездер жиі байқап, Аннуирдан өзге келіншектер күнінің
көбін Амнундактың жертөлесінде өткізетін болып жүр.
Ординнің ақылымен өзінің жателдіктерге берілгендігін
айырықша білдіріп алмас үшін Аннуир да солармен бірге
кететін болды, сондығынан да онкилондардың ойын біліп
отыру онша қиын емес.
15 тамызда ертемен терістік желі соғып, нольден төмен
температурада кәдімгі бұрқаған боран ұйытқыды. Түске
тармаса бұрқасын басылып, жертөледен шыққан жиһангездер
Санников жерін қысқы сәнімен көрді: алаңқайлар белуардан
қарға оранған, сидиған қайың-терек пен жасыл қарағай қарға
малынып мүлгіп тұр. Көсемнің жертөлесінен шығып246
онкилондар да жан-жағына аңыра қарап тұр екен, әйелдер
соларға қарай тұра жүгірді.
Жиһангездерге жер сілкініп, үйі құлағандағы қақтығыстан
кейін бас сұқпай қойған Амнундак келді екі іңірдің арасында.
Ол от басына келіп, қолын жылыта жалыннан көз алмай
отырып сөз бастады:
– Біздің күніміз енді не болады, ақ адамдар? Қыс табаны
күректей бір ай бұрын түсті. Жапырақтар сарғаймай үсіп,
көктей солды. Құс кетті, күн жылытпайды. Қар мына бетімен
төпеп жауа берсе, бұғылар қырылып қалады. Өгіздер,
жылқылар, мүйізтұмсықтар да қырылады. Сонда онкилондар
немен күнелтпек?
Жиһангездер бұл назаны үнсіз отырып тыңдады, олар
ерте мезгілсіз түскен суықтың себебін біледі, ойпатқа жылу
беріп тұрған жерасты жолы қалпына келмей, жағдайдың
жақсаруына үміт жоғын және біледі. Ал оның қашан қалпына
келетіні кімге мәлім?! Амнундакты жұбатқанда бұлар немен
үміттендірмекші?
Сұрағына жауап ала алмаған көсем орнынан атып тұрып,
сес көрсете қолын көтеріп, тағы да сөйлеп кетті.
– Осының бәрін істеген сендер! Бізге қар мен ызғырық
елінен келіп едіңдер, қар мен ызғырықты қоса әкелдіңдер,
сендерге сол оңды, себебі ақ жерде өмір сүруді сүйесіңдер,
ақ адамдар! Суықпен, қармен күллі онкилондарды қырып,
жерімізді басып қалғыларың келеді. Бабаларымызды осылай
қарай чукчалар тықсырып тастап еді, ал сендер, құдіретті ақ
сиқыршылар, тұқымымызды түгел құртпақсыңдар!
Ол жалт бұрылды да, жертөледен шыға жөнелді.
Жиһангездер абыржып біріне-бірі қарады, көсем ұзап кетті-
ау дегенде Горюнов:
– Меніңше, енді кідіретін түк қалған жоқ, – деді, –
ертең ерте жолға шығу керек: теріскей желі соғып тұр, көлдер
қатқан, тұман болмайды, қар қалың емес.
– Түнде тағы жауса, шаңғысыз жүруіміз қиын ғой, – деп
қауіп ойлады Костяков.
– Мұнда қысқы киіміміз де жоқ, бәрі қоймада қалды, –
деп қипақтады Ордин.
– Сендер қалай түсінсеңдер, солай түсініңдер, мен
онкилондарда қаламын, – деп кесіп айтты Горохов. – Мына
суық ұзамай қайтады, біз бұрынғыша өмір сүреміз, ал сендер
Қазандыққа жете алмай, мұзда құрисыңдар.
Қанша түсіндіргенмен ол айтқанынан қайтпай, қасарысып
отырып алды, сондағы себебі: Казачьедегіден мұнда жақсы
– тамақ тоқ, тұрмыс тыныш, әйел сұлу, үй жақсы – тағдырға
тағар кінә жоқ.
– Ал, Никита, сізді вампу сияқты бауыздап, суықтың
бетін қайтар деп құдайларына құрмалдыққа шалса қайтпексің?
– деп ежіктеді Горюнов.
– Ол бос сөз! Вампу қашып кеткен. Онкилондар кісі
бауыздамайды. Бауыздайтын болса, баяғыда-ақ бәріміздің
жоқтауымызды бір-ақ асыратын еді, әлгі Амнундак құсап
келіп сөйлесіп отырмас еді. Кетуімізді өтінер, бірақ
бауыздамайды.
Тіл-ауыз жоқ, тылсым тыныштық орнады. Сәл үнсіз
отырды да, орнынан тұрып Горохов шығып кетті, бір минуттан
соң жүгіріп Аннуир кірді.
– Жаңа Амнундак сендерден үйіне келісімен бізге: «Бұдан
былай ақ адамдарға әйел бермейміз, – деді. – Олар суық
пен қарды тоқтатқанша, сендер бізде боласыңдар, онда
барсаңдар – бізден жақсылық күтпеңдер. Ал күллі әйелдер
мен еркектер айғайлап: «Баяғыда-ақ осылай істеу керек еді:
әйелсіз, сүтсіз, нансыз тұрып көрсін енді!» деді. Мен көрпемді
алып келейін деп қана сұранып шықтым. «Бар, бар да барған
ізіңмен кері қайт!» деп қалды олар.
Аннуир өзінің тері көрпесін алып, Ординнің құлағына
сыбырлады:248
– Түнде олар қалың ұйқыға кірген кезде саған қайтып
кеп, естіген-білгенімді айтамын, сірә, ойлары оңды емес.
Жнһангездерді күйзеліс халде қалдырып ол тұра жүгірді.
– Иә, ертең елең-алаңнан кету керек, – деді Костяков. –
Шамасы, бұл ерте түскен қысты өзгерер деп қысталауының
алғашқы адымы болса керек.
– Кетуді кейінге қалдырар болсақ, жертөлемізге күзет
қояды да сытылып шығуымыз қиындайды, – деп қостады
Горюнов.
– Әзір Горохов жоқта керек-жарақты қамдап алайық, –
деп ұсыныс айтты Ордин. – Қызық өзі, ұшты-күйлі қайда
кетті, әлде Амнундакқа барып біздің ойымызды айтпақ па
екен?
Горохов пен әйелдер кеш бойы оралған жоқ. Кешкі асты
жиһангездердің өздері әзірлеп, шай қойып ішті, буыншақ-
түйіншегін жинастырып болып жағдайды талқылап ұзақ
отырды, ақыры жатып ұйықтады. Шамасы, Горохов
Амнундактың үйінде қонып қалса керек. Түн ортасында
Ординді Аннуир кеп оятты.
– Сендердің жедел кетулерің керек, – деді ол сыбырлап.
– Жерасты рухына құрбан қып вампуды шалып едік, разы
болып қасиетті көлдің суын қайтарды, аспан әміршілеріне
тек бұғыны ғана садақа етіп ек, ашуланып қыс түсірді –
оларға жақсырақ құрмалдық керек дейді жауынгерлер. Ашып
айтпағандарымен құрмалдығы сендер ғой деп ойлаймын.
– Ал оны Никита естіді ме?
– Жоқ, бұл одан бұрынғы әңгіме. Оның көзінше ештеңе
айтқан жок. Келе-ақ ол онкилон болғысы келетінін, сендерден
кетіп, бізбен бірге тұрмақ екенін, оларға ешбір залалы
болмайтынын айтып қақсады. Кеш бойы сіздің өмір сүрудің
қиындығын айтып тауыса алар емес. Сендердің неге
келгендеріңе онкилондар енді түсінді: өз тайпаларың үшін
жақсы жер іздеп жүр екенсіңдер ғой. Ал Амнундак айтсын
сонда: «Демек, олар тыңшы десейші! Жоқ, біз оларды бұл249
арадан жібермейміз, әйтпесе үлкен жауынгер жасақпен
оралып, нажағай-жасындарымен соғыс салады – онда
онкилондардың тұқымы тұздай құриды» деп.
– Никита біз ертең кеткелі отырғанымызды айтқан жоқ
па?
– Жоқ, айтқан жоқ. Ол тек өзі туралы ғана қақсады.
Амнундак та оны мақтап түнге әйелін қайтарып берді. Сосын
ертең бақсыны шақыр деп әмір етті – кешке сендерге
байланысты, мүмкін, қарға да байланысты тәуеп болады.
– Ал Аннуир, ертең таң қылаң бере біз кетеміз. Қалай,
сен менімен бірге жүресің бе?
– Өз жеріңде мен сенің тек жалғыз және бірінші әйелің
болсам, қайда апарсаң да барамын, – деп жауап берді
Аннуир.
– Иә, сен менің бірінші және бір ғана жалғыз жарым
боласың.
Олар әлі де ұзақ әңгімелесті, содан соң сағатқа қарап таң
жақын екенін білді де, жолдастарын оятты, жеңіл-желпі
ауқат жасап, елең-алаң бола бергенде тап-тұйнақтай жертөлесін
мәңгі тастап жолға шықты. Гороховқа хат қалдырып,
Амнундакқа қысқы киімдерін әкелуге кетті, бір күннен соң
оралады деп айт деген өтініш білдірді. Соңынан келгісі келсе
әлі де кеш емес: ойпаттың шетінде екі тәулік күтеміз деді.
Оған Санников жерінде алапат қаһарлы қыс түсетінін, ол
Казачьеден қытымыр болмаса, жұмсақ болмайтынын
ескертті. Және кейін онкилондармен келіп Никифоров қысқа
әзірлеген етті алып кет, бәрібір біз барлығын әкете алмаймыз
деп жазды.
Жертөледе түндіктен шыққан түтін онкилондарға кісі жоқ
деген сезік туғызбасын деп, отты жағып кетті, төсектерін
біреу ұйықтап жатқандай көрінсін деп жауып қойды: тек
Аннуир ғана өз төсек-орнын, бар киім-кешегін буып-түйіп
ала кетті.250
Іздерін жедел жасыратындай болып, төпелеп қар жауып
тұр. Қуғын шығарамыз десе де, оны Горохов кешке шейін
кідірте тұруы тиіс. Оған жертөлеге қамап Пеструханы
қалдырып кетті.
Таң ағарғанда олар тұрақтан бірнеше шақырым жердегі
алаңқайға жетті, оны өздері әрең таныды. Төрт айдың ішінде
бәрі қалай өзгеріп кеткен! Алғашқы уыз әсер қандай еді,
шіркін! Тылсым-құпияға толы тыңнан ашылған жер, көктемгі
жас табиғат, жаңа көк. Енді ше – сидиған жалаңаш орман,
қар басқан көңілсіз алаңқай, надан халықтан қашу, алда
құрлықтын, қиын-қыстау, көңіл құлазытар ұзақ сонар жолы,
күні осы уақытқа дейін қиындықты бірдей көріп, жеме-
жемге келгенде жалт берген опасыз жолдас (қазір жоқтығы
былай тұрсын, ертеңгі тағдыры не болмақ жазғанның), ақыр
аяғында бауыр басып үйренген балғын келіншектерден
айырылу – бәрі-бәрі оларға қатты батты. Өзгелерден тек
Ордин ғана көңілді, себебі қасында бір осы үшін туған-
туыстарын, үйреншікті тұрмыс-салтын тастап, атамекенімен
хош айтысып, алдағы жат та үрейлі жаңа әлемге қасқайып
қарсы бара жатқан Аннуир қарды қарш-қарш басып қатар
адымдап келеді.
Кешқұрым өз базасына жетіп, көптен хабар ала алмай
алаңдап отырған Никифоровты олар қатты қуантты. Оның
төрт құбыласы түгел екен, қысқа жетерлік ет пен отынды
үйіп алыпты, иттері де аман әрі тоқ, тек аңға шыққанда аю
сығып тастап біреуі ғана шығын болыпты. Осынау жерұйық
жерден жедел кету керек деген шешімге казак таң қалды.
– Күллі еңбегім еш болды-ау! – деді ол өкпесін ірке
алмай. – Атып әкеліп, сойып, сүйреп, сүрлеп, кептіріп –
несін әуре болдым екен. Осынша жан иесін не үшін қырдым!
Мынандай тау-төбе отынды қайтпеске үйдім? Бәрі де қарғыс
атқыр әлгі аюларға қалады-ау!251
– Қапаланба, Капитон, аюлар емес, адамдар жейді бұл
етті. Оикилондарды ертіп Горохов келеді де, бәрін тұрағына
жеткізіп алады.
– Қалайша, сонда Никита бізбен бірге кетпей ме үйіне? –
деп таңданған казак айғайлап жіберді.
– Кетпейді, осында қалуға бел буды. Сүйген әйелі бар
және Казачьеден осында жақсы дейді.
– Солай шешкені шын ба? Аһ, антұрған! Оның Казачьеде
әйелі бар еді ғой, рас мінезі шадыр, шау тартқан кәрі қатын
болатын.
– Ал мұндағысы жас та жақсы. Бұл арада ол байбатша
құсап тұрады.
– Ал мына еріп келген кім? Шығарып салғалы жүр ме?
– деп сұрады Аннуирді нұсқаған казак.
– Жоқ, бұл менің әйелім, бізбен бірге құрлыққа барады,
– деп жауап берді Ордин.
– Міне, гәп қайда! – деді даусын созып, орысша еркін
білмегендіктен түсініп тұрса да шапшаң сөйлегендерін түгел
ұқпай, ұяла ыңғайсызданған келіншекке қараған казак.
– Яғни Никитаның орнына осы арадағы тайпаның қатыны
барады екен ғой! Енді иттерді қалай жегеміз. – Бұл
Никитаның орнын баса алмас, нарта айдау түгіл иттің өзін
де көрген жоқ шығар! Е, ендігі уайым осы!
Жиһангездер айнала отырған оттың басында осы
тақырыпта Никифоров ұзақ сонар пәлсапа соқты. Ас қамдаған
кездегі Аннуирдің ептілігі оның көңілін біраз орнықтырып,
тіпті ол кештің соңында мақтау да айтты:
– Келіншегіңіз қолды-аяққа тұрмайтын пысық, тамаша
еңбеккер жан екен, Семен Петрович! Туған-туысқандарын
тастап, етегіңізден ұстап теңіздің арғы жағындағы жат өлкеге
бара жатқаны сізді қатты сүйгені ғой... Зады, сіздердікі
ергісі келмегені де? – деп ол қалған екеуіне қарады.
– Иә, ергісі келмеді... – деп жауап берген Горюнов осынау
қызықты жерден тез аттануға мәжбүр еткен жағдайларды
баяндай келіп: – Бәрі де ойлағандай болса, көктемде қайтып
келеміз, – деп аяқтады сөзін. Ас үстінде Никифоров ойпаттан әзір кетуге болмайтынын айтты, себебі жаз қар еріп, күртік көп аласарған, онымен қазір жоғары текшеге дейін ғана жетуге болады, одан әрі
тырбыңдап он бес метр шыңға шығуға тура келеді. Нарталар
мен жүкті көтеріп шығару үшін жол аршып, баспалдақ жасау
керек. Күртікті де әзірлеу қажет: беті еріп, әбден мұздақтанып
қалған, балтамен ойып саты жасамай болмайды.
– Бір күнде бірақ оның бәрін жасай алмаймыз, – деп
және ескертті.
– Біздің қарауымызда әлі екі күн бар, – деді Горюнов.
– Никитаны екі тәулік күтеміз деп уәде бергенбіз. Кім біледі,
бәлкім, айныса қайтып келер.
Жиһангездер ертеңіне екі жағдайды таңырқай есітті: түндежер сілкініпті және қасиетті көл қалпына келіпті. Қасиеттікөлдің қалпына келуі, әрине, жер сілкінуден, бірақ оны бұларқалай аңдамаған? Сұрастыра келсе, жердің сілкінгенінжертөледе қалған екі шал ғана байқапты. Амнундактар кеткенсоң ұйықтап қалған екен, қаттырақ дүмпуден шошып оянып,сыртқа ата шығыпты олар, басқа қыбыр еткен пенде жоқ,аяқ асты сәл дірілдеп тына қалады да, суықтан қалтырайбастаған соң үйге енеді.
– Қара басып біз неғып ештеңе байқамағанбыз? – дептаңданды Горюнов.
– Әлде шалдардың түсіне сондай бірдеңекіріп жүр ме екен? Не біз, не біздің сан-сапалаққонағымыздың ештеңе сезбеуі қалай?
– Тоқтай тұрыңдаршы! – деп дауыстап жіберді Ордин.– Жерің осы, жертөлеміз билеген әйелдердің аяғымендүсірлеп жатқанда сілкініп жүрмесін?!
– Иә, әрине, солай! Ол кезде онша қатты болмаса, дүмпудібайқамауға әбден болатын.
– Дүмпу әйтеуір қасиетті көлдің байланысын қалпынакелтірген екен... – деп күмілжіді Ордин.– Немен байланысын?
– Теңізбен байланысын қалпына келтірді деп айтайындеп тұрып – іркіліп қалдым, себебі бұрын көл теңізге құятын,сол құяр жолы бітеліп қалғандықтан сарқылған жоқ ол, жан-жағынан ағып келетін жылға-бұлақтар тоқтағасынсуалған-ды.– Біле білсеңіздер, мұны зерттеу керек. Судың неліктенқайтып келгенін білу маңызды мәселе. Онкилондардыңайтуына қарағанда ол көмей-қуыстың өзінен бұрқырап шығыпжатқан көрінеді.
– Егер біз солай қарай барып, жазатайым су қайтатартылса, жаңа апатқа кінәлі осылар деп жазғырады ғойолар, сонан кейін тіпті де ақтала алмайсың. Жоқ, одан дакідіре тұрып Амнундакпен бірге барайық, – деп Костяковсақтық айтты.Жиһангездер түнде болған және бір жағдайды білді.Тұтқындағы вампу қарауылда тұрған жауынгер от басындақалғып кеткенде байлаған арқанды шешіп, тайып отырыпты.Осы хабардың бәрін ертеңгі бұғы сауудан бірінші оралғанАннуир жеткізді.
– Көлдің қалпына келіп, тіпті судың көтерілгенінонкилондар қайда жүріп көрген осы? – деп қайран болдыОрдин.
– Түнде қасиетті көлдің басында құлшылық қылыпты.Амнундак, бақсы, жауынгерлер бәрі соған барған.Құрмалдыққа ақ бұғы шалған, қазір су бұрқылдап шығыпжатыр дейді, – деп Аннуир жүзі жайнап қуана айтты, өзініңде құрмалдық пен құлшылықтың құдіретіне сенген сыңайыбар.
– Құрмалдық шалынды де... – деп даусын соза түсті деГорюнов үнсіз қалды.Қатын-қалаш, бала-шағаны қатыстырмай түнде құпияқұлшылық қылып, құрмалдық шалу мен тұтқынның аяқастынан жойылып кетуін салыстыра келіп, көңілі секем алып,қобалжиын деді.Кейін келіншектер мен Гороховтың шығып кеткен кезінпайдаланып, екі жолдасына өз күмәнін айтты.
– Менің күмәнімнің дұрыс-бұрысын қайткенмен де білукерек, – деп түйді ол сөзін.
– Егер олар вампудан бастападамды құрбан шалуға шықса, мына апат тоқтай қоймағанжағдайда біртіндеп бізге де ауыз салады.Бұл оқиға жайында ешбір дерек білу мүмкін болмайды.Түн ортасында рухтар бақсыға әмір беріп, қасиетті көлдіңбасында әдеттегідей ақ бұғы сойып, құрмалдық шал депті,сол – сол-ақ екен, көмейқуыстан су көтеріліп, көз алдымыздатерең табанды толтырып тастады деп ықыластана айтқанымен,жауынгерлер түнде жер сілкінгенін бекерге шығарды, бәлкім,олар көлге қарай жүріп бара жатып я құлшылық етіп тұрыпсезбей де қалған болар.Арада біраз ғана күн өтті, тамыздың әлі ортасы ғана,бірақ кәдімгі қарасуық күз сияқты: түн құрғатпай аяз болады,тұман торлайды, бозқырау түседі. Ағаш жапырақтарысарғаймай-ақ түсіп, қырдың шөбі солып, жатып салды. Жылқұстары ерте ұшып, көл иесіз қалды, түнде қатқаннан олекіндіге қарай сәл ғана ериді. Күннің көзін қалың бұлт жиі-жиі тұмшалап, өлеусіреп әрең жылынады. Әйелдерқапшығынан қысқы киімдерін алып, жамап-жасқай бастады.Кездескен кездегі онкилондардың салқын көзқарасынжиһангездер жиі байқап, Аннуирдан өзге келіншектер күнініңкөбін Амнундактың жертөлесінде өткізетін болып жүр.Ординнің ақылымен өзінің жателдіктерге берілгендігінайырықша білдіріп алмас үшін Аннуир да солармен біргекететін болды, сондығынан да онкилондардың ойын біліпотыру онша қиын емес.15 тамызда ертемен терістік желі соғып, нольден төментемпературада кәдімгі бұрқаған боран ұйытқыды. Түскетармаса бұрқасын басылып, жертөледен шыққан жиһангездерСанников жерін қысқы сәнімен көрді: алаңқайлар белуарданқарға оранған, сидиған қайың-терек пен жасыл қарағай қарғамалынып мүлгіп тұр. Көсемнің жертөлесінен шығып246онкилондар да жан-жағына аңыра қарап тұр екен, әйелдерсоларға қарай тұра жүгірді.Жиһангездерге жер сілкініп, үйі құлағандағы қақтығыстанкейін бас сұқпай қойған Амнундак келді екі іңірдің арасында.Ол от басына келіп, қолын жылыта жалыннан көз алмайотырып сөз бастады:
– Біздің күніміз енді не болады, ақ адамдар? Қыс табаныкүректей бір ай бұрын түсті. Жапырақтар сарғаймай үсіп,көктей солды. Құс кетті, күн жылытпайды. Қар мына бетіментөпеп жауа берсе, бұғылар қырылып қалады. Өгіздер,жылқылар, мүйізтұмсықтар да қырылады. Сонда онкилондарнемен күнелтпек?Жиһангездер бұл назаны үнсіз отырып тыңдады, оларерте мезгілсіз түскен суықтың себебін біледі, ойпатқа жылуберіп тұрған жерасты жолы қалпына келмей, жағдайдыңжақсаруына үміт жоғын және біледі. Ал оның қашан қалпынакелетіні кімге мәлім?! Амнундакты жұбатқанда бұлар неменүміттендірмекші?Сұрағына жауап ала алмаған көсем орнынан атып тұрып,сес көрсете қолын көтеріп, тағы да сөйлеп кетті.
– Осының бәрін істеген сендер! Бізге қар мен ызғырықелінен келіп едіңдер, қар мен ызғырықты қоса әкелдіңдер,сендерге сол оңды, себебі ақ жерде өмір сүруді сүйесіңдер,ақ адамдар! Суықпен, қармен күллі онкилондарды қырып,жерімізді басып қалғыларың келеді. Бабаларымызды осылайқарай чукчалар тықсырып тастап еді, ал сендер, құдіретті ақсиқыршылар, тұқымымызды түгел құртпақсыңдар!Ол жалт бұрылды да, жертөледен шыға жөнелді.Жиһангездер абыржып біріне-бірі қарады, көсем ұзап кетті-ау дегенде Горюнов:
– Меніңше, енді кідіретін түк қалған жоқ, – деді, –ертең ерте жолға шығу керек: теріскей желі соғып тұр, көлдерқатқан, тұман болмайды, қар қалың емес.
– Түнде тағы жауса, шаңғысыз жүруіміз қиын ғой, – депқауіп ойлады Костяков.
– Мұнда қысқы киіміміз де жоқ, бәрі қоймада қалды, –деп қипақтады Ордин.
– Сендер қалай түсінсеңдер, солай түсініңдер, менонкилондарда қаламын, – деп кесіп айтты Горохов.
– Мынасуық ұзамай қайтады, біз бұрынғыша өмір сүреміз, ал сендерҚазандыққа жете алмай, мұзда құрисыңдар.Қанша түсіндіргенмен ол айтқанынан қайтпай, қасарысыпотырып алды, сондағы себебі: Казачьедегіден мұнда жақсы– тамақ тоқ, тұрмыс тыныш, әйел сұлу, үй жақсы – тағдырғатағар кінә жоқ.
– Ал, Никита, сізді вампу сияқты бауыздап, суықтыңбетін қайтар деп құдайларына құрмалдыққа шалса қайтпексің?– деп ежіктеді Горюнов.
– Ол бос сөз! Вампу қашып кеткен. Онкилондар кісібауыздамайды. Бауыздайтын болса, баяғыда-ақ бәріміздіңжоқтауымызды бір-ақ асыратын еді, әлгі Амнундак құсапкеліп сөйлесіп отырмас еді. Кетуімізді өтінер, бірақбауыздамайды.Тіл-ауыз жоқ, тылсым тыныштық орнады. Сәл үнсізотырды да, орнынан тұрып Горохов шығып кетті, бір минуттансоң жүгіріп Аннуир кірді.
– Жаңа Амнундак сендерден үйіне келісімен бізге: «Бұданбылай ақ адамдарға әйел бермейміз, – деді.
– Олар суықпен қарды тоқтатқанша, сендер бізде боласыңдар, ондабарсаңдар – бізден жақсылық күтпеңдер. Ал күллі әйелдермен еркектер айғайлап: «Баяғыда-ақ осылай істеу керек еді:әйелсіз, сүтсіз, нансыз тұрып көрсін енді!» деді. Мен көрпемдіалып келейін деп қана сұранып шықтым. «Бар, бар да барғанізіңмен кері қайт!» деп қалды олар.Аннуир өзінің тері көрпесін алып, Ординнің құлағынасыбырлады:
– Түнде олар қалың ұйқыға кірген кезде саған қайтыпкеп, естіген-білгенімді айтамын, сірә, ойлары оңды емес.Жнһангездерді күйзеліс халде қалдырып ол тұра жүгірді.
– Иә, ертең елең-алаңнан кету керек, – деді Костяков.
–Шамасы, бұл ерте түскен қысты өзгерер деп қысталауыныңалғашқы адымы болса керек.
– Кетуді кейінге қалдырар болсақ, жертөлемізге күзетқояды да сытылып шығуымыз қиындайды, – деп қостадыГорюнов.
– Әзір Горохов жоқта керек-жарақты қамдап алайық, –деп ұсыныс айтты Ордин.
– Қызық өзі, ұшты-күйлі қайдакетті, әлде Амнундакқа барып біздің ойымызды айтпақ паекен?Горохов пен әйелдер кеш бойы оралған жоқ. Кешкі астыжиһангездердің өздері әзірлеп, шай қойып ішті, буыншақ-түйіншегін жинастырып болып жағдайды талқылап ұзақотырды, ақыры жатып ұйықтады. Шамасы, ГороховАмнундактың үйінде қонып қалса керек. Түн ортасындаОрдинді Аннуир кеп оятты.
– Сендердің жедел кетулерің керек, – деді ол сыбырлап.
– Жерасты рухына құрбан қып вампуды шалып едік, разыболып қасиетті көлдің суын қайтарды, аспан әміршілерінетек бұғыны ғана садақа етіп ек, ашуланып қыс түсірді –оларға жақсырақ құрмалдық керек дейді жауынгерлер. Ашыпайтпағандарымен құрмалдығы сендер ғой деп ойлаймын.
– Ал оны Никита естіді ме?
– Жоқ, бұл одан бұрынғы әңгіме. Оның көзінше ештеңеайтқан жок. Келе-ақ ол онкилон болғысы келетінін, сендерденкетіп, бізбен бірге тұрмақ екенін, оларға ешбір залалыболмайтынын айтып қақсады. Кеш бойы сіздің өмір сүрудіңқиындығын айтып тауыса алар емес. Сендердің негекелгендеріңе онкилондар енді түсінді: өз тайпаларың үшінжақсы жер іздеп жүр екенсіңдер ғой. Ал Амнундак айтсынсонда: «Демек, олар тыңшы десейші! Жоқ, біз оларды бұл арадан жібермейміз, әйтпесе үлкен жауынгер жасақпеноралып, нажағай-жасындарымен соғыс салады – ондаонкилондардың тұқымы тұздай құриды» деп.
– Никита біз ертең кеткелі отырғанымызды айтқан жоқпа?
– Жоқ, айтқан жоқ. Ол тек өзі туралы ғана қақсады.Амнундак та оны мақтап түнге әйелін қайтарып берді. Сосынертең бақсыны шақыр деп әмір етті
– кешке сендергебайланысты, мүмкін, қарға да байланысты тәуеп болады.
– Ал Аннуир, ертең таң қылаң бере біз кетеміз. Қалай,сен менімен бірге жүресің бе?
– Өз жеріңде мен сенің тек жалғыз және бірінші әйеліңболсам, қайда апарсаң да барамын, – деп жауап бердіАннуир.
– Иә, сен менің бірінші және бір ғана жалғыз жарымболасың.Олар әлі де ұзақ әңгімелесті, содан соң сағатқа қарап таңжақын екенін білді де, жолдастарын оятты, жеңіл-желпіауқат жасап, елең-алаң бола бергенде тап-тұйнақтай жертөлесінмәңгі тастап жолға шықты. Гороховқа хат қалдырып,Амнундакқа қысқы киімдерін әкелуге кетті, бір күннен соңоралады деп айт деген өтініш білдірді. Соңынан келгісі келсеәлі де кеш емес: ойпаттың шетінде екі тәулік күтеміз деді.Оған Санников жерінде алапат қаһарлы қыс түсетінін, олКазачьеден қытымыр болмаса, жұмсақ болмайтынынескертті. Және кейін онкилондармен келіп Никифоров қысқаәзірлеген етті алып кет, бәрібір біз барлығын әкете алмаймыздеп жазды.Жертөледе түндіктен шыққан түтін онкилондарға кісі жоқдеген сезік туғызбасын деп, отты жағып кетті, төсектерінбіреу ұйықтап жатқандай көрінсін деп жауып қойды: текАннуир ғана өз төсек-орнын, бар киім-кешегін буып-түйіпала кетті. Іздерін жедел жасыратындай болып, төпелеп қар жауыптұр. Қуғын шығарамыз десе де, оны Горохов кешке шейінкідірте тұруы тиіс. Оған жертөлеге қамап Пеструханықалдырып кетті.Таң ағарғанда олар тұрақтан бірнеше шақырым жердегіалаңқайға жетті, оны өздері әрең таныды. Төрт айдың ішіндебәрі қалай өзгеріп кеткен! Алғашқы уыз әсер қандай еді,шіркін! Тылсым-құпияға толы тыңнан ашылған жер, көктемгіжас табиғат, жаңа көк. Енді ше – сидиған жалаңаш орман,қар басқан көңілсіз алаңқай, надан халықтан қашу, алдақұрлықтын, қиын-қыстау, көңіл құлазытар ұзақ сонар жолы,күні осы уақытқа дейін қиындықты бірдей көріп, жеме-жемге келгенде жалт берген опасыз жолдас (қазір жоқтығыбылай тұрсын, ертеңгі тағдыры не болмақ жазғанның), ақыраяғында бауыр басып үйренген балғын келіншектерденайырылу – бәрі-бәрі оларға қатты батты. Өзгелерден текОрдин ғана көңілді, себебі қасында бір осы үшін туған-туыстарын, үйреншікті тұрмыс-салтын тастап, атамекеніменхош айтысып, алдағы жат та үрейлі жаңа әлемге қасқайыпқарсы бара жатқан Аннуир қарды қарш-қарш басып қатарадымдап келеді.Кешқұрым өз базасына жетіп, көптен хабар ала алмайалаңдап отырған Никифоровты олар қатты қуантты. Оныңтөрт құбыласы түгел екен, қысқа жетерлік ет пен отындыүйіп алыпты, иттері де аман әрі тоқ, тек аңға шыққанда аюсығып тастап біреуі ғана шығын болыпты. Осынау жерұйықжерден жедел кету керек деген шешімге казак таң қалды.
– Күллі еңбегім еш болды-ау! – деді ол өкпесін іркеалмай.
– Атып әкеліп, сойып, сүйреп, сүрлеп, кептіріп –несін әуре болдым екен. Осынша жан иесін не үшін қырдым!Мынандай тау-төбе отынды қайтпеске үйдім? Бәрі де қарғысатқыр әлгі аюларға қалады-ау!
– Қапаланба, Капитон, аюлар емес, адамдар жейді бұлетті. Оикилондарды ертіп Горохов келеді де, бәрін тұрағынажеткізіп алады.
– Қалайша, сонда Никита бізбен бірге кетпей ме үйіне? –деп таңданған казак айғайлап жіберді.
– Кетпейді, осында қалуға бел буды. Сүйген әйелі баржәне Казачьеден осында жақсы дейді.– Солай шешкені шын ба? Аһ, антұрған! Оның Казачьедеәйелі бар еді ғой, рас мінезі шадыр, шау тартқан кәрі қатынболатын.
– Ал мұндағысы жас та жақсы. Бұл арада ол байбатшақұсап тұрады.
– Ал мына еріп келген кім? Шығарып салғалы жүр ме?– деп сұрады Аннуирді нұсқаған казак.
– Жоқ, бұл менің әйелім, бізбен бірге құрлыққа барады,– деп жауап берді Ордин.
– Міне, гәп қайда! – деді даусын созып, орысша еркінбілмегендіктен түсініп тұрса да шапшаң сөйлегендерін түгелұқпай, ұяла ыңғайсызданған келіншекке қараған казак.
– Яғни Никитаның орнына осы арадағы тайпаның қатыныбарады екен ғой! Енді иттерді қалай жегеміз.
– БұлНикитаның орнын баса алмас, нарта айдау түгіл иттің өзінде көрген жоқ шығар! Е, ендігі уайым осы!Жиһангездер айнала отырған оттың басында осытақырыпта Никифоров ұзақ сонар пәлсапа соқты. Ас қамдағанкездегі Аннуирдің ептілігі оның көңілін біраз орнықтырып,тіпті ол кештің соңында мақтау да айтты:
– Келіншегіңіз қолды-аяққа тұрмайтын пысық, тамашаеңбеккер жан екен, Семен Петрович! Туған-туысқандарынтастап, етегіңізден ұстап теңіздің арғы жағындағы жат өлкегебара жатқаны сізді қатты сүйгені ғой... Зады, сіздердікіергісі келмегені де? – деп ол қалған екеуіне қарады.
– Иә, ергісі келмеді... – деп жауап берген Горюнов осынауқызықты жерден тез аттануға мәжбүр еткен жағдайларды баяндай келіп:
– Бәрі де ойлағандай болса, көктемде қайтыпкелеміз, – деп аяқтады сөзін.Ас үстінде Никифоров ойпаттан әзір кетуге болмайтынынайтты, себебі жаз қар еріп, күртік көп аласарған, оныменқазір жоғары текшеге дейін ғана жетуге болады, одан әрітырбыңдап он бес метр шыңға шығуға тура келеді. Нарталармен жүкті көтеріп шығару үшін жол аршып, баспалдақ жасаукерек. Күртікті де әзірлеу қажет: беті еріп, әбден мұздақтаныпқалған, балтамен ойып саты жасамай болмайды.
– Бір күнде бірақ оның бәрін жасай алмаймыз, – депжәне ескертті.
– Біздің қарауымызда әлі екі күн бар, – деді Горюнов.
– Никитаны екі тәулік күтеміз деп уәде бергенбіз. Кім біледі,бәлкім, айныса қайтып келер.