Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

ЖЕР БЕТІМЕН ЖҮЗУ

 

Жүгі жоқ, жеңіл әрі жылдам жүзетін желқайықтың шапшаңдығын сағатына он шақырымға апаруға болады, Демек, үш сағаттың ішінде Амнундак тұрағына жетіп бару қиын емес. Ойпаттың шет жағының ашық суымен, таяз тұстың қойтасына соғылып қалмас үшін жарқабақтарға онша жақындамай, орман бауырын жиектей жүрді. Ықылым жылдар жер қыртысын жауып жатқан өлі жәндік, қу жапырақ, шөп-шөлең құжынап бетіне шыққан лай сумен желқайық жеңіл сызып келеді. Горюнов ара-тұра сырық тастап, судың тереңдігін өлшеп қояды – бір метрден асып кетіпті ол. Ойпаттың суы аз жағына қашып құтылмаса, ірі хайуандардың өзі қарық болуы шексіз. Ал су баспаған жер бар ма екен, әй, болуы да мүмкін-ау. Жүргіншілерді мазалаған енді осы ой   болды.
– Осынша нөпір су қайдан келді деп басымды күні бойы
қатырып кслемін, – деді Ордин. – Уақытша кідіріп қалған
жерасты суының арнасы осы жерге айналып кеткені ме сонда?
– Су ойпатқа теңізден өткен жоқ па екен? Теңіз тіпті
жақын ғой және қасиетті көлдің көмей-қуысы сияқты қатынас
жолы бар! – деген болжам айтты Горюнов.
– Онда су ащы, тұзды болуы керек. Дәмін татып көріңіз.
Горюнов алақанымен көсіп алып ішті де түкіріп тастады.
– Ап-ащы тұзды су, тек теңіздікіндей емес.
– Ол да түсінікті. Бұл жерде ол көл суымен араласып,
бойына қар сіңірген. Теңіз суы құйылған болса, ойпат
табанының төмен түскені енді айдан анық.
– Ондай болса, су бұдан жоғары көтерілмейді ғой. Жеткен
деңгейі осы болуы керек.
– Бұл алдымен ойпат табанының қанша төмен түскеніне, сосын көмей қуыс диаметрінің ойпат көлеміне қатысына байланысты: көмей-қуыс тар да, аңғар орасан ауқымды, сондықтан су теңіз бетіне теңелу үшін көп уақыт керек. Ал табанның қанша түскенін біз білмейміз. Ойпат табаны таба нан сияқты тұтас түсе қойды деп ойлау да қиын, бәрінен бұрын ол танап-танапқа бөлініп, әрқайсысы әр деңгейде түсуі ықтимал.
– Демек, кей танаптар орнында қалып, жан-жануар соған
паналауы мүмкін ғой.
– Солай деп ойлап, солай үміттенуге болады – онда ол
Санников жерінің халқы үшін зор бақыт.
Желқайық судан басы ғана қылтиып тұрған бұталардың
жиегімен сыдыртып келеді; бұл бұталардың сол қанаты
еңселене келіп орманға ұласады да, оң қанаты барып, жардың
етегіне тіреледі, оның бер жағында екеуіне де жуыспай,
аралдай оқшырайып қойтастар жатыр. Жарқабақта әр тұстан
таутекелер көзге түседі, кейбірі тыпыр етпей суға телміріп,
кейбірі ерсілі-қарсылы безіп жүр жануарлар! Бұл бейшараларға
аштық, ажал төніп тұр, себебі бар азығы шөп пен мүгін су
басып қалды, ал текше тастар түк еспейтін қу тақыр. Судан
шығып тұрған қойтастардан тастақ төбелерді мекендеген
көртышқан, сарышұнақ, егеуқұйрық сияқты ұсақ жәндіктер
байқалады, олардың арасындағы бірді-екілі қоян алып сияқты
көзге ұрады. Біріне-бірі жабысып бұл мақұлықтар аштық
аранына мойынсұнып отыр. Жақынырақ бір қойтасқа шүйіліп
келіп бір қыранның қоянды іле жөнелгенін, онан қорқып
тырағайлай қашқан қалған жәндіктердің шолп-шолп суға
түскенін де жиһангездер көріп келеді. Оңай олжа іздеген
басқа да қанатты жыртқыштар аспан шарлап, қойтастарға
қайта-қайта шүйіліп жүр. Бұл олжа мың күн азық бола ма,
бәрібір олар да аштық ажал тырнағына ілігеді ғой. Бір жартаста
олар ошарылып тұрған түлкілер мен қасқырларды көрді,
жанынан жүзіп өткен адамдарды көзімен ұзатып сап бірі
тұр, бірі жатыр жазғандардың.
Екі сағаттың шамасында қасиетті көлдің тұсына келді,
оны екі жағынан жарты шеңбер жасай қоршаған құздан ғана
айырды. Бұл кезде ескекке ауысып отырған Горюнов есудің
қиындай түскенін байқады. Желқайықты тоқтатып, ағынға
қарсы келе жатқанын аңдады, су қышқылтым тұзды әрі
таза екен. Көлдің өз орнында ағын күшейіп, су жалданып
шығып жатыр.
– Байқайсыз ба, су әлі келіп жатыр, күшті келіп жатыр,
– деді Ордин.
Ол сырығын суға тастап еді, түбіне әрең жетті, ол өзі үш
метр болатын.
– Құрмалдық тасы да көрінбейді, – деді Горюнов, – ал
ол көл бетінен екі метрдей шығып тұратын-ды.
Ойпат жағалай әлі де біраз жүріп, жүргіншілер керекті
бағытпен орманға қарай кеткен таза су жылғасын тапты да,
солай жүзіп жөнелді. Ұзамай канал қусырылып, қайық ағаш
арасымен тартты. Осынау қарық болған орманға қараудың
өзі аянышты: сидаң тартқан жапырақты ағаштар, жасыл
шырша мен самырсын жапырақ, бұтақ, тағы басқа қоқыс
көлкіп жүрген суда тұр, арасында өлген құс, уақ жәндік не
сән. Ағаш бұтақтарында бірден-бірге шырылдай ұшқан құстар
жүр, бұтақ қуысында жылтиып әдетте бірін-бірі жеп қоятын
тышқан, егеуқұйрық, сасық күзен, ақтышқан, сусар сияқты
кеміргіштер отыр. Жалба-жұлба бұлттарды жыртып шығып
күн көзі осынау оғаш суретті жиі зерлеп тұр.
Орман арасымен түбірге, не үшкір бұлаққа соғып алмас
үшін абайлап, ақырын жүзуге тура келді. Міне, қарсы алдан
ашылып, алаңқай орнынан айдын су көрінді. Соған шығып
жүргіншілер тұрағымыз тұрған алаң осы ма, осы емес пе деп
ойланып қалды. Орманның бедер белгісі ұқсаңқырайды.
Кенет көлдің ортасынан судың бұрқана жоталанып шыққаны
көзге түсті. Баяғы бу бұрқыраған тұстан су әлі де көтеріліп,
шығып жатыр екен.
– Бұл біз тұрған алаңқай емес! – деп дауыстап жіберді
Горюнов. – Ол жердің көлі көпіршімейтін де.
– Мен де солай ойлаймын, ал бұл сол алаңқайдың
түстігінде көршілес жатқаны, – деді Ордин. – Енді теңіз
ғана құйып жатқан жоқ, жерасты су көзі де қалпына келгені
белгілі болды... Ал бұл арада су тұщы болуы тиіс, – деп
келіп, ол іліп алып ішкелі қолын суға малды. – Тұщы деуге
кәміл болады және әжептәуір жылы, – деді ол шөлін
қандырып алып.
– Олай болса, жылы судың біздің қайыққа түк те пайдасы
жоқ, – деді Горюнов. – Оның құрсаулары еріп сөгіліп кетуі
кәдік – көпіршіген жерден аулақ кету керек.
Жіңішке каналмен терістікке қарай тартты да, ұзамай
тұрақтары тұрған алаңқайға шықты, оны айнала ағашы кесілген
орманнан таныды.
– Ә, міне, біздің жертөле! – деп Ордин қуанып кетті.
Көлдің қарама-қарсы жақ шетінде жертөленің ортаңғы биік
бөлегі ғана қылтиып көрініп тұрды, оның үстінде еріген
қардың қалдығы мен түндіктің бір жағын жапқан қабық
жатыр. Жүзіп келді де Ордин шаңыраққа шығып, төмен
үңіліп айғайлап жіберді:
– Қаншама казына қалқып жүр!
Жалма-жан ол қолын тығып жіберіп, көрпе-жастық,
әйелдердің бірнеше кеудеше-шалбарын, ағаш аяқ тағы басқа
кәкір-шүкірлер алып шықты. Бәріне де су сіңген, зіл қара тас.
– Көрпе-жастықты алайық – Аннуирге жарап қалар, –
деді ол. – Тек жақсылап сығу керек.
Заттарды алып Ордин қайыққа қайтып оралды да, олар
көсемнің жертөлесі тұрған жерге жүзіп барды. Бұл арада
судағы тек төрт аша ғана қылтиып, шатырдың бір бөлегі
көрінеді. Сырық тастап еді, үйілген топырақ пен бөренеден
басқа ештеңе байқалмады.
– Тіпті еш жерде адам белгісі білінбейді! Оларды ағаш
арасынан да байқай алмадық, өздері көріп, айғай салуы керек
еді ғой, – деді Горюнов. – Келіңіз айғайлайық одан да.
Амнундакты, Никитаны, атын білетін әйелдерді айғайлап
шақыра бастады. Бірақ үн қатқан ешкім болған жок. Тылсым
тыныштық меңдеп алған төңіректі.
– Барлығы бірдей суға кетуі мүмкін емес қой. Біреуі
боллмаса біреуі ағашқа иә біздің жертөленің шатырына бас
сауғалауы керек еді.
– Тегі, кетіп үлгерген болды. Әрегірек барып іздеу керек.
Бәлкім, олардың асықпай көшуіне мүмкіндігі болардай, су
біртіндеп басқан шығар, – деп топшылады Горюнов.
– Оған да ұқсамайды, – деп өз пікірін алға тартты Ордин.
– Асықпай-саспай көшкен болса, қыста ең қажет көрпе-
жастық, киім-кешек тәрізді заттарын тастап кетпес еді.
Каналмен жүзіп отырып олар екі шақырымдай жердегі
келесі тұраққа келді. Одан жартылай құлап, белуардан суда
тұрған жертөлені көрді. Горюнов судың тереңдігін өлшеп
еді, бір жарым метр.
– Ал бұл арада кісі суға кетуі мүмкін емес, – деді ол
даусын шығара. – Шамасы, ойпаттың бұл тұсы аз түскен.
Жертөлеге келіп, құлаған бүйірден ішке көз салып еді,
көң-қоқыс, шала, ескі-құсқы бірдеңелер ғана су бетінде
жатыр, бірақ киім-кешек жоқ.
– Мұның тұрғындары бағалы затын алып, кетіп үлгерген,
– деді Ордин.
Жақын маңдағы ағаштарды барлап, айғай сап көріп еді,
– судың тартылуын күтіп бірнеше ағашқа топырлай қонып,
қимылсыз отырған қарғалар ғана қарқылдап жауап қатты.
Келесі екі алаңқайды да аралап, тұрақтарды тексеріп көріп
еді, жертөлелері жартылай не түгел құлаған екен, бірақ еш
жерде тірі пенде жоқ; судың тереңдігі метрге дейін таяздап,
кей жерде желқайық құлаған ағаштың түбіріне тиіп қап,
абайлап жүзуге тура келді.
– Осы іздеуді доғарсақ па деп ойлаймын, – деді Горюнов.
– Күллі онкилондар ойпаттың су баспаған терістік бөлегіне
көшіп үлгеріп, аман құтылған. Демек, біздің көмегімізге ділгер
ешкім жоқ, ал құрғақ жерге барсақ, онкилондармен ұшырасып,
қолайсыз жағдайға тап болуымыз кәдік.
– Бәлкім, әрі қарай су тағы да тереңдеп, босқын кезінде
суға тап боп, көмек күткен біреулерге кезігерміз, – деп
болмады Ордин. – Іздеген соң ақырына дейін іздейік,
арымыз алдында айыпты болмайық та.
Горюнов көнді де, әрі қарай жүзді. Алайда келесі
алаңқайда желқайықтың асты қайраңға тиіп, бұрынғы көлдің
орнынан қамыс-құрақ, ши басы қылқиып көрініп тұрды.
Алаңқайлардан арғы каналдың тереңдігі жарты метрден
аспай, кей тұстан жер көрініп жатты.
– Келесі алаңқайда онкилондарға тап болатынымыз хақ,
– деді Горюнов.
– Дұрыс айтасыз, әне, орман үстінен түтін көрінеді. Бұл
олар құрғақ жерде отыр деген сөз, – деп оның ойын Ордин
де қостады. – Тіпті дауыстарын да есітерміз.
– Жер сілкіну мен сел басудың салдарынан онкилондар
ойпаттың терістік жартысына ауысып қонған, сонда енді
баяғысынша күн кеше береді, – деді Горюнов.
– Көпіршіген екі көлге қарағанда ойпаттың жылытқышы
да қалпына келген, – деп пікірін ширата түсті Ордин, –
ендеше, онкилондар тағдыры жөнінде алаңдайтын да түк
жоқ. Ал бәзбір апатқа орай оларға бару деген басты бәлеге
байлап, тұтқын тұзағына өзің мойын ұсыну болып шығады...
Егер теңіз тым далиып, жүзіп өте алмастай жағдай болса,
текше тасқа қайтып келіп, суық түсуін күтуімізге болады,
отын су да, итке азық та ол арадан жақын, онкилондардан
су бөліп жатыр. Тек Гороховты тағдырдың тәлкегіне тастап
кетіп барамыз, ендігі ол шешімін өзгерткен де шығар.
– Горохов қазір текше таста отыруы да мүмкін, – деген
пікір айтты Горюнов. – Топан су оны пікірінен қайтарған
болса, ол қарбалас кезінде қабық қайықты қолға түсіріп алып,
өзі не әйелі екеуі бізге бір-ақ тартады. Ол қайықтың қай
жерге жасырылғанын жақсы біледі, ара-тұра балық аулауға
пайдаланып та қоятын. Келісілгеніндей оны ертең таңертеңге
дейін күтейік.
Әңгімелесіп отырып олар аздап тынығып алды да,
шапшаңдату үшін алаңдай, каналдармен әуре болмай, ойпат
шетіне қайта шықты. Соған қарамай қайтар жолға төрт сағат
уақыты кетті. Бұрынғы қасиетті көлдің маңынан өткенде
көмей-қуыстан су әлі келіп жатқанын, бірақ бұрынғыдан баяу
екенін байқады. Тегі, су деңгейлері теңелуге айналса керек.
Сырық тастап көріп еді – үш метрден асып кетті. Бұлар
жоқта күртіктің маңы да көлкіп кетіпті. Судың тереңдігі екі
метрден де асады.
Текше таста қалғандар бұларды құтқарған адамдарына
көмектесеміз деп мұз баспалдақтың басында қарсы алды.
– Ешкімді әкелмегенсіздер ме? – деп таңдана дауыстай
сұрады Костяков.
– Текке барып келдіңдер-ау?! – деп өкінді Никифоров.
– Бәрі-бәрі қарық болғаны ма? – деді өңі қашып боп-боз
болып кеткен Аннуир күбірлеп.
Әрине, Ордин жұбата бастады.
– Қарық болған бірер зат осы біз тапқан, – деп әзілдеді
Горюнов қайықтан Аннуирге әйел киімін әперіп жатып.
Бәрі бірлесіп байдарканы жоғары шығарды, бұның өзі
едәуір күшке түсті, себебі күртік пен екі ортадағы жар күні
бойы екі-екі жарым метр биіктепті, бұл – су шайып күртік
шөкті, не ойпат табаны әлі түсіп барады деген сөз. Текшемен
қатынас жақсарсын деп казак, әйтеуір, баспалдақтарды тақта
мұздардан жасап қойыпты.
Түскі ас үстінде олар бір-біріне күні бойы қайсымен
айналысқанын айтысты. Қалған үшеуі текше тастың үстіндегі
жар-құздан баспалдақ жол салып, жотада болып, жақын
маңнан ашық теңізді көріпті. Алайда ойламаған жерден бұлар
кетісімен күртіктегі баспалдаққа үп-үлкен екі аю шыға келіпті,
ойлары адамдармен бірге текше тасқа шығу болса керек
сабаздардың. Әрине, мұндай қатерлі көршіліктен аулақ болған
абзал – атуға тура келеді, біреуі күртіктен сырғып суға күмп
береді де, екіншісін текшеге шығарып алып құлатады. Жолға
жаңа еттің осылай қисыны келе кетіпті.
Ордин өздерінің жертөлесінен тапқан көрпе мен әйел киімі
Аннуэндікі екен, оны Аннуир жазбай таныды.

Жүгі жоқ, жеңіл әрі жылдам жүзетін желқайықтыңшапшаңдығын сағатына он шақырымға апаруға болады,Демек, үш сағаттың ішінде Амнундак тұрағына жетіп баруқиын емес. Ойпаттың шет жағының ашық суымен, таяз тұстыңқойтасына соғылып қалмас үшін жарқабақтарға оншажақындамай, орман бауырын жиектей жүрді. Ықылымжылдар жер қыртысын жауып жатқан өлі жәндік, қу жапырақ,шөп-шөлең құжынап бетіне шыққан лай сумен желқайық жеңілсызып келеді. Горюнов ара-тұра сырық тастап, судыңтереңдігін өлшеп қояды – бір метрден асып кетіпті ол.Ойпаттың суы аз жағына қашып құтылмаса, ірі хайуандардыңөзі қарық болуы шексіз. Ал су баспаған жер бар ма екен, әй,болуы да мүмкін-ау. Жүргіншілерді мазалаған енді осы ойболды.

– Осынша нөпір су қайдан келді деп басымды күні бойықатырып кслемін, – деді Ордин.

– Уақытша кідіріп қалғанжерасты суының арнасы осы жерге айналып кеткені ме сонда?

– Су ойпатқа теңізден өткен жоқ па екен? Теңіз тіптіжақын ғой және қасиетті көлдің көмей-қуысы сияқты қатынасжолы бар! – деген болжам айтты Горюнов.

– Онда су ащы, тұзды болуы керек. Дәмін татып көріңіз.Горюнов алақанымен көсіп алып ішті де түкіріп тастады.

– Ап-ащы тұзды су, тек теңіздікіндей емес.

– Ол да түсінікті. Бұл жерде ол көл суымен араласып,бойына қар сіңірген. Теңіз суы құйылған болса, ойпаттабанының төмен түскені енді айдан анық.

– Ондай болса, су бұдан жоғары көтерілмейді ғой. Жеткендеңгейі осы болуы керек.

– Бұл алдымен ойпат табанының қанша төмен түскеніне,сосын көмей қуыс диаметрінің ойпат көлеміне қатысынабайланысты: көмей-қуыс тар да, аңғар орасан ауқымды,сондықтан су теңіз бетіне теңелу үшін көп уақыт керек. Алтабанның қанша түскенін біз білмейміз. Ойпат табаны табанан сияқты тұтас түсе қойды деп ойлау да қиын, бәріненбұрын ол танап-танапқа бөлініп, әрқайсысы әр деңгейде түсуіықтимал.

– Демек, кей танаптар орнында қалып, жан-жануар соғанпаналауы мүмкін ғой.

– Солай деп ойлап, солай үміттенуге болады – онда олСанников жерінің халқы үшін зор бақыт.Желқайық судан басы ғана қылтиып тұрған бұталардыңжиегімен сыдыртып келеді; бұл бұталардың сол қанатыеңселене келіп орманға ұласады да, оң қанаты барып, жардыңетегіне тіреледі, оның бер жағында екеуіне де жуыспай,аралдай оқшырайып қойтастар жатыр. Жарқабақта әр тұстантаутекелер көзге түседі, кейбірі тыпыр етпей суға телміріп,кейбірі ерсілі-қарсылы безіп жүр жануарлар! Бұл бейшараларғааштық, ажал төніп тұр, себебі бар азығы шөп пен мүгін субасып қалды, ал текше тастар түк еспейтін қу тақыр. Судан шығып тұрған қойтастардан тастақ төбелерді мекендегенкөртышқан, сарышұнақ, егеуқұйрық сияқты ұсақ жәндіктербайқалады, олардың арасындағы бірді-екілі қоян алып сияқтыкөзге ұрады. Біріне-бірі жабысып бұл мақұлықтар аштықаранына мойынсұнып отыр. Жақынырақ бір қойтасқа шүйіліпкеліп бір қыранның қоянды іле жөнелгенін, онан қорқыптырағайлай қашқан қалған жәндіктердің шолп-шолп суғатүскенін де жиһангездер көріп келеді. Оңай олжа іздегенбасқа да қанатты жыртқыштар аспан шарлап, қойтастарғақайта-қайта шүйіліп жүр. Бұл олжа мың күн азық бола ма,бәрібір олар да аштық ажал тырнағына ілігеді ғой. Бір жартастаолар ошарылып тұрған түлкілер мен қасқырларды көрді,жанынан жүзіп өткен адамдарды көзімен ұзатып сап бірітұр, бірі жатыр жазғандардың.Екі сағаттың шамасында қасиетті көлдің тұсына келді,оны екі жағынан жарты шеңбер жасай қоршаған құздан ғанаайырды. Бұл кезде ескекке ауысып отырған Горюнов есудіңқиындай түскенін байқады. Желқайықты тоқтатып, ағынғақарсы келе жатқанын аңдады, су қышқылтым тұзды әрітаза екен. Көлдің өз орнында ағын күшейіп, су жалданыпшығып жатыр.

– Байқайсыз ба, су әлі келіп жатыр, күшті келіп жатыр,– деді Ордин.Ол сырығын суға тастап еді, түбіне әрең жетті, ол өзі үшметр болатын.

– Құрмалдық тасы да көрінбейді, – деді Горюнов, – алол көл бетінен екі метрдей шығып тұратын-ды.Ойпат жағалай әлі де біраз жүріп, жүргіншілер керектібағытпен орманға қарай кеткен таза су жылғасын тапты да,солай жүзіп жөнелді. Ұзамай канал қусырылып, қайық ағашарасымен тартты. Осынау қарық болған орманға қараудыңөзі аянышты: сидаң тартқан жапырақты ағаштар, жасылшырша мен самырсын жапырақ, бұтақ, тағы басқа қоқыскөлкіп жүрген суда тұр, арасында өлген құс, уақ жәндік несән. Ағаш бұтақтарында бірден-бірге шырылдай ұшқан құстар жүр, бұтақ қуысында жылтиып әдетте бірін-бірі жеп қоятынтышқан, егеуқұйрық, сасық күзен, ақтышқан, сусар сияқтыкеміргіштер отыр. Жалба-жұлба бұлттарды жыртып шығыпкүн көзі осынау оғаш суретті жиі зерлеп тұр.Орман арасымен түбірге, не үшкір бұлаққа соғып алмасүшін абайлап, ақырын жүзуге тура келді. Міне, қарсы алданашылып, алаңқай орнынан айдын су көрінді. Соған шығыпжүргіншілер тұрағымыз тұрған алаң осы ма, осы емес пе депойланып қалды. Орманның бедер белгісі ұқсаңқырайды.Кенет көлдің ортасынан судың бұрқана жоталанып шыққаныкөзге түсті. Баяғы бу бұрқыраған тұстан су әлі де көтеріліп,шығып жатыр екен.

– Бұл біз тұрған алаңқай емес! – деп дауыстап жібердіГорюнов.

– Ол жердің көлі көпіршімейтін де.– Мен де солай ойлаймын, ал бұл сол алаңқайдыңтүстігінде көршілес жатқаны, – деді Ордин.

– Енді теңізғана құйып жатқан жоқ, жерасты су көзі де қалпына келгенібелгілі болды... Ал бұл арада су тұщы болуы тиіс, – депкеліп, ол іліп алып ішкелі қолын суға малды.

– Тұщы деугекәміл болады және әжептәуір жылы, – деді ол шөлінқандырып алып.– Олай болса, жылы судың біздің қайыққа түк те пайдасыжоқ, – деді Горюнов.

– Оның құрсаулары еріп сөгіліп кетуікәдік – көпіршіген жерден аулақ кету керек.Жіңішке каналмен терістікке қарай тартты да, ұзамайтұрақтары тұрған алаңқайға шықты, оны айнала ағашы кесілгенорманнан таныды.

– Ә, міне, біздің жертөле! – деп Ордин қуанып кетті.Көлдің қарама-қарсы жақ шетінде жертөленің ортаңғы биікбөлегі ғана қылтиып көрініп тұрды, оның үстінде ерігенқардың қалдығы мен түндіктің бір жағын жапқан қабықжатыр. Жүзіп келді де Ордин шаңыраққа шығып, төменүңіліп айғайлап жіберді:

– Қаншама казына қалқып жүр!265Жалма-жан ол қолын тығып жіберіп, көрпе-жастық,әйелдердің бірнеше кеудеше-шалбарын, ағаш аяқ тағы басқакәкір-шүкірлер алып шықты. Бәріне де су сіңген, зіл қара тас.

– Көрпе-жастықты алайық

– Аннуирге жарап қалар, –деді ол.

– Тек жақсылап сығу керек. Заттарды алып Ордин қайыққа қайтып оралды да, оларкөсемнің жертөлесі тұрған жерге жүзіп барды. Бұл арадасудағы тек төрт аша ғана қылтиып, шатырдың бір бөлегікөрінеді. Сырық тастап еді, үйілген топырақ пен бөренеденбасқа ештеңе байқалмады.

– Тіпті еш жерде адам белгісі білінбейді! Оларды ағашарасынан да байқай алмадық, өздері көріп, айғай салуы керекеді ғой, – деді Горюнов.

– Келіңіз айғайлайық одан да.Амнундакты, Никитаны, атын білетін әйелдерді айғайлапшақыра бастады. Бірақ үн қатқан ешкім болған жок. Тылсымтыныштық меңдеп алған төңіректі.

– Барлығы бірдей суға кетуі мүмкін емес қой. Біреуіболлмаса біреуі ағашқа иә біздің жертөленің шатырына бассауғалауы керек еді.

– Тегі, кетіп үлгерген болды. Әрегірек барып іздеу керек.Бәлкім, олардың асықпай көшуіне мүмкіндігі болардай, субіртіндеп басқан шығар, – деп топшылады Горюнов.

– Оған да ұқсамайды, – деп өз пікірін алға тартты Ордин.

– Асықпай-саспай көшкен болса, қыста ең қажет көрпе-жастық, киім-кешек тәрізді заттарын тастап кетпес еді.Каналмен жүзіп отырып олар екі шақырымдай жердегікелесі тұраққа келді. Одан жартылай құлап, белуардан судатұрған жертөлені көрді. Горюнов судың тереңдігін өлшепеді, бір жарым метр.

– Ал бұл арада кісі суға кетуі мүмкін емес, – деді олдаусын шығара.

– Шамасы, ойпаттың бұл тұсы аз түскен.Жертөлеге келіп, құлаған бүйірден ішке көз салып еді,көң-қоқыс, шала, ескі-құсқы бірдеңелер ғана су бетіндежатыр, бірақ киім-кешек жоқ.

– Мұның тұрғындары бағалы затын алып, кетіп үлгерген,– деді Ордин. Жақын маңдағы ағаштарды барлап, айғай сап көріп еді,– судың тартылуын күтіп бірнеше ағашқа топырлай қонып,қимылсыз отырған қарғалар ғана қарқылдап жауап қатты.Келесі екі алаңқайды да аралап, тұрақтарды тексеріп көріпеді, жертөлелері жартылай не түгел құлаған екен, бірақ ешжерде тірі пенде жоқ; судың тереңдігі метрге дейін таяздап,кей жерде желқайық құлаған ағаштың түбіріне тиіп қап,абайлап жүзуге тура келді.

– Осы іздеуді доғарсақ па деп ойлаймын, – деді Горюнов.

– Күллі онкилондар ойпаттың су баспаған терістік бөлегінекөшіп үлгеріп, аман құтылған. Демек, біздің көмегімізге ділгерешкім жоқ, ал құрғақ жерге барсақ, онкилондармен ұшырасып,қолайсыз жағдайға тап болуымыз кәдік.

– Бәлкім, әрі қарай су тағы да тереңдеп, босқын кезіндесуға тап боп, көмек күткен біреулерге кезігерміз, – депболмады Ордин.

– Іздеген соң ақырына дейін іздейік,арымыз алдында айыпты болмайық та.Горюнов көнді де, әрі қарай жүзді. Алайда келесіалаңқайда желқайықтың асты қайраңға тиіп, бұрынғы көлдіңорнынан қамыс-құрақ, ши басы қылқиып көрініп тұрды.Алаңқайлардан арғы каналдың тереңдігі жарты метрденаспай, кей тұстан жер көрініп жатты.

– Келесі алаңқайда онкилондарға тап болатынымыз хақ,– деді Горюнов.

– Дұрыс айтасыз, әне, орман үстінен түтін көрінеді. Бұлолар құрғақ жерде отыр деген сөз, – деп оның ойын Ординде қостады.

– Тіпті дауыстарын да есітерміз.

– Жер сілкіну мен сел басудың салдарынан онкилондаройпаттың терістік жартысына ауысып қонған, сонда ендібаяғысынша күн кеше береді, – деді Горюнов.

– Көпіршіген екі көлге қарағанда ойпаттың жылытқышыда қалпына келген, – деп пікірін ширата түсті Ордин, –ендеше, онкилондар тағдыры жөнінде алаңдайтын да түк жоқ. Ал бәзбір апатқа орай оларға бару деген басты бәлегебайлап, тұтқын тұзағына өзің мойын ұсыну болып шығады...Егер теңіз тым далиып, жүзіп өте алмастай жағдай болса,текше тасқа қайтып келіп, суық түсуін күтуімізге болады,отын су да, итке азық та ол арадан жақын, онкилондардансу бөліп жатыр. Тек Гороховты тағдырдың тәлкегіне тастапкетіп барамыз, ендігі ол шешімін өзгерткен де шығар.

– Горохов қазір текше таста отыруы да мүмкін, – дегенпікір айтты Горюнов.

– Топан су оны пікірінен қайтарғанболса, ол қарбалас кезінде қабық қайықты қолға түсіріп алып,өзі не әйелі екеуі бізге бір-ақ тартады. Ол қайықтың қайжерге жасырылғанын жақсы біледі, ара-тұра балық аулауғапайдаланып та қоятын. Келісілгеніндей оны ертең таңертеңгедейін күтейік.Әңгімелесіп отырып олар аздап тынығып алды да,шапшаңдату үшін алаңдай, каналдармен әуре болмай, ойпатшетіне қайта шықты. Соған қарамай қайтар жолға төрт сағатуақыты кетті. Бұрынғы қасиетті көлдің маңынан өткендекөмей-қуыстан су әлі келіп жатқанын, бірақ бұрынғыдан баяуекенін байқады. Тегі, су деңгейлері теңелуге айналса керек.Сырық тастап көріп еді – үш метрден асып кетті. Бұларжоқта күртіктің маңы да көлкіп кетіпті. Судың тереңдігі екіметрден де асады.Текше таста қалғандар бұларды құтқарған адамдарынакөмектесеміз деп мұз баспалдақтың басында қарсы алды.

– Ешкімді әкелмегенсіздер ме? – деп таңдана дауыстайсұрады Костяков.

– Текке барып келдіңдер-ау?! – деп өкінді Никифоров.

– Бәрі-бәрі қарық болғаны ма? – деді өңі қашып боп-бозболып кеткен Аннуир күбірлеп.Әрине, Ордин жұбата бастады.

– Қарық болған бірер зат осы біз тапқан, – деп әзілдедіГорюнов қайықтан Аннуирге әйел киімін әперіп жатып.Бәрі бірлесіп байдарканы жоғары шығарды, бұның өзіедәуір күшке түсті, себебі күртік пен екі ортадағы жар күні268бойы екі-екі жарым метр биіктепті, бұл – су шайып күртікшөкті, не ойпат табаны әлі түсіп барады деген сөз. Текшеменқатынас жақсарсын деп казак, әйтеуір, баспалдақтарды тақтамұздардан жасап қойыпты.Түскі ас үстінде олар бір-біріне күні бойы қайсыменайналысқанын айтысты. Қалған үшеуі текше тастың үстіндегіжар-құздан баспалдақ жол салып, жотада болып, жақынмаңнан ашық теңізді көріпті. Алайда ойламаған жерден бұларкетісімен күртіктегі баспалдаққа үп-үлкен екі аю шыға келіпті,ойлары адамдармен бірге текше тасқа шығу болса керексабаздардың. Әрине, мұндай қатерлі көршіліктен аулақ болғанабзал – атуға тура келеді, біреуі күртіктен сырғып суға күмпбереді де, екіншісін текшеге шығарып алып құлатады. Жолғажаңа еттің осылай қисыны келе кетіпті.Ордин өздерінің жертөлесінен тапқан көрпе мен әйел киіміАннуэндікі екен, оны Аннуир жазбай таныды.

 

0
0
789

Еще по теме

ЖЕР БЕТІМЕН ЖҮЗУ - Yvision.kz