Перейти к содержимому
Qaz

Qaz

497 постов4 подписчика

ЖҰЛДЫЗДАР АЙТЫСАДЫ, 1 апта

«Хабар» телеарнасы 10 сәуірден бастап ауқымды «Жұлдыздар айтысады» шоуының көрсетілімін бастады. ТВ-шоуда танымал өнер жұлдыздары мен айтыскер ақындар жұптасып тапқырлығы және шешендігі бойынша сайысқа түседі. Орамды ойларын ортаға салу үшін сахнаға 16 қатысушы шықты және олардың арасында жеребе тастау арқылы 8 жұп айқындалады. Суырып салма өнерінде өзін жақсы танытқан жұп шоу жеңімпазы атанады. Сайыстың басты жүлдесі – 1 миллион теңге. Жобаға қатысушылар арасында: Еркін Нұржанов, Ернар Айдар, Асхат Тарғын, Қайнар Алагөзов, Жанболат Найзабеков, Мөлдір Әуелбекова, Бибігүл Тілеболдинова, Сара Тоқтамысова, Жазира Байырбекова, Дидар Қамиев, Шахаризат Сейдахметов, Шалқарбай Ізбасаров, Рүстем Қайыртайұлы, Роза Әлқожа, Амангелді Сейітханов, Сырым Әуезхан. Жүргізушілер – әнші Жанар Айжанова мен п…

0
0
1365

3 жайфон немесе 1 айфон!!!

Естеріңізге сала кетейік 1 сәуір күні Қазақстанда жұмыс  орнында камера, Bluetooth, диктофон сияқты заттары бар смартфон қолдануға тиым салынып, заң қабылданған болатын. Бұны естіген қарапайым халық өздерінің жайфондарының бағасын аспанға ұшырып жатыр. Мәселен мына 3 жайфон 1 айфонның құнын құрамақ.

1
0
1804

МЫҢТҮТІН АЛҚАБЫ

Ертеңгі ас үстінде соқыр тұман арасында отырып олар қаншық қасқырларды қалай бірге ала жүру мәселесін талқылады. Біреу оларды кезектесіп көтеруді, біреу өгіз терісінен зембіл жасап соған сап сүйреуді ұсынды. Ең оңай әдісі – оларды өз аяғымен жүгіртіп отыру, ал ол үшін не шынжыр, не сым жоқ, қайыс бауды тісімен қырқып тастайды. Ақыры қайыстан қарғы жасап, тұмылдырық кигізу еске түсті. Қарғыға қайыс өткізіліп, ол Горохов мылтығының шомполының ұшына байланды. Сөйтіп, қасқырлар кісі қасында жарма киген өгіздей бүкеңдеді де отырды. Бір онкилон жетектеп, екіншісі артынан қуалап келеді. Әуелі азулы аң бұған бағынғысы келмей жатып та алды, содан оларға иттерді қосып еді, бөкседен бір тістеуі мұң екен, құйрығын қысып алып меңтеңдей жөнелді. Тұман сирей олар терістікке тартты. Өсімдік барған сайын…

0
0
665

АҢДЫҒАН АЛМАЙ ҚОЙМАЙДЫ

Жиһангездер бір аптадан артық өз жертөлесінде болды, вампуларға барып қайтқаннан кейін біраз тынығып, онкилондардың тілін үйренуді ойлады, онысы келіншектермен әзіл-қалжың айтысып отыратын оларға қиын да түскен жоқ. Алаулаған от басында аузына темекі салып не қолына бір шыны шай алып, ойнап-күліп отырып-ақ әйелдерге орысша үйретіп, аптаның аяғына қарай олар бірін-бірі тәп-тәуір түсінетін дәрежеге жетті. Көршіден шыққан күлкіге кейде Амнундак жетіп келеді, оны көргенде әйелдер әдеп сақтайды, ал жиһангездер де беделін түсірмеуге тырысады. Маусымның басы болып қалған, күн көкжиектен көп аумайды, бірақ түн ортасына қарай ойпаттың теріскей қиырына еңкейіп, екі сағаттай аппақ бұлт я буалдыр тұман пердесіне кіріп кетіп, ымырт үйіріледі. Әдетте жиһангездер бұл мезгілде ұйқы құшағында жататын, бір…

0
0
795

ОНКИЛОНДАР МОЛАСЫ

От айнала жайғасқан жауынгерлер бір-біріне және әйелдерге жорық пен ұрыстан алған әсерлерін айтып, айқастың кейбір көріністерін көз алдына келтіріп, аз ғана құрбандықпен тағылардың тұтас бір тұқымын құртуда басты күш болған ақ адамдардың нажағайы мен жасынын мақтап жер-көкке сыйғызбады. Онкилондардан шығын шынында да аз еді: бұлардың опат болған бір жауынгерінің орнына он вампу өлтірілді және ұрланған мал-мүлкі түгел қайтарылды. Бұрынғы соғыстарда мұндайды көз де көрмеген: бір онкилонның орнына екеу, ең көп болғанда үш жабайы жер құшатын. Енді аузы күйген вампулар көпке дейін бұларға бата алмайды. Амнундак пен жиһангездер, Аннуир және тұтқыннан құтқарып әкелген әйел бар – бәрі бөлек оттың басында отыр. Аннуирға жорық жайын бақайшақтап Горохов ауыз жабатын емес. Тілін там-тұм түсініп қалға…

0
0
767

ВАМПУЛАРМЕН ШАЙҚАС

Онкилондардың айғай-шуынан жиһангездер алақарақта шошып оянды. Абыржыған Аннуир ауызға келіп, мойнын сыртқа созды да, жайсыз хабар естіп еңіреп қоя берді. – Түнде вампулар біздің тұқымның тұрағын шауыпты. Көсем оларға қарсы жорық жариялады. – Жарайды, басқа лаж жоқ, жолдастар! Киіну керек, жорық бізсіз болмайды, – деді Горюнов киім-кешегін ұстап тұрып. – Некелесе салып, соғысқа аттанған қызық екен!.. – деп күлді Костяков. – Кигіз, Папу, сауыт пен дулығаны, әпер маған қалқан мен алмас қылыш, жас батыр майдан кіріп, салмақшы ұрыс. Әрине, осынау ексім жырдан ештеңе түсінбеген ол ұйқысын еркін аша алмай, жазмыш жарына тек жыпылықтап қарай берді. Оның күліп тұрғанын көріп, өзі күліп, орыс сөздерін бұзып былай деп сұрады: – Огне жигать, кушай варить? – Дұп-дұрыс айтасың! – деп күліп жіберді көр…

0
0
593

ЖАР ТАҢДАУ ТОЙЫ

Келесі күні онкилондардың көктемнің кемел тууын, жыл құстарының келуін, солтүстік бұғыларының бұзаулауын атап өтетін көктем тойы болуға тиісті. Алаңқайға алакөбеден-ақ барлық мекеннен ағылып жауынгерлер келе бастады, үйде тек кемпір-шал, бала-шаға мен бұғы күзеткен бақташылар ғана қалды. Келгендер орман жиектей ру-руымен жайғасып, от жақты, әйелдер ас қамдап, ерлер жарысқа қажет қаруларын сайлады. Бір ошақтан бір ошаққа қыдырып, жаңалықтарын ортаға салысты. Онкилондарға жазылмыш бақытсыздықты жуықтатпас үшін бірге қалуға келіскен, қолында нажағайы мен жасыны бар жатжерліктерді көру үшін жауынгерлер топ-тобымен Амнундактың жертөлесіне кезек-кезек кіріп-шығып жатты. Алғашқы күндердегідей емес, әңгіме енді еркінірек өрбитін болды, себебі Горохов ұмыта бастаған чукча тілін есіне түсіріп, басқ…

0
0
711

ВАМПУЛАРМЕН ТҰҢҒЫШ ТАНЫСТЫҚ

Аюдың басын еттен арылтып, қоймаға жасыруға тиіс Никифоровты жалғыз қалдырып, жиһангездер ойпатты жиектей отырып терістік-шығысқа бет алды. Алғашқы сапардан таныс жерлерді көктей өтіп, түске тармаса олар бір ашық алаңға шықты. Оның дымқыл топырағынан көлге таяу тұста өгіз бен жылқы тұяғына қоса жалаңаяқ адам ізін тапты. Бұл онкилон ізі емес, себебі олар аяқкиімсіз жүрмейді. Және мынау табанның таңбасы тым үлкен, башпайлары әдеттегіден әлдеқайда ұзын, бірінші және екінші башпайларының арасы едәуір алшақ. Терістік-шығысқа қарай кеткен ізге иттерді салып жиһангездер тағы да екі алаңқайдан асып, үшіншісіне жақындағанда шуылдаған дауыстар есітті. Иттерді қарғысынан жетелеп, орман бауырына абайлай жетіп жазыққа көз тастап еді: вампулар жүр. Сегіз адам шөпте жатқан бір қараны айналып билеп жүр,…

0
0
521

МҮЙІЗТҰМСЫҚ АУЛАУ

Келгендердің көптігі арқасында жаңа жертөленің тіреулерін қою ширек сағатта ғана бітті. Жертөле төбесін шыммен жабуды әйелдерге қалдырып, Амнундактың бастауымен жиналған жауынгерлер жатжерліктердің алдында ғана кездестіретін бір үйір мүйізтұмсығы жүрген шығыс жаққа аңға шықты. Жиналған жүз шамалы адам орманды жиектеп, мүйізтұмсықтар жайылып жатқан тайшаптырым алаңқайды қоршап ала қойды. Көсем мен жиһангездер аң айдалмақ сүрлеуге жақындап кеп тұрды. Барлығы орын-орнына тұрып болған соң Амнундактын берген белгісімен онкилондар ағашты шоқпармен қағып, әскери жырларының айғай сүреңіне басып кеп жөнелді. Қаннен-қатерсіз жүрген мүйізтұмсықтар қапелімде қайда барарын білмей, алаңқайдың бірде ана шетіне, бірде мына шетіне атылып, қайда барса қарсы алған ызы-шу, ысқырықтан тайқып шыға берді. Ақыры…

0
0
1142

ҚҰРМАЛДЫҚ БЕРУ ЖӘНЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ

– Көсемге айтыңыз, – деді Никитаға Горюнов. – Біз ең бейбіт адамдармыз, ешкімге де қияғымыз бен тұяғымыз тимейді. Бізді де мұнда терістікке ұшқан құстар алып келді. Сол құстар жаздай жайлайтын жерді ғана көрсек дейміз. Көре сала өз жерімізге қайта ораламыз. Горохов бұл сөздерді аударып берді. – Ал қолдарыңда алыстан жайрататын әлгі нажағай мен жасын бар ма? – деп сұрады Амнундак. Осы сауалды бергенде бәзбірдеңені алаңдай күтіп отырғандардың көзі жатжерліктерге қадала қалды. Горохов Горюновқа аңтарыла қарап еді, ол былай деді: – Біздің қарулар қиядағыны қағып түсіретін нажағай мен жасын емей немене? Ол жайында онкилондар бәрібір біледі. Бізді құдайдың өзі жіберген деп біліп, қастық бірдеңе ойламасы үшін кезі келіп тұрғанда солай деп, тағы бір абыройымызды асырып алайық. – Иә, нажағай мен ж…

0
0
7424