Келесі күні ең шеткі мекенді басып, жиһангездер үйіне
едәуір ерте келді. Көсемнің жертөлесі алдында олар көрші
тұрақтың жауынгерлерін жаңа ғана ұстап әкелген вампуымен
бірге алқа-қотан қоршап алған онкилондарды көрді.
Жауынгерлер бүгін таңертең ерте аңға шығып бара жатып
бес вампуға тап болады, толайым түрі бұғы ұрлағалы жүрген
барлаушылар тәрізді. Оларды табынға тақау жерде қуып
жетіп, жанжал шығады, сол арада екі вампу өліп, екеуі қашып
құтылады, жаралы біреуін тұтқындап, жателдіктерге тарту
еткелі алып келеді. Меймандардың өлген жануарлардың терісі
мен бас сүйегін жинайтынын, Мыңтүтін алқабына ана жолғы
саяхатында қасқыр жеп кеткен вампудың бас сүйегі мен
жілігін көтеріп көргенін жауынгерлер байқаса керек, зерттесе,
өлісінен тірісі дұрыс шығар деп мына вампуды әкеп тұрған
себебі сол екен. Қолы артына қайырылып тас қып байланған,
үсті-басын найза мен жебеден түскен жарақаттың қаны жуып
кеткен, тұтқын, шамасы, аяғынан әрең тұр. Оны вампуларды
сирек көретін қатын-қалаш, бала-шаға қаумалай қоршап алған.
Тірі вампуды қалағанынша көрудің мүмкіндігі туыпты.
Жиһангездер вампу оларға тірі кезінде қызық екенін
айтқанда, Амнундак оны ағашқа апарып байлап тастауға әмір
берді. Жиһангездер жедел өлшеп, суретке түсіріп алып, содан
соң оны қоя бер деп көсемге өтініш айтуға асықты.
Барлық алғашқы қауым адамдары сияқты тұтқын да
бұлшық етті, әлеуетті әрі жас еді. Бас сүйегін өлшеуге жал
сияқты қобыраған, арасына неше жылғы кір баттасқан шашы
бөгет болды ма, Горюнов оны алып тастамаққа тоқтады.
Жалтыраған қайшыны жақындата бергенде бауыздайын деп
жатыр деп ұққан вампу жан даусы шығып, зарлап қоя берді.
Шаш алу ағашты айнала тұрған онкилондардың көз алдында
өтті, олар бұрын-соңды мұндай қарекетті көрген жоқ-ты,233
оның үстіне мына жаңа құралдың өзі де бейтаныс. Тұтқын
бұл істі азаптардың алдындағы байқау шығар деп ойлап,
азаптаушысының білегіне өткір тісін қадауға алас ұрды да,
аузын буып тастауға тура келді. Бас сүйегін өлшеуге әкелген
жалтылдақ құралдар оны қалтыратып жіберді. Бойын, басын,
тұрқын өлшеудің бәрін, әрине, ол өлтірер алдындағы сиқыр
айла, ең азаптысы кейін болады деп ұқты. Ақыр аяғында
жалтырақ бірдеңенің басына төрт бұрышты қара затты қойып,
мұның алдына әкеліп сырт еткізгенде жасын оғы енді
жайратпақ деп ол көзін жұмды. Өзіне ештеңе болмағанын,
ақыр соңында еш зақымсыз қалғанын көргенде ол қатты
таңданды.
Онкилондар осы қимыл-қарекеттің бәрін міз бақпай,
бақылап тұрды, бой мен басты өлшеу оларға бұрыннан
танысты, әуелі әйелдер, сонан соң жауынгерлер мен балалар
осылай өлшенген. Әрбір осы әрекет жалтырақ таянышы бар
әлгі қара заттың сыртылымен аяқталатын, ал оған мән берген
онкилон жоқ.
Өз шаруасын тындырған соң Горюнов вампуды еркіне
қоя беруін өтініп, көсемнен батыл тойтарыс алды.
– Бүгін кешке бізде тағы да табыну басталады, бақсы
рухтардан вампудың өлу-өлмеуі жөніндегі байламын біледі,
– деді Амнундак, – бұған дейін біз тұтқынды ешқашан
ешқайда босатпаймыз.
Күн кешкіріп те қалған, алыс сапар-саяхаттан, бүгінгі вампу
оқиғасынан әбден шаршаған жиһангездер өздерінің мұнтаздай
жертөлесіне оралып, алаулаған от басына жеткеніне қуанды.
Тұман қалыңдап, күн қайта суыта бастады. Кеше де, бүгін
де тұманның түске дейін айықпай тұрып алғанын, артынан
күн шыққанымен де «осы мезгілдегі біздің Казачьедегідей»
суық болғанын олар Гороховтан сұрап білді. Сол күні сұр
қарлығаштардың түстікке ұшқаны байқалды, суықтың түсуінен
тынышсызданған қаз-үйректер де ұшуға жиналып жатты. Екі
түн қатарынан болған аяздан қырдың шөбі солып, жатып234
қалды, жапырақ сарғаймай-ақ түсе бастады. Онкилондар
таңырқап, мұндай суық пен тұман әдетте бір ай кейін түсетінін,
құстың да ерте қайтқалы жатқанын айтып жүрді. Бүгінгі
тәуеп ету де сол суықтың ерте түсуіне байланысты көрінеді.
Ымырт жабылғасын бақсының келген-келмегенін, дұғаға
ақ адамдардың қатысар-қатыспасын біліп қайтқалы Горохов
кетті. Бұл жолы табынуға тек жауынгерлер ғана қатысатыны,
әйелдер мен балалар да жіберілмейтіні жайында хабар алып
ізінше қайтып келді ол.
Күн суық болғандықтан Амнундак ақ адамдардан әйелдер
мен балалардың осы үйге кіріп отыруына рұқсат сұрады.
– Осылар бір жаман жымысқы іс жасағалы жүр ме деген
ой келеді маған, – деді Ордин әлгі хабарды естіген бетте-
ақ. Біз ештеңе естіп-білмесін деп олар күллі әйелдерді
шығарып жіберді.
– Мүмкін, – деді салмақ сақтап Горюнов. – Бірақ біз
оларға бөгет жасай алмаймыз, ендігі қалғаны тек сақ болу
ғана. Осы Аннуирден сұрап көріңізші, олардың бұл тақылеттес
табынуы да бола ма екен?
Аннуир мұндай дұға вампуларға шабуыл жасайтынның
алдында болатынын айтты.
Ұзамай жертөле ақ адамдардың отының басында аласталу
уақытын қысқартқалы келген қатын-қалаш, бала-шағаға толды.
Олар бұл үйде бұрын да болған, әсіресе, жателдіктер жоқ
кезінде жиі келіп жүретін-ді, ал енді тұқымымен тегіс кірген
соң емін-еркін билеп-төстеп, істікке ет шаншып, шелпек пісіріп,
кешкі ас әзірлеуге кірісіп те кетті, жертөлені балалардың
айқайы, сәбилердін шырылы, үлкендердің әзіл-қалжың, ойын-
күлкісі кернеді. Күні кеше ғана бабалары айтып кеткен
бақытсыздыққа кінәлі деп, жателдіктерді желкелеп қуып
жіберуді талап еткен, қазір алаңсыз, мұңсыз сол
жатжерліктермен ойнап-күліп, әзіл-қалжыңы жарасып отырған
осынау ақжарқын көңілді адамдарды көргенде жиһангездер
кешегі қара тақыр қу медиенде куә болғандарын көз алдына235
келтіріп, жағдай кенеттен өзгере қалмаса, алғашқы қауымның
бұл тайпасына да өлім қатері төніп тұрғанын ойламай қала
алмады.
– Ойлап-ойлап, әйтеуір мен шеше алмай қойдым, – деді
Горюнов әйелдердің күлкісі мен қалжыңы мезі еткен соң
өзімен бірге бұрышқа қарай оқшауланған Ординге. –
Онкилондарға төніп тұрған өлім қатерін айтып, түстікке бізбен
бірге кетейік деп ұсыныс жасасам ба деп, бір байламға келе
алмай-ақ қойдым.
– Осы жайды мен де ойладым, – деді Ордин, – бірақ
ұсыныс жасау асығыстық болар деген түйінге келдім. Қазір
теңіз ашық, қайықсыз олар қайда барады. Оның үстіне менің
қазіргі күткен қаупім дұрысқа шыға ма, жоқ па? Санников
жерінің жылытқышы ертелі-кеш қалпына келіп, істің беті
оңғарылып, ондаған жыл бойы жақсы да болып кетер...
– Ал жылытқыш қалпына келмей, көз алдымызда қыс
түсе бастаса қайтеміз?
– Қайтсе де, бұларға ештеңе айтып болмайды. Поляр
түндерінде айдын мұз арқылы жылы киімсіз, отсыз, бұғысыз
қайда барады! Бұғылары бірнеше күн мұз жолында аштан
өледі. Жоқ, олар осы қысты бірдеңе ғып өткереді, ал
көктемде қардың ерімегенін, жануарлардың өліп біткенін
көріп, бұл арадан кету керек екенін өздері де ойланады.
– Дұрыс! Ал көктемде осы жерді, оның халқын зерттеуге
академия жіберетін үлкен экспедициямен бірге ойпатты қар
басып қалмай тұрып біз де келеміз. Онда онкилондарды
көшіру де оңай – олар бұл жерден кетудің қажеттігіне өздері
де түсінеді.
– Ал қазір бұлар бізден апаттың тоқтатылуын талап етеді
тек.
Кешкі астан кейін әйелдер Гороховтың өтінішімен би
ұйымдастырды. Балалар мен кемпірлерді бұрышқа қарай
отырғызып, өздері әдеттегідей киімін түгел шешіп, бірінің236
қолынан бірі ұстап от айнала билей жөнелді. Биі қарапайым
әуен ырғағымен бірде оң аяғын, бірде сол аяғын көтеріп
секіру, қолын бұралтып, жан-жаққа мойнын қозғалту.
Осындай билермен әйелдер ұзақ поляр түндері от басынан
шықпай, жертөледе отыру әбден зеріктірген еркектердің
көңілін көтеретін. Алғаш билегісі келмегендей, әуені мен
қимылы баяу басталып, бірте-бірте ширап, ақыр аяғында
әйелдер шыр айналғанда шапшаңдығы көз суырып, аяқ дүрсілі
мен шапалақ сатыры, шабытты үн құлағыңда күмбірлеп тұрып
алады. Құтырынған биде қоңырқай денелер мың бұралып,
бұрымдар деңгелең ойнап, алқа сылдырап омырауды
шапақтап, білектер ілгері-кейін бұлдырай сермеліп, аппақ
тістер жарқырап, еріндер әсем ашылып, көздің жауын алады.
Ақыры, әбден қалжыраған қыз-келіншектердің бәрі құлап
түсіп, әрқайсысы әр кейіпте от айналасында тер шылаған
денелердегі өрнек-таңбалардың қаракөк белдемшелерін түзей
алқына тыныс алып жатады. Қазір сызықтары әсіресе айқын
айшықталып, жылдай ұзақ поляр түндері қыздардың денесін
өрнектеген алғашқы қауым суретшілері – кемпірлердің
бірінен-бірі асырмақ болған өнерінің жемісі ою-өрнек, гүл,
жапырақ, жануарлардың басының бейнесі тайға таңба
басқандай көзге ұрып тұр. Амнундактың тоқалы – жыланды
әйелдің өрнек-таңбасы бұрыннан таныс. Ал Аннуирдің алды
әр алуан гүлдер мен жапырақтардың суреті, ал екі
жауырынында күн шығып, шапағы мойнына, иығы мен беліне
шашырап тұр, белінен төменірек екі жақтан екі жарты ай
салынған. Ракудың денесі алдынан айқыш-ұйқыш
сызықтармен торланып, арқа жағы толқынданып, белі мен
мықынына түскен тұсы қошқар мүйізденіп, бұрап тасталған.
Қыздар денесіндегі өрнегінің мағыналылығымен бірінің
алдында бірі көлеңдейді, ал жас жауынгерлер көктемде
қалыңдық таңдағанда да алдымен қыздардың көбінесе осы
өрнек-таңбасына қарайды.237
Әйелдер дем алған соң жарты шеңбер жасап, оттың бір
жағында жиһангездерге қарама-қарсы жайғасты да ойын
бастады: оң жақ шетте бірінші отырған қыз «бірінші» деп,
көршісін алақанымен арқадан бір тартты, ол «екінші» деп
мына жақтағы құрбысына соны жасады, сөйтіп, шапалақ
толқыны екінші шетке бір-ақ шықты; біреуі есебінен жаңылып
қалса, оңнан да, солдан да соны тұқыртып, әжуа қылды.
Сол жақ шеттен, екінші қолмен шапалақ оңға жылжып, оң
жақ шеттен солға жылжып, екі толқын ортада түйісетін болды
да, есептен жаңылысушылар көбейіп, қыран-топан күлкіге
батырды. Бұл ермек зеріктірген кезде олар келесісіне көшті:
әйелдер жүресінен отырып екі қолын алдына созып, бір
аяғын отқа қарай көсілтіп, оны екінші аяғымен шапшаң
ауыстыра қоюы тиіс болды, егер біреуі кешігіп не басқа аяғын
созатын болса, бәрі күліп, көршісі оны шалқасынан түсіріп,
оның екі аяғы аспанда қайшыланып жатты. Бұл ойын
әйелдерді мүлде жалықтырып жіберіп, ақырында олар бірін-
бірі еш себепсіз шалқасынан түсіріп, апыр-топыр болып бәрі
құлап жатты.
– Мына би мен ойындар – тамаша гимнастика, – деді
Горюнов. – Ұзақ поляр түндері отыра-отыра ұйып қалған
дененің құрыс-тырысын жазуға таптырмайтын тәсіл.
– Иә, ерлер аңға шығады, бұғы күзетеді, отын кеседі, ал
әйелдер үй шаруасымен болып, жертөледен және қия
баспайды, – деп қостады оның сөзін Ордин.
– Бірінші ойын «алқа» аталады,екіншісі – «бақа», «сынақ»
деген үшінші ойыны бар, ол салмақтырақ, – деді Горохов,
сосын әйелдерге қарап: – «Сынақты» көрсетіңдерші, – деп
өтінді.
Әйелдер орынды-орнына отырды.
– Ал біздің арамызда өткен қыстан шыдамды болып
қалған қайсымыз? –деген дауыс шықты. – Сен бе Анну?
– Мен! – деді Аннуэн.
– Мен де өз тұқымымда! – деді Аннуир.238
– Сен бұл арада бөгдесің, шыдамды екеніңнің өтірік-
шынын ең алдымен сынау керек. Жат бірінші, – деп бұйырды
әйелдер.
Тері әкеп, оны оттан аулақ жарты шеңбердің ортасына
төседі, Аннуир оған шалқасынан түсіп жата кетті. Аннуэн
тостаған алып, оны мөлтілдетіп суға толтырды да жатқан
келіншектің қарнына қойды, өзі оның аяғынан басып тізесіне
отырып алды да табанынан қытықтай бастады. Қалған
әйелдер дауыстап санап тұрды. Сынақтың мәні мынада:
жатқан адам қанша қытықтаса да былқ етпей, демін де
біркелкі алып, онға дейін санап болғанша тостағаннан бір
тамшы су төгілмеуі керек. Жалаңаяқ көп жүргеннен
онкилондардың табаны қанша қалың болғанымен, бұл сыннан
ілуде біреу ғана сүрінбей өтеді. Оның үстіне әйелі бар
болғырлар өте шабан санап әлек қылады. Сыннан аман өткен
шыдамды деген атаққа ие болып, төзімсіздердің бәрін
қытықтауға хұқ алады.
Аннуир бұл жолы төзе алмады – тоғызды санағанда
күліп қойды, оның үстіне күндесі тіпті қатты қытықтады.
– Міне, сен шіп-шикі өтірік соғыпсың! – деді күндесі
табалай. – Сен ешқашан шыдамды болған жан емессің!
– Мүмкін, сен де шыдамды емес шығарсың! – деп
қызбалана қарсылық білдірді Аннуир.
Әлгі орынға енді Аннуэн жатты, Аннуир тостағанды
толтырып, оны екі анардың ортасынан сәл төменірек қойып,
ең сезімтал тұс – кіндіктің айналасын қытықтай бастады.
Ал Аннуэн тастай қатып, дымын білдірмей, сыннан сүрінбей
өтті.
– Онда мынаған шыдап көр! – деп кекете күліп, орнынан
тұра беріп, тостағандағы суды тұп-тура Аннуирдің бетіне
шашып кеп жіберді.
Бұл үлкен сыннан сүрінбей өткеннің бір артықшылығы
еді, Аннуир үндемей бетін сүртіп, сәл қысылыңқырап кейін
шегінді.239
Әйелдер бірінен кейін бірі жатып, Аннуэн бәрін де
күлдірмес ерікке қоймады: бірін ерте, бірін кеш күлдіріп,
барлығын да орнынан тұрғанша суға малшынтып шығарды.
Сынға шыдамағандар от басында кептірініп отырып, өзінің
кебін киген келесі құрбысына сақ-сақ күлумен болды. Бәрі
сыннан өткенде күлмей шыдаған тағы бір әйел шықты. Аннуир
жаңа жеңімпаз қытықтайтын болса, сынға тағы да түсуге
тілек білдірді. Аннуэн қарсы шықты. Олардың күндестігін
көріп жүрген қалғандары бұрын шыдамды атанса, Аннуирдің
сынға екінші рет түсуіне болады деді. Аннуир қалаған жерден
қытықтауға рұқсат беріп, бәріне де төзіп шықты, бірақ
қытықтаған адамына су шашқан жоқ. О, қытықтаушысы
Аннуэн болды бар ғой, бір тамшы қалдырмай шаша салар
еді!
– Міне, енді сіздің екі қалыңдығыңыз да шыдамдының
шыдамдысы болып шықты! – деп құттықтады Ординді
Горюнов.
– Және екеуі де қызғаншақ деңіз! – деп қосыла кетті
Костяков.
– Қызғанышсыз құмарлықта құн бар ма? – деп күлді
Аннуирдің өз абыройын қайта қорғап қалғанына риза болған
Ордин.
От басында жоқты-барды айтып отыр еді, Амнундактың
үйінен бір шал келді де, дұға біткенін, балалар мен әйелдердің
дереу үйіне қайтуы керек екенін айтты.
– Бақсы не деді? Оған құдай не айтыпты? Бізді алда не
күтіп тұр? – деген сауалдар жауып кетті.
– Ертең естіп білесіңдер, қазір барып ұйықтаңдар! – деп
шал жалтара жауап беріп шыға жөнелді.
Әйелдер киініп, бұрышта ұйықтап қалған балаларын
көтеріп, бірінен соң бірі ақ адамдардың үйінен шықты.
Сырттан: «Тағы да суық! Апырай, қандай суық! Қандай
қалың тұман! Адасып кетпес үшін біріңнен-бірің ұстап
алындар!» деген дауыстар самбырлап естіліп тұр.240
Дұғаның нәтижесі жайында бірдеңе білгелі Аннуир
солармен ілесе шығып, ұзамай қайтып келді.
– Амнундак пен күллі жауынгерлер бақсыны шығарып
салғалы ма, бір жаққа кетіпті, үйде екі шалдан басқа ешкім
жоқ, біреуі ұйықтап жатыр, екіншісі менің әуесқойлығыма
ыза боп, сөгіп тастады, – деді ол.
– Зайыры, бізге де жатып ұйықтау керек шығар. Бәрібір
ертеңге дейін ештеңе біле алмаймыз, – деді Горюнов.
Жиһангездер ол күні рухтардың бақсыға не айтқанын, ол
әмірді онкилондар табан аузында орындауға кіріскенін білсе,
тыныш жатып ұйықтай да алмас еді.
Тұман мен суыққа қарамай құлшылық қылу аяқталысымен-
ақ бар жауынгер көсемнің үйінен шыға сала тура түстік-
батысқа тартты, алда екі адам алау ұстап, одан кейін
Амнундак пен бақсы және шәкірт жүрді, олардың артында
төрт жауынгер зембілге сап тұтқындағы вампуды әкеле жатыр,
шерудің соңындағылардың бәрі бастан-аяқ қаруланып алған,
бастарын төмен салып үнсіз келеді. Тек аяқ тыпыры мен
қорамсақтағы жебелердің сықыры, зембілдің шиқылы ғана
естіледі. Тұманда жолды жазбай тауып, алдағы алаулылар
орман мен алаңқай арқылы осынау бөлекше бір шеруді қасиетті
көлге бастап келеді. Көл жағасында аяқ-қолы байлаулы
тұтқынды құрбандық тасының үстіне қойып, бақсы басына,
шәкірт аяғына тұрды.
Амнундак пен жауынгерлер әзір суы жоқ қасиетті көл
жағын ашық қалдырып, тасты жарты шеңбер жасап айнала
тұрды. Күллі жауынгер қолына алау үстап, жоғары көтерді
де, бақсы даңғырасын қағып, құрбандық алдында дұға оқи
бастады. Самсаған алау толқыған қызыл сәулесін қара тасқа,
шалқасынан жатқан тыр жалаңаш түкті адамға, қатты
дүңгірлеген даңғырасын көкке көтеріп безілдеп тұрған әлеміш
киімді бақсыға, шашына қыран қауырсын қыстырған бақсыға
ұйып телміре қалған жүзі сұсты қарулы адамдарға түсіп тұрды.241
Төңіректі тұмшалап толқыған тұманның кей тұсы сейіле қап,
қап-қара құз-жар, тас басқан көлдің түбі, үңірейген көмей-
куыс көзге түсіп қалады. Жалғыз онкилондарға ғана емес,
кез келген адамға тап мына жағдайдағы түнгі тәуеп қатты
әсер етер еді. Өз тағдырының не болатынын түсінген
тұтқынның көзі әлсін-әлі алақтап, тұла бойы түршігіп, діріл
қақты. Рухтарды шақырып, өзіне назарын аударту үшін қаққан
даңғырасын доғарып, қолын сылқ түсірген бақсы әжім
айғыздаған бетін құбылаға беріп, көзін тұман толқындарына
қадап, бар даусымен рухтарға жалбарына бастады.
– Оммолон, Амнунгем, Иргани! – деп ол бірнеше дүркін
шақырды! –Жерасты патшалығының әміршісі, сізге үн қатып
тұрмын. Саған құрбандыққа тірі адам алып келдік, қызыл
қаны бұрқырап тұрған құрмалдық бұл. Осыны қабыл алып,
жерімізді қайтып сілкіндірмеші, жарығын бітеп, мына
көліміздің суын қайтып берші! Оммолон, Амнунгем, Иргани!
Тыңдаңыздар, сіздерге үн қатып тұрмыз!
Рухтардың атын әлденеше қайталап айғайлаған бақсының
даусына көлге төніп тұрған жартастар жаңғырығып, өз атын
қайталап жерасты рухтары үн қосып жатқандай болып көрінді.
Ақырғы айғайымен бақсы беліндегі пышағын жұлып ап еңкейе
беріп, вампудың кеудесіне сұғып жіберді, жан даусы шыққан
оның үнін жартастар қағып алып қайта жаңғырықтырды.
Пышағын суырмай бақсы үзіліп бара жатқан тұтқынның бетін
табанымен басып тұрып даңғырасын қайта қақты.
Тұтқын денесінің дірілі басылып, демі біткенде бақсы
пышағын суырып алып, оны вампудың жүндес тәніне сүртті
де әмір етті.
– Құрмалдықты апарып, жер асты патшалығына кірер
қақпаның аузына лақтырыңдар!
Алты жауынгер мәйітті абайлай көтеріп, тайғақ тастардан
сатылап түсіп, көмей-қуысқа қарай тартты, басқа жауынгерлер242
алау ұстап жан-жағына жарық түсіріп отырды. Олар көмей-
қуысқа жете бергенде:
– Су келе жатыр, су көрінді! – деген қуанышты дауыстар
шықты.
Шынында да, жаңа ғана қарауыта үңірейіп жатқан көмей-
қуыс ернеуіне дейін шыпылдап суға толып қалыпты.
– Құрмалдығымызды жер-асты рухтары қабыл алды! –
деп дауыстады бақсы. – Қасиетті көлдің суы қайтып келе
бастады... Құрбандықтың аяғына тасты байлаңдар да, жедел
көмей-қуысқа тастаңдар! – болды оның әмірі.
Мәйітті түсіріп, қолын шешті де, жауынгерлер сол қайыспен
аяғына үлкен тас байлады. Сосын мәйітті көтеріп, қолмен
шайқап-шайқап тұрды да, суы көлге кұйыла бастаған көмей-
қуысқа лақтырып жіберді. Қара толқын алаудың қызғылт
сәулесімен сәл жалт етіп, тағыны тереңіне қылқ еткізді.
– Құрбандық бұғыны алып келіцдер! – деп дауыстады
тағы да бақсы. – Мейірбан аспан иелеріне құрмалдық
шалайық.
Алау ұстаған жауынгерлер қатарын ысырып, бұғыны
мүйізінен жетелеп алған екі онкилон ілгері тырмысты. Бұғының
мүйізі әр түсті таспалармен әшекейленіп, жүніне қызыл қына
бояуы шашылыпты. Самсаған оттан үріккен жануар
төрттағандай тартыншақтап мөңіреп келеді. Оны да тақта
тасқа әкеп шығарды да, бақсының иығының астына апарып
жықты.
Даңғыра қайта қағылып, бақсы қайырымды аспан рухтарын
шақырып, суықты тоқтатып, онкилондарға жылылықты
қайтар, бұғы табынын аман сақта деп жалбарынды. Тас
кездік қайта жарқ ете қап бұғының көкжелкесіне қадалды
да – қызыл қан ақ жүнге шашырап, ізінше жазықсыз жануар
төрт аяғын көси сап, сылқ ете түсті. Басын кесіп алып
қашанғысындай бақсыға берді де, бұғыны тақта тастың үстіне
тастады.243
Жер асты патшалығынан қайтып оралған қасиетті суға
тағзым етіп, бақсы тақта тастан түскен кезде көлдің суы
көтеріліп, түбіндегі терең шұңқырды толтырып та қалған
еді. Бұрынғы тәртібін сақтап, зембілге тек бұғының әшекей
басын ғана салып, жасақ қайтар жолға түсті.
Келесі күні ең шеткі мекенді басып, жиһангездер үйінеедәуір ерте келді. Көсемнің жертөлесі алдында олар көршітұрақтың жауынгерлерін жаңа ғана ұстап әкелген вампуыменбірге алқа-қотан қоршап алған онкилондарды көрді.Жауынгерлер бүгін таңертең ерте аңға шығып бара жатыпбес вампуға тап болады, толайым түрі бұғы ұрлағалы жүргенбарлаушылар тәрізді. Оларды табынға тақау жерде қуыпжетіп, жанжал шығады, сол арада екі вампу өліп, екеуі қашыпқұтылады, жаралы біреуін тұтқындап, жателдіктерге тартуеткелі алып келеді. Меймандардың өлген жануарлардың терісімен бас сүйегін жинайтынын, Мыңтүтін алқабына ана жолғысаяхатында қасқыр жеп кеткен вампудың бас сүйегі менжілігін көтеріп көргенін жауынгерлер байқаса керек, зерттесе,өлісінен тірісі дұрыс шығар деп мына вампуды әкеп тұрғансебебі сол екен. Қолы артына қайырылып тас қып байланған,үсті-басын найза мен жебеден түскен жарақаттың қаны жуыпкеткен, тұтқын, шамасы, аяғынан әрең тұр. Оны вампулардысирек көретін қатын-қалаш, бала-шаға қаумалай қоршап алған.Тірі вампуды қалағанынша көрудің мүмкіндігі туыпты.Жиһангездер вампу оларға тірі кезінде қызық екенінайтқанда, Амнундак оны ағашқа апарып байлап тастауға әмірберді. Жиһангездер жедел өлшеп, суретке түсіріп алып, содансоң оны қоя бер деп көсемге өтініш айтуға асықты.Барлық алғашқы қауым адамдары сияқты тұтқын дабұлшық етті, әлеуетті әрі жас еді. Бас сүйегін өлшеуге жал сияқты қобыраған, арасына неше жылғы кір баттасқан шашыбөгет болды ма, Горюнов оны алып тастамаққа тоқтады.Жалтыраған қайшыны жақындата бергенде бауыздайын депжатыр деп ұққан вампу жан даусы шығып, зарлап қоя берді.Шаш алу ағашты айнала тұрған онкилондардың көз алдындаөтті, олар бұрын-соңды мұндай қарекетті көрген жоқ-ты, оның үстіне мына жаңа құралдың өзі де бейтаныс. Тұтқынбұл істі азаптардың алдындағы байқау шығар деп ойлап,азаптаушысының білегіне өткір тісін қадауға алас ұрды да,аузын буып тастауға тура келді. Бас сүйегін өлшеуге әкелгенжалтылдақ құралдар оны қалтыратып жіберді. Бойын, басын,тұрқын өлшеудің бәрін, әрине, ол өлтірер алдындағы сиқырайла, ең азаптысы кейін болады деп ұқты. Ақыр аяғындажалтырақ бірдеңенің басына төрт бұрышты қара затты қойып,мұның алдына әкеліп сырт еткізгенде жасын оғы ендіжайратпақ деп ол көзін жұмды. Өзіне ештеңе болмағанын,ақыр соңында еш зақымсыз қалғанын көргенде ол қаттытаңданды.Онкилондар осы қимыл-қарекеттің бәрін міз бақпай,бақылап тұрды, бой мен басты өлшеу оларға бұрыннантанысты, әуелі әйелдер, сонан соң жауынгерлер мен балаларосылай өлшенген. Әрбір осы әрекет жалтырақ таянышы барәлгі қара заттың сыртылымен аяқталатын, ал оған мән бергенонкилон жоқ.Өз шаруасын тындырған соң Горюнов вампуды еркінеқоя беруін өтініп, көсемнен батыл тойтарыс алды.
– Бүгін кешке бізде тағы да табыну басталады, бақсырухтардан вампудың өлу-өлмеуі жөніндегі байламын біледі,– деді Амнундак, – бұған дейін біз тұтқынды ешқашанешқайда босатпаймыз.Күн кешкіріп те қалған, алыс сапар-саяхаттан, бүгінгі вампуоқиғасынан әбден шаршаған жиһангездер өздерінің мұнтаздайжертөлесіне оралып, алаулаған от басына жеткеніне қуанды.Тұман қалыңдап, күн қайта суыта бастады. Кеше де, бүгінде тұманның түске дейін айықпай тұрып алғанын, артынанкүн шыққанымен де «осы мезгілдегі біздің Казачьедегідей»суық болғанын олар Гороховтан сұрап білді. Сол күні сұрқарлығаштардың түстікке ұшқаны байқалды, суықтың түсуінентынышсызданған қаз-үйректер де ұшуға жиналып жатты. Екітүн қатарынан болған аяздан қырдың шөбі солып, жатып қалды, жапырақ сарғаймай-ақ түсе бастады. Онкилондартаңырқап, мұндай суық пен тұман әдетте бір ай кейін түсетінін,құстың да ерте қайтқалы жатқанын айтып жүрді. Бүгінгітәуеп ету де сол суықтың ерте түсуіне байланысты көрінеді.Ымырт жабылғасын бақсының келген-келмегенін, дұғағаақ адамдардың қатысар-қатыспасын біліп қайтқалы Гороховкетті. Бұл жолы табынуға тек жауынгерлер ғана қатысатыны,әйелдер мен балалар да жіберілмейтіні жайында хабар алыпізінше қайтып келді ол.Күн суық болғандықтан Амнундак ақ адамдардан әйелдермен балалардың осы үйге кіріп отыруына рұқсат сұрады.– Осылар бір жаман жымысқы іс жасағалы жүр ме дегеной келеді маған, – деді Ордин әлгі хабарды естіген бетте-ақ. Біз ештеңе естіп-білмесін деп олар күллі әйелдердішығарып жіберді.
– Мүмкін, – деді салмақ сақтап Горюнов.
– Бірақ бізоларға бөгет жасай алмаймыз, ендігі қалғаны тек сақ болуғана. Осы Аннуирден сұрап көріңізші, олардың бұл тақылеттестабынуы да бола ма екен?Аннуир мұндай дұға вампуларға шабуыл жасайтынныңалдында болатынын айтты.Ұзамай жертөле ақ адамдардың отының басында аласталууақытын қысқартқалы келген қатын-қалаш, бала-шағаға толды.Олар бұл үйде бұрын да болған, әсіресе, жателдіктер жоқкезінде жиі келіп жүретін-ді, ал енді тұқымымен тегіс кіргенсоң емін-еркін билеп-төстеп, істікке ет шаншып, шелпек пісіріп,кешкі ас әзірлеуге кірісіп те кетті, жертөлені балалардыңайқайы, сәбилердін шырылы, үлкендердің әзіл-қалжың, ойын-күлкісі кернеді. Күні кеше ғана бабалары айтып кеткенбақытсыздыққа кінәлі деп, жателдіктерді желкелеп қуыпжіберуді талап еткен, қазір алаңсыз, мұңсыз солжатжерліктермен ойнап-күліп, әзіл-қалжыңы жарасып отырғаносынау ақжарқын көңілді адамдарды көргенде жиһангездеркешегі қара тақыр қу медиенде куә болғандарын көз алдына келтіріп, жағдай кенеттен өзгере қалмаса, алғашқы қауымныңбұл тайпасына да өлім қатері төніп тұрғанын ойламай қалаалмады.
– Ойлап-ойлап, әйтеуір мен шеше алмай қойдым, – дедіГорюнов әйелдердің күлкісі мен қалжыңы мезі еткен соңөзімен бірге бұрышқа қарай оқшауланған Ординге.
–Онкилондарға төніп тұрған өлім қатерін айтып, түстікке бізбенбірге кетейік деп ұсыныс жасасам ба деп, бір байламға келеалмай-ақ қойдым.
– Осы жайды мен де ойладым, – деді Ордин, – бірақұсыныс жасау асығыстық болар деген түйінге келдім. Қазіртеңіз ашық, қайықсыз олар қайда барады. Оның үстіне меніңқазіргі күткен қаупім дұрысқа шыға ма, жоқ па? Санниковжерінің жылытқышы ертелі-кеш қалпына келіп, істің бетіоңғарылып, ондаған жыл бойы жақсы да болып кетер...
– Ал жылытқыш қалпына келмей, көз алдымызда қыстүсе бастаса қайтеміз?
– Қайтсе де, бұларға ештеңе айтып болмайды. Поляртүндерінде айдын мұз арқылы жылы киімсіз, отсыз, бұғысызқайда барады! Бұғылары бірнеше күн мұз жолында аштанөледі. Жоқ, олар осы қысты бірдеңе ғып өткереді, алкөктемде қардың ерімегенін, жануарлардың өліп біткенінкөріп, бұл арадан кету керек екенін өздері де ойланады.
– Дұрыс! Ал көктемде осы жерді, оның халқын зерттеугеакадемия жіберетін үлкен экспедициямен бірге ойпатты қарбасып қалмай тұрып біз де келеміз. Онда онкилондардыкөшіру де оңай – олар бұл жерден кетудің қажеттігіне өздеріде түсінеді.
– Ал қазір бұлар бізден апаттың тоқтатылуын талап етедітек.Кешкі астан кейін әйелдер Гороховтың өтінішімен биұйымдастырды. Балалар мен кемпірлерді бұрышқа қарайотырғызып, өздері әдеттегідей киімін түгел шешіп, бірінің қолынан бірі ұстап от айнала билей жөнелді. Биі қарапайымәуен ырғағымен бірде оң аяғын, бірде сол аяғын көтеріпсекіру, қолын бұралтып, жан-жаққа мойнын қозғалту.Осындай билермен әйелдер ұзақ поляр түндері от басынаншықпай, жертөледе отыру әбден зеріктірген еркектердіңкөңілін көтеретін. Алғаш билегісі келмегендей, әуені менқимылы баяу басталып, бірте-бірте ширап, ақыр аяғындаәйелдер шыр айналғанда шапшаңдығы көз суырып, аяқ дүрсілімен шапалақ сатыры, шабытты үн құлағыңда күмбірлеп тұрыпалады. Құтырынған биде қоңырқай денелер мың бұралып,бұрымдар деңгелең ойнап, алқа сылдырап омыраудышапақтап, білектер ілгері-кейін бұлдырай сермеліп, аппақтістер жарқырап, еріндер әсем ашылып, көздің жауын алады.Ақыры, әбден қалжыраған қыз-келіншектердің бәрі құлаптүсіп, әрқайсысы әр кейіпте от айналасында тер шылағанденелердегі өрнек-таңбалардың қаракөк белдемшелерін түзейалқына тыныс алып жатады. Қазір сызықтары әсіресе айқынайшықталып, жылдай ұзақ поляр түндері қыздардың денесінөрнектеген алғашқы қауым суретшілері – кемпірлердіңбірінен-бірі асырмақ болған өнерінің жемісі ою-өрнек, гүл,жапырақ, жануарлардың басының бейнесі тайға таңбабасқандай көзге ұрып тұр. Амнундактың тоқалы – жыландыәйелдің өрнек-таңбасы бұрыннан таныс. Ал Аннуирдің алдыәр алуан гүлдер мен жапырақтардың суреті, ал екіжауырынында күн шығып, шапағы мойнына, иығы мен белінешашырап тұр, белінен төменірек екі жақтан екі жарты айсалынған. Ракудың денесі алдынан айқыш-ұйқышсызықтармен торланып, арқа жағы толқынданып, белі менмықынына түскен тұсы қошқар мүйізденіп, бұрап тасталған.Қыздар денесіндегі өрнегінің мағыналылығымен бірініңалдында бірі көлеңдейді, ал жас жауынгерлер көктемдеқалыңдық таңдағанда да алдымен қыздардың көбінесе осыөрнек-таңбасына қарайды. Әйелдер дем алған соң жарты шеңбер жасап, оттың біржағында жиһангездерге қарама-қарсы жайғасты да ойынбастады: оң жақ шетте бірінші отырған қыз «бірінші» деп,көршісін алақанымен арқадан бір тартты, ол «екінші» депмына жақтағы құрбысына соны жасады, сөйтіп, шапалақтолқыны екінші шетке бір-ақ шықты; біреуі есебінен жаңылыпқалса, оңнан да, солдан да соны тұқыртып, әжуа қылды.Сол жақ шеттен, екінші қолмен шапалақ оңға жылжып, оңжақ шеттен солға жылжып, екі толқын ортада түйісетін болдыда, есептен жаңылысушылар көбейіп, қыран-топан күлкігебатырды. Бұл ермек зеріктірген кезде олар келесісіне көшті:әйелдер жүресінен отырып екі қолын алдына созып, біраяғын отқа қарай көсілтіп, оны екінші аяғымен шапшаңауыстыра қоюы тиіс болды, егер біреуі кешігіп не басқа аяғынсозатын болса, бәрі күліп, көршісі оны шалқасынан түсіріп,оның екі аяғы аспанда қайшыланып жатты. Бұл ойынәйелдерді мүлде жалықтырып жіберіп, ақырында олар бірін-бірі еш себепсіз шалқасынан түсіріп, апыр-топыр болып бәріқұлап жатты.
– Мына би мен ойындар – тамаша гимнастика, – дедіГорюнов. – Ұзақ поляр түндері отыра-отыра ұйып қалғандененің құрыс-тырысын жазуға таптырмайтын тәсіл.
– Иә, ерлер аңға шығады, бұғы күзетеді, отын кеседі, аләйелдер үй шаруасымен болып, жертөледен және қиябаспайды, – деп қостады оның сөзін Ордин.
– Бірінші ойын «алқа» аталады,екіншісі – «бақа», «сынақ»деген үшінші ойыны бар, ол салмақтырақ, – деді Горохов,сосын әйелдерге қарап:
– «Сынақты» көрсетіңдерші, – депөтінді.Әйелдер орынды-орнына отырды.– Ал біздің арамызда өткен қыстан шыдамды болыпқалған қайсымыз? –деген дауыс шықты.
– Сен бе Анну?
– Мен! – деді Аннуэн.
– Мен де өз тұқымымда! – деді Аннуир.
– Сен бұл арада бөгдесің, шыдамды екеніңнің өтірік-шынын ең алдымен сынау керек. Жат бірінші, – деп бұйырдыәйелдер.Тері әкеп, оны оттан аулақ жарты шеңбердің ортасынатөседі, Аннуир оған шалқасынан түсіп жата кетті. Аннуэнтостаған алып, оны мөлтілдетіп суға толтырды да жатқанкеліншектің қарнына қойды, өзі оның аяғынан басып тізесінеотырып алды да табанынан қытықтай бастады. Қалғанәйелдер дауыстап санап тұрды. Сынақтың мәні мынада:жатқан адам қанша қытықтаса да былқ етпей, демін дебіркелкі алып, онға дейін санап болғанша тостағаннан біртамшы су төгілмеуі керек. Жалаңаяқ көп жүргенненонкилондардың табаны қанша қалың болғанымен, бұл сыннанілуде біреу ғана сүрінбей өтеді. Оның үстіне әйелі барболғырлар өте шабан санап әлек қылады. Сыннан аман өткеншыдамды деген атаққа ие болып, төзімсіздердің бәрінқытықтауға хұқ алады.Аннуир бұл жолы төзе алмады – тоғызды санағандакүліп қойды, оның үстіне күндесі тіпті қатты қытықтады.
– Міне, сен шіп-шикі өтірік соғыпсың! – деді күндесітабалай.
– Сен ешқашан шыдамды болған жан емессің!
– Мүмкін, сен де шыдамды емес шығарсың! – депқызбалана қарсылық білдірді Аннуир.Әлгі орынға енді Аннуэн жатты, Аннуир тостағандытолтырып, оны екі анардың ортасынан сәл төменірек қойып,ең сезімтал тұс – кіндіктің айналасын қытықтай бастады.Ал Аннуэн тастай қатып, дымын білдірмей, сыннан сүрінбейөтті.
– Онда мынаған шыдап көр! – деп кекете күліп, орнынантұра беріп, тостағандағы суды тұп-тура Аннуирдің бетінешашып кеп жіберді.Бұл үлкен сыннан сүрінбей өткеннің бір артықшылығыеді, Аннуир үндемей бетін сүртіп, сәл қысылыңқырап кейіншегінді. Әйелдер бірінен кейін бірі жатып, Аннуэн бәрін декүлдірмес ерікке қоймады: бірін ерте, бірін кеш күлдіріп,барлығын да орнынан тұрғанша суға малшынтып шығарды.Сынға шыдамағандар от басында кептірініп отырып, өзініңкебін киген келесі құрбысына сақ-сақ күлумен болды. Бәрісыннан өткенде күлмей шыдаған тағы бір әйел шықты. Аннуиржаңа жеңімпаз қытықтайтын болса, сынға тағы да түсугетілек білдірді. Аннуэн қарсы шықты. Олардың күндестігінкөріп жүрген қалғандары бұрын шыдамды атанса, Аннуирдіңсынға екінші рет түсуіне болады деді. Аннуир қалаған жерденқытықтауға рұқсат беріп, бәріне де төзіп шықты, біраққытықтаған адамына су шашқан жоқ. О, қытықтаушысыАннуэн болды бар ғой, бір тамшы қалдырмай шаша салареді!
– Міне, енді сіздің екі қалыңдығыңыз да шыдамдыныңшыдамдысы болып шықты! – деп құттықтады ОрдиндіГорюнов.– Және екеуі де қызғаншақ деңіз! – деп қосыла кеттіКостяков.
– Қызғанышсыз құмарлықта құн бар ма? – деп күлдіАннуирдің өз абыройын қайта қорғап қалғанына риза болған Ордин.От басында жоқты-барды айтып отыр еді, Амнундактыңүйінен бір шал келді де, дұға біткенін, балалар мен әйелдердіңдереу үйіне қайтуы керек екенін айтты.
– Бақсы не деді? Оған құдай не айтыпты? Бізді алда некүтіп тұр? – деген сауалдар жауып кетті.
– Ертең естіп білесіңдер, қазір барып ұйықтаңдар! – депшал жалтара жауап беріп шыға жөнелді.Әйелдер киініп, бұрышта ұйықтап қалған балаларынкөтеріп, бірінен соң бірі ақ адамдардың үйінен шықты.Сырттан: «Тағы да суық! Апырай, қандай суық! Қандайқалың тұман! Адасып кетпес үшін біріңнен-бірің ұстапалындар!» деген дауыстар самбырлап естіліп тұр. Дұғаның нәтижесі жайында бірдеңе білгелі Аннуирсолармен ілесе шығып, ұзамай қайтып келді.
– Амнундак пен күллі жауынгерлер бақсыны шығарыпсалғалы ма, бір жаққа кетіпті, үйде екі шалдан басқа ешкімжоқ, біреуі ұйықтап жатыр, екіншісі менің әуесқойлығымаыза боп, сөгіп тастады, – деді ол.– Зайыры, бізге де жатып ұйықтау керек шығар. Бәрібірертеңге дейін ештеңе біле алмаймыз, – деді Горюнов.Жиһангездер ол күні рухтардың бақсыға не айтқанын, оләмірді онкилондар табан аузында орындауға кіріскенін білсе,тыныш жатып ұйықтай да алмас еді.Тұман мен суыққа қарамай құлшылық қылу аяқталысымен-ақ бар жауынгер көсемнің үйінен шыға сала тура түстік-батысқа тартты, алда екі адам алау ұстап, одан кейінАмнундак пен бақсы және шәкірт жүрді, олардың артындатөрт жауынгер зембілге сап тұтқындағы вампуды әкеле жатыр,шерудің соңындағылардың бәрі бастан-аяқ қаруланып алған,бастарын төмен салып үнсіз келеді. Тек аяқ тыпыры менқорамсақтағы жебелердің сықыры, зембілдің шиқылы ғанаестіледі. Тұманда жолды жазбай тауып, алдағы алаулыларорман мен алаңқай арқылы осынау бөлекше бір шеруді қасиеттікөлге бастап келеді. Көл жағасында аяқ-қолы байлаулытұтқынды құрбандық тасының үстіне қойып, бақсы басына,шәкірт аяғына тұрды.Амнундак пен жауынгерлер әзір суы жоқ қасиетті көлжағын ашық қалдырып, тасты жарты шеңбер жасап айналатұрды. Күллі жауынгер қолына алау үстап, жоғары көтердіде, бақсы даңғырасын қағып, құрбандық алдында дұға оқибастады. Самсаған алау толқыған қызыл сәулесін қара тасқа,шалқасынан жатқан тыр жалаңаш түкті адамға, қаттыдүңгірлеген даңғырасын көкке көтеріп безілдеп тұрған әлемішкиімді бақсыға, шашына қыран қауырсын қыстырған бақсығаұйып телміре қалған жүзі сұсты қарулы адамдарға түсіп тұрды. Төңіректі тұмшалап толқыған тұманның кей тұсы сейіле қап,қап-қара құз-жар, тас басқан көлдің түбі, үңірейген көмей-куыс көзге түсіп қалады. Жалғыз онкилондарға ғана емес,кез келген адамға тап мына жағдайдағы түнгі тәуеп қаттыәсер етер еді. Өз тағдырының не болатынын түсінгентұтқынның көзі әлсін-әлі алақтап, тұла бойы түршігіп, дірілқақты. Рухтарды шақырып, өзіне назарын аударту үшін қаққандаңғырасын доғарып, қолын сылқ түсірген бақсы әжімайғыздаған бетін құбылаға беріп, көзін тұман толқындарынақадап, бар даусымен рухтарға жалбарына бастады.
– Оммолон, Амнунгем, Иргани! – деп ол бірнеше дүркіншақырды!
–Жерасты патшалығының әміршісі, сізге үн қатыптұрмын. Саған құрбандыққа тірі адам алып келдік, қызылқаны бұрқырап тұрған құрмалдық бұл. Осыны қабыл алып,жерімізді қайтып сілкіндірмеші, жарығын бітеп, мынакөліміздің суын қайтып берші! Оммолон, Амнунгем, Иргани!Тыңдаңыздар, сіздерге үн қатып тұрмыз!Рухтардың атын әлденеше қайталап айғайлаған бақсыныңдаусына көлге төніп тұрған жартастар жаңғырығып, өз атынқайталап жерасты рухтары үн қосып жатқандай болып көрінді.Ақырғы айғайымен бақсы беліндегі пышағын жұлып ап еңкейеберіп, вампудың кеудесіне сұғып жіберді, жан даусы шыққаноның үнін жартастар қағып алып қайта жаңғырықтырды.Пышағын суырмай бақсы үзіліп бара жатқан тұтқынның бетінтабанымен басып тұрып даңғырасын қайта қақты.Тұтқын денесінің дірілі басылып, демі біткенде бақсыпышағын суырып алып, оны вампудың жүндес тәніне сүрттіде әмір етті.
– Құрмалдықты апарып, жер асты патшалығына кірерқақпаның аузына лақтырыңдар!Алты жауынгер мәйітті абайлай көтеріп, тайғақ тастардансатылап түсіп, көмей-қуысқа қарай тартты, басқа жауынгерлер алау ұстап жан-жағына жарық түсіріп отырды. Олар көмей-қуысқа жете бергенде:
– Су келе жатыр, су көрінді! – деген қуанышты дауыстаршықты.Шынында да, жаңа ғана қарауыта үңірейіп жатқан көмей-қуыс ернеуіне дейін шыпылдап суға толып қалыпты.
– Құрмалдығымызды жер-асты рухтары қабыл алды! –деп дауыстады бақсы.
– Қасиетті көлдің суы қайтып келебастады... Құрбандықтың аяғына тасты байлаңдар да, жеделкөмей-қуысқа тастаңдар! – болды оның әмірі.Мәйітті түсіріп, қолын шешті де, жауынгерлер сол қайыспенаяғына үлкен тас байлады. Сосын мәйітті көтеріп, қолменшайқап-шайқап тұрды да, суы көлге кұйыла бастаған көмей-қуысқа лақтырып жіберді. Қара толқын алаудың қызғылтсәулесімен сәл жалт етіп, тағыны тереңіне қылқ еткізді.
– Құрбандық бұғыны алып келіцдер! – деп дауыстадытағы да бақсы.
– Мейірбан аспан иелеріне құрмалдықшалайық.Алау ұстаған жауынгерлер қатарын ысырып, бұғынымүйізінен жетелеп алған екі онкилон ілгері тырмысты. Бұғыныңмүйізі әр түсті таспалармен әшекейленіп, жүніне қызыл қынабояуы шашылыпты. Самсаған оттан үріккен жануартөрттағандай тартыншақтап мөңіреп келеді. Оны да тақтатасқа әкеп шығарды да, бақсының иығының астына апарыпжықты.Даңғыра қайта қағылып, бақсы қайырымды аспан рухтарыншақырып, суықты тоқтатып, онкилондарға жылылықтықайтар, бұғы табынын аман сақта деп жалбарынды. Таскездік қайта жарқ ете қап бұғының көкжелкесіне қадалдыда – қызыл қан ақ жүнге шашырап, ізінше жазықсыз жануартөрт аяғын көси сап, сылқ ете түсті. Басын кесіп алыпқашанғысындай бақсыға берді де, бұғыны тақта тастың үстінетастады. Жер асты патшалығынан қайтып оралған қасиетті суғатағзым етіп, бақсы тақта тастан түскен кезде көлдің суыкөтеріліп, түбіндегі терең шұңқырды толтырып та қалғанеді. Бұрынғы тәртібін сақтап, зембілге тек бұғының әшекейбасын ғана салып, жасақ қайтар жолға түсті.