Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ

Шілденің аяғынан-ақ күн ойпаттың терістік жотасына ғанаемес, көкжиектің өзіне ерте жасырынып, түн қараңғы әріұзақ болуға айналды. Күздің алғашқы белгілері біліне бастады:жартастардың жақтауына ұя салатын сұр қарлығаштар ұбап-шұбап топ құрып, жастарын ұшуға баулып, алыс сапарғақамданды. Аман қалған қаз-үйректер де топ құрап, бір көлденекіншіге ұшып-қонып жүрді. Түнгі тұман қалыңдап, ертеңгілікойпаттың үстінде іркіліп көп тұрып алатын болды.Жиһангездер Санников жерінде қыстап шығамыз дегеноймен аңға шығып, қысқа сақтық қор жасады, әкелген еттерінкеліншектері қақтап, ыстап, майын қорытып қарынға құйыпқойды. Алайда тамыздың алғашқы аптасының аяғында кейінгікезеңге көп қырсығы тиген оқиға болды. 8-іне қараған түніжиһангездер күшті жер дүмпуінен оянды, әуелі олардыңұйқылы көзіне дүбірлетіп біреу жертөленің есігінен баса-көктейкіріп келе жатқандай көрінді, сосын өтіп бара жатқан ауырпойыз бардай қатты гуіл естілді.

– Тағы да жер сілкінді! – деді Ордин.Жертөле іші сөнген оттың шоғымен қаракөлеңке болыптұрған-ды, төсегінен көтерілген ерлер мен әйелдердің үрейліжүзі көзге бірден шалынды.Міне, дүмпу қайта жаңғырды. Ашалар мен үргілерсықырлап, төбеден топырақ құйылды. От жыпылықтап, ашағаілген заттар шайқалып, жер астынан шыжылдаған бір жат үнестілді.

– Біздің жертөле басқалардікінен берік болғанымен дедалаға шығу керек, – деді киімдерін қолына ұстап Горюнов.

Әйелдер қолы қалтырап белдемшелерін таға сап, киімдерінқұшақтап есіктен тұра атты. Жүре киініп жігіттер де олардыңсоңынан шықты.Тұманды айдап кеткен терістік желінің ықпалымен түнәдеттегіден едәуір жылы. Ойпаттың батыс жағына ілінгенай сәулесімен алаңқай жарық боп тұр. Жақын орманныңжелмен сыбдырлаған жапырағының шуылына қарамастанқұздан құлаған жартастардың гүрсілі жан-жақтан анықестіледі.Көсемнің жертөлесінен әйелдердің айғайы, балалардыңжылауы,еркектердің даусы естіліп тұр. Оның тұрғындарыныңбір бөлегі далаға шығып киіне бастаған. Әлгіндей болмайқалғандары да тысқа шығып, есікке тақау топырлап, өзарапікір алмасып, үрейлене аспанға қарайды. Амнундакжиһангездердің жанына келді, қатты қорыққан сыңайы бар.

– Жер қайта сілкініп жатыр, ақ адамдар! – деді олкінәлаған үнмен.

– Ақ адамдар келісімен-ақ онкилондарға бақытсыздықбасталады деп ұлы бақсы біліп айтқан. Сендер келгенненбері жер екі рет сілкініп, вампулар шапты бізді.

– Сіздермен вампулар бұрын да талай соғысқан ғой жәнежердің де сілкінуі бір бұл емес, – деп қарсылық білдірдіГорюнов.

– Жоқ, жер бұрын-соңды ешқашан дәл бұлай қаттыдүмпіген емес. Әне, айды қарашы қандай, қып-қызыл! Бұл– болашақ үлкен бақытсыздықтың белгісі, – деп Амнундаксөзін нығырлай түсті.Жаңа бір дүмпуден ол теңселіп кетті де, біраз адамжығылып қалды. Әйелдердің шыңғырған, балалардыңжылаған даусы шықты. Бәрінің көз алдында Амнундак үйініңбұрышы құлап түсіп, қою шаң шаншылып аспанға көтерілді.Ағаштар шайқалып тұр.

– Үйден бәрі шығып па еді? – деп дауыстады көсем.– Бәрі, бәрі шыққан, – деп жауап қатты бір дауыс.

– Жоқ, бәрі емес, менің анам Мату қалды, – деген бірәйел даусы шықты.

– Ауырып жатыр еді, енді қайда өлсемде – бәрібір деп орнынан тұрмай қалған.

– Онда өлгені ғой! – деді бір еркек үні. – Қалқа тұп-тура үстіне құлады.– Бөрене мен шымын лақтырып, жедел құтқарыңдарәйелді! – деп әмір етті Амнундак. – Отын, от әкеліңдер дедереу от жағыңдар.Алайда онкилондар үйге кіруге қорықты, құлаған қалқаныңшымын әрең аршып, құлап кетпес пе екен деп келесібөренелерге жалтақтап қарай берді. Аннуир тайсалмастан өзжертөлесіне кірді де, тақтайға сап бірнеше қызыл шоқ алыпшықты. Ұзамай лаулаған от жұртты аздап тыншытты, шымаршып жатқан жауынгерлерден басқа ру жанының бәрі отбасына жиналды. Дүмпу басылған жоқ, жер солқ ете қалғансайын жұрт төбесіне құлар ештеңе болмаса да кері қашады.Жер ұдайы гуілдеп, ағаштар теңселіп тұр, аяғынан тік тұрумүмкін болмаған соң жұрттың бәрі отырды. Құлаған тастардыңгүрсілі тынар емес.

– Онкилондарға алапат төнді!.. – деп міңгірледіАмнундак дүмпіген сайын дір ете қалған отқа қарап.Жиһангездер өздеріне ұнатпай алая қараған жауынгер-лердің, әсіресе әйелдердің жанарын әлденеше рет байқапқалды.Ординнің жанында отырған Аннуэн дүмпу аралығындаорнынан тұрып, оттың екінші жағында отырған әйелдергебарып қосылды, одан Горюнов пен Костяковтың,қалаулылары да қалысқан жоқ, орнынан қозғалмаған текАннуир мен Раку болды.

– Біз осы оқшау қалып бара жатқан тәріздіміз, – дедісыбырлап жолдастарына Горюнов.– Оқасы жоқ, күн шығады да көңіл орнығады, түнгіқорқыныш ұмытылады! – деп жайбарақат жауап бердіКостяков.

– Ай тіпті қызарып кетті, – деді Ордин.

– Шамасы,құлаған жерден тозаң күшті көтерілсе керек.Әсіресе, бір тегеурінді дүмпу қатты гуілдеп аңғарды бойлапөткендей болды. Үрейлі үн қайта жаңғырып, жүресіненотырған кейбір кісілер жалпасынан түсті. Иттер ұлып қояберді. Көсемнің жертөлесі түгел құлап, шудаланған шаңныңарасында шошайып төрт ашасы ғана қалды. Жұмыс істепжүрген жауынгерлер құлап түсіп, атып тұрып айдалаға қашты.

– Жер ойылғалы тұр, біз опат боламыз, тайпамыздыңқұритын күні туды! – деп аһ ұрды ерлер мен әйелдер.Әйелдер балаларын бауырына қысып алған, үрей кеулеп бәрініңкөзі бажырайып кеткен.Құлаған тау-тастың гүрсілі басылған тұста төңірек құлаққаұрған танадай бола қалды, осы сәтті күткендей жел де саптынды. Бәрі елеңдеп бірдеңеге құлақ түрді. Тыныштыққаймағын алыстан дүңгірлеген бақсының даңғыра үні бұзды,дәл осы сәтте ол онкилондарға кереметтей әсер етті.

– Бақсымыз тірі екен! Жарықтық жер рухына басу айтыпжатыр! – деген қуанышты үндер шықты.Әлгі қатты дүмпу шынында да ақырғысы болды, онанкейінгі ақырын солқылды ешкім де елеген жоқ. От басындажұрт қалғи бастады. Оларды таяу тұрақтан ұзақ ұрып, келтеқайырылып дүңгірлеген әскери барабан үні оятып жіберді,оған басқа да алыс мекендерден қағылған дабыл қосылды– бәрі де тымырсық түнде ап-айқын естіліп тұрды. Барлығыелең қағып, тапжылмай тыңдай қалды. Осы бір беймазамузыка әуені басылғанда Амнундак Горюновқа кінә қоясөйледі.

– Бұл түні біздің көп үйіміз құлады. Бірнеше ана менбала опат болды, біразы мертігіп, қыруар үй жиһазы қирады.Бізге апат айырықша келді, ақ адамдар! Алайда сендер оныболдырмау амалын қарастырмадыңдар. Қарашы, сендердіңүйің дін аман, ал менікінің шаңырағы ортасына түсті.

– Себебі сендер үйді өте осал саласыңдар! – деп шамданажауап берді оған Горюнов.

– Енді үйді берігірек салсаңдар,олар құламайды да, ешкімді басып қалмайды.– Біздің үйлерде сан ұрпақ өсіп-өнген, бірақ оныңқұлағанын ешкім көрген жоқ, – деп қарсы дау айтты көсем.

– Ал арнап келген апатқа ешбір дауа жоқ. Және біз сиқыршыда емеспіз ғой.Ол «сендер сияқты» деп айтып салғысы келді де, іркіліпқалды. Жиһангездер оны айтпай-ақ ұқты.Осы кезде құлаған қалқаның ағашы мен шымынаударыстырып жатқан жауынгерлер Мату кемпірді алыпшықты, әриие, ол бұл дүниемен бағана-ақ хош айтысқан екен.Оның қызы мен және екі әйел аулағырақ бөлек от жағып,мәйітті соның басына қойып, салт-сана бойынша оның көзітірісіндегі жақсылығын айтып жоқтауға кірісті. Қалғандарыот басында тағы да қалғып кетті. Көсемнің үйі құлап, бірәйел қайтыс болғанын Амнундактың әмірімен барабан барлықмекенге хабарлады.Таң рауандап келе жатты, ұйқы қысып жиһангездердіңкірпігі кірпігіне жабыса береді. Жер сілкіну тоқтаған тәріздібаяу солқыл да бірте-бірте сиреді. Жертөлелері жер сілкінуінетөтеп берді, енді оған оралуға кәміл болады. Осыған келісіпүйіне беттей берген жиһангездерді кейбір оянып үлгергенонкилондардың өшпенді, қызғанышты көзі сырттай атты.Амнундак бетін тізесіне қойып қалғып отыр. Ақ адамдарға Аннуир мен Раку ғана ерді, қалғандары орнынан да тырпеткен жоқ, ал Аннуэн болса, жоқтау айтып жылаушыларғабағана қосылған, Горюков пен Костяков әйелі тастап кеткенеркек кебін киді де шықты.Қатерлі түннен кейін қатты ұйықтап бәрі кеш тұрды, есіксаңылауынан күн сәулесі сығалап қалған. От лаулап жаныпжатыр, ермей қалған үш келіншек түк көрмегендей-ақ асқамдап жүр. Ертеңгі ас үстінде олар ермеу себебін баяндады.Жер қатты дүмпіген кезде әне-міне жер жарылып, өздерін ақ адамдар жерасты патшалығына ертіп әкетеді екен депқорыққанын мойындады олар. Сондықтан да өздерініңжағына шығып кеткен көрінеді. Аңқаулық болғанымен дебұл қылығы ақылға сыярлық, сондықтан Горюновтыңкеліншектерге ақ адамдар сиқыршы да, жерасты рухы даемес екенін тағы да қайталап түсіндіруге тура келді. Бірақ үнқатқан келіншектің жүзінен бұл сөзге сенбей отырғаны білініп-ақ тұр.Келіншектер таңертең ерте Амнундакқа бақсының келгенін,жолда оның жердің жарылғанын көргенін, одан әрең аттап өткенін айтыпты. Қайырымды рухтар өз құлын жебеп-желеп,соның арқасында бақсының үйі құламай аман қалыпты-мыс.Осынау хабар жиһангездерді төңіректі тағы бір шолыпшығуға құлшындырды, жауынгерлердің бәрі жер қазып,көсемнің баспанасын қалпына келтірумен шұғылданып жатыр,мезі еткен күзетсіз-ақ жүріп қайтуға болар, әсіресе түнгіоқиғадан кейін оларды ертіп жүрудің өзі ыңғайсыз. Гороховты көз ғып жертөленің жанында қалдырып, қалған үшеуі мылтықасынып бақсы үйіне барар жолға түсіп тарта беріп еді, ұзамайбатыстан шығысқа тартылған ені екі метрдей жердіңжарығына тап болды, оның түбінен құлаған қыртыс,тамырымен түскен бұталар мен тұтас ағаштар көрінеді.Астынан жер жарылған аса жуан ағаштар түбірінен бастапорта тұсына дейін қақ айырылып, бір жағы жыраның бірқабағында, екіншісі келесі жиегінде тұр, бейнебір екі аяғынкеріп, сай басында тұрған адам тақылетті. Жердің жарығынажақын жердегі топырақта жарылғанда шыққан қап-қара құмшашырап жатыр.Ешкім жоқта көріп алу үшін осы арадан олар қасиеттікөлге бұрылды. Жолда олар ені әр алуан отызға тартажарықшақ ұшыратты, бірінен адымдап өтсе, екіншісіненжүгіріп келіп секіріп кетуге тура келді. Бірі таяз болса, ендібірінің түбіне көз жетпеді – бәрінің де түп жағы қусырылып,тас тастағанда су жатқаны анықталды. Ойпат кемерінің етегіндегі тастақты шәмбіл төбені түнде құлаған жартассынықтары басып, бір жерінен таутекенің жансыз денесітабылды, жануарды жақпар тастан жер сілкінгенде атыпжіберсе керек. Әрине, мұны ала жүрген жөн, түбі бұлжауынгер ертпей кеттіңдер деп көсем кінәлай қалса, ақталуғажақсы.Қасиетті көлдің жағасына жете беріп, таң-тамаша болғанжиһангездер тоқтай қалды – көл ұшты-күйді жоқ. Орнындатүбіне қара лаваның жылбысқы бірдеңе жапқан ірілі-уақсынықтары шашылған, жалпақ та көлбеу ойыққа ұқсас үлкеншұңқыр ғана жатыр; тас сынықтары арасымен қаттысарқылған өзен салаларының суы сылдырайды. Тайғақ тақтатастарды абайлап басып зерттеушілер құздың етегіне тақаутерең, көмей-қуысқа да жетті, диаметрі екі-үш метр ол күртқиғаш тартып, жардың астына терең бойлап кеткен, оғанжартастардың арасынан жылап ағып су құйылып жатыр.

– Ал бұған не айтасыз? – деп сұрады Костяков үшеуікеліп тылсым тереңге тартқан үңірейген үлкен қара көмейдіңернеуіне кеп тоқтағанда.

– Меніңше, түндегі дүмпу жерасты каналына көмей-қуысарқылы мезгіл-мезгіл құйылатын етіп суды бөгеп жіберіптұратын иін сияқты бір тетікті үгіп жіберген, – деп жауапберді Ордин.

– Көлдің жоғалып кетуінің басты себебі келіп құяр сукөзінің бітеліп қалуында емес пе екен? – деп сұрады Горюнов.

– Естеріңізге түсіріңіздерші, бұған ойпаттың бар суы келіпқұйылуы керек те. Өткен жолы орманнан шыққан тұтасөзеннің тас үйіндісінің астына келіп сіңіп кеткенін көріп едікқой.

– Бәлкім, ойпат қыртысындағы жарықтар бұрын осындакеп құйып тұратын суды жұтып алған шығар, – деп жауапберді Ордин.

– Егер әлгі жарықтар түпсіз болмаса, суға толып,жылғалар қайта зырылдап, көл қалпына келер ме екен? –деп сұрады Горюнов.

– Өйтуі де ықтимал.

– Олай болғаны, әрине, дұрыс, тезірек толса тіпті жақсы,әйтпесе онкилондар қасиетті көлінің құрып кеткенін білсе,бұрынғыдан бетер қорқып, бұл апатты да ақ сиқыршыларғажабады ғой.

– Біз оларға бұл жайында, әрине, ештеңе демейміз.

– Ауыздарыңа ие бол, әйелдерге қайда болғанымызжайында ләм-мим демейік.

– Түсінікті. Тіпті Гороховқа да ештеңе айтпаймыз. Аңғашықтық, таутеке атып алдық, жердің жарылғанын көрдік –осы жетіп жатыр емес пе.Көлден кері қайтып келе жатып олар біраз уақыт ойпатаңғарын бойлай жүрді. Бір жерде олардың көзіне жардыңетегінде жатқан аппақ қойтас пен оның жарқыншақтары түсті.Қасына келсе, ол мұз екен, бұдан жоғары жақта биікшыңдарда аз да болса мұзарттар бары білінді. Бәрінентаңданарлығы, құздың тап етегіндегі екі жаққа бірдей созылғанжарық болды, бірде кеңейіп, бірде қусырылып көз ұшынадейін кеткен сол жырада да бес-алты метр тереңдікте сужатты.Одан арғы жолда да олар құз-қабырғаға екі-үш мәртеәдейі кеп қарап, әлгіндей жарық көрді, зайыры, ойпат табаныең кемі он шақырым шамасында батыс кемерден бөлініпқалуға айналған.Үйге олар түс ауа келді, соның өзінде мекен тұрғындарыбұлардың жоқ екенін біліп қалыпты. Бірақ таутекеонкилондардың күдік-күмәнін тез сейілтіп, Амнундакжұмыстан жырып, бірнеше жауынгерді жателдіктерді іздеугебекер жібергеніне өкінді. Жертөленің орны аршылып,онкилондар сол бөренеден аша орната бастады. Түскі асынішіп болып қолына балта ұстаған жиһангездер жер сілкінген сайын тұрғындарының төбесіне құламас үшін аша мен үргініқалай ұстастыру керек екенін көрсеткелі келді. Алайда олардықайран қалдырып, онкилондар жателдіктер көмегінен бастартты.– Бабаларымыз бізге өзге болмаса да үй салуды үйреткен,– деді Амнундак, – сол баспаналарда талай ұрпақ өсіп-өніпкеледі. Біз бұдан басқаша салмаймыз үйді. Онан да, ақадамдар, жер қайтып сілкінбестей етіп беріңдер, сонда біздіңүйлеріміз де құламайды.Ешқандай ақыл-кеңес өтпеді, жиһангездер үйінің беріктігіде әсер етпеді оларға.

– Егер біздің үйлерде онкилондар емес, ақ сиқыршылартұрса, құламаған болар еді, – деп жателдіктерді алқа-қотанқоршап әңгімесін тыңдап тұрған құрылысшылардың бірі.

– Солай, солай! Дұрыс айтасын! – деп қалғандары дабас щұлғып, дабырласып кетті. Өз жертөлелеріне қайта оралуғатура келді, алайда мұнда болған жағдайды талқылап жатармүмкіндік тағы жоқ, себебі әйелдер орысша едәуір түсініпқалған, олардың көзінше еркін сөйлесе, бәрі онкилондарғажетіп қалуы кәдік.Сонда да екі дайда қалаулыларының қай жаққа шығатынынбайқау үшін жиһангездер онкилондарға жасаған ұсынысы,оның қабылданбауының себеп-салдары хақында сөз қозғады.

– Амнундактың шешімі дұрыс! – деп дік етті Аннуэн.Оның пікірін қалғандары да қостады. Тек Аннуир ғанажиһангездердің жағына шығып, осы жертөленің құрылысыналға тартып дәлелдей кеп, есті адамдардың көмегінен бастарту есуастық деді!

– Бұлар сені мен бізден ақылды емес, тек сиқыры ғанакүшті! – деді ыза буған Аннуэн.

– Бұлар біздің жерге қадамбасқанға дейін үйіміз де құламаушы еді, жеріміз де бұлайшайқалмаушы еді. Бұлар болғызбаймыз десе, жер де қайтыпсілкінбейді. Бірге тұра бастағаннан бері әйелдердің дау-тартысы тұңғышрет мынандай қиян-кескі сипат алып, надан, көңілі соқыркүндестерінің Аннуирді жерден алып, жерге салғаны сондай,ерлер енді әңгімені бастап бергеніне өкінді.Ашулы әйелдерді сабасына түсіру үшін Ордин Аннуирдіжидек теріп келуге орманға шақырды. Табан аузында қалғантөртеуі қысқа сақтайтын жидекті теріп кептіретін кез болдыдеп қабықтан жасалған қақпағы, тұтқасы бар топатайдықарына іліп орманға тартты, бірақ олар басқа жаққа жөнелді.Үш жиһангез жағдайды пайдаланып еркін әңгімелесу үшінжеке қалды.

– Мұнда қыстап қалудың реті жоқ сияқты көрінеді детұрады маған, – деді Горюнов.

– Онкилондардың бізгеқарым-қатынасы қазір достыққа қиғаш.

– Иә, – деп қостады оны Костяков, – тағы бір қолайсызбірдеңе туа қалса, мәселен, жер сілкініп не дауыл тұрып,болмаса тұтқиылдан вампулар шабуыл жасай қалса, бізгебілдірмей тайып тұрудан басқа лаж жоқ.

– Оқа емес, бәрі де орын-орнына келеді, жолдастар! –деді Горохов.

– Құдайдың құтты күні жер сілкінбес! Қыстапшығамыз!

– Никитаға бұл ара ұнап қалған, – деп мырс етті Костяков.

– Әрине, ұнайды. Ұнамайтын несі бар, айтшы. Тамақтоқ, күн жылы. Жақында некелесіп, үйленеміз, әйелдерімізжәне жақсы.

– Міне, мәселе қайда! – деп даусын соза түсті де, Горюновүнсіз қалды.Жазатайым қақтығыс бола қалса, Гороховтың онкилондаржағына шығатыны немесе бейтарап қалатыны айқын болды.Жертөлені тым-тырыс үнсіздік басты. Ұзамай Гороховорнынан тұрып, үйден шығып кетті.

– Мен қорқайын дедім, – деді Горюнов, – бұл араданасығыс-үсігіс жасырын қашпақ болсақ, Никитаның бізбен218бірге кетпеуі кәдік, тіпті біздің ойымызды оларға білдіріпқоюы да мүмкін:

– Қой, бұ не дегеніңіз? Бұндай ой басыңызға қайданкеліп жүр? – деп таң қалды Костяков.

– Ол да біз сияқтысиқыршы емес пе, бізге бұл жерде қалу қатерлі болса, оғанда қауіпті.

– Олай емес. Онкилондардың оны бізден бөле қарайтынынбайқап жүрмін. Ол қараторы, түр-тұрпаты соларға келеді,тілін де біледі. Оны ақ деуге болмайды ғой, солай емес пе?!

– Әлбетте! Сонда да ол бізбен бірге келді, бізбен біргетұрады, оның да жасыны мен нажағайы және басқатаңғажайып заттары бар.

– Солай болғанымен де оның жағдайы едәуір өзгешелеу.Бұған менің назарымды алғаш аударған Ордин, ал оғанАннуир айтыпты. Әйтеуір біз Никитамен ұдайы ашық-жарқынбола бермейік те.

– Оныңыз дұрыс! Ал, меңінше, бүгінгі әйелдердің ұрысыАннуирдің біздің одақтасымыз екенін байқатты.

– Рас, ол Ординді ессіз сүйеді, онкилондардың жоспарынсол арқылы да білуге болады. Мұның өзі аса пайдалы болсакерек.

– Бір қызығы, біздің қашуымызға тура келсе, ол бізбенбірге кетер ме еді, кетпес пе еді. Бірде ол бармаймын деген.Есіңде ме, ана жолы жотаға шығып теңіз жақты шолғанымыз.

– Е, ол алғашқы бет қой. Ал қазір ол Ординмен жердіңтүбіне дейін баруға бейіл.Гороховтың қайтып оралуы әңгімені кілт үзді. Горюновпен Костяков құрылыстың қалай жүріп жатқанын көргеліесіктің сыртына шықты.Жертөленің қабырғасы қаланып, әйелдер шым жайып тажатыр, оның жартысын жаңадан ойып, жартысын құлапжатқанынан алған. Түнге қарай рудың жаңа қонысқа кірертүрі бар. Кешке топатайларын жабайы малина мен қарақатқатолтырып төрт әйел келді.Олардан кейін Ордин мен Аннуир де көп ұзаған жоқ,бірақ келіншектің терген жидегі аз да көзі бұлаудай екен.Оның аз тергенін көрген өзге келіншектер сықылықтап,орманда не бітірдің деп сұрай бастады.

– Мен оған Аннуэнмен сөзге келгені үшін ұрыстым! –деді Ордин.Аннуир оған таңырқай көз тастап қызарып кетті. Аннуэнразы болып қалса керек, жертөледе келісім қайта орнады.Ымыртта барлық әйел бұғы саууға кеткенде Ордин күндізгіәңгіме жайын айтайын деп еді, Горюнов сыбыр етіп, төсегіндеотырған Гороховты көзімен нұсқап тыйып тастады.

0
0
960

Еще по теме

ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ - Yvision.kz