ҚАСИЕТТІ КӨЛ
Қиын-қыстау күндері онкилондарды тастап кетпегенжатжерліктердің аман-есен оралуы құрметіне қасиетті көлдіңбасында құдайы құрмалдық берілуі тиіс деді Амнундакқабақсы. Жиһангездер бұл көлге ойпаттың бүкіл суы құятынынсұрап біліп, оның қайда кетіп жатқанына көз жеткізуге жағдайжасайтын мына оқиғаға қуанып қалды. Құрмалдық оларкелген соң екі күннен кейін белгіленді. Басы Амнундак болып бар рудың жауынгерлері менжиһангездер таң ала қарақтан түстік-батысқа тартты; жасақтыңсоңында құрбандық ақ бұғыны жетелеп, оның екі жағындабақсы мен шәкірті даңғыра қағып, жол бойы дұға оқыпкелді. Екі алаңқай мен аралық ормандардан өтіп, екі сағаттыңшамасында ойпаттың ең шетіне орналасқан кішігірім көлгеде жетті. Оның екі жақ жағасы қара базальт құздың үлкенді-кішілі қой тастары арасынан сылдырап келіп көлге су ағыпжатыр, ал қалған екі жақта тура көлдің өзінен аңғардыңбиіктігі жүздеген метр базальт жары тік көтеріліп, соныңшыңы мен аспанның бір пұшпағының суреті айдын айнасынатүсіп тұр. Осынау терең шыңырауға жазда ғана сәске түстекүн терістік-шығыста тұрғанда бір-екі сағат түседі де, кейінкөл ұдайы көлеңкеде тұрады. Биіктігіне бас айналар қап-қара құздар, жағаның қап-қара кемері, қап-қара су – бәрі-бәрі қосылып көңілді құлазытып жіберді, онкилондардыңкөлді қасиетті деп жүргені де осынысынан болса керек.Судың шетінде басқа жартастардан биігірек тұрған біртегістақта тас құрмалдық шалатын жер екен, бақсы шәкіртін алыпсоған шықты. Амнундак, жиһангездер мен жауынгерлер солтақта тасты жарты шеңбер жасап айнала тұрды. Даңғырасыналып бақсы оны баяу қаға бастады, төніп тұрған құздардыңжаңғыртуымен көлдің екінші бетін күмбірлеген кеп үн кеулепкетті. Жаңғырықтың не екенін білмейтін онкилондар оны үнқатып жатқан рухтар деп түсінді. Тәуеп етіп болып бақсыхалцедоннан жасаған мұқият қайралған қысқа өткір пышағынсуырды. Сабы сүйек, бұрандамен безендірілген бұл пышақсыртқы түріне қарағанда қанжар тәрізді және ылғи осындайқанды құрбандыққа ғана ұсталады. Шәкірт бұғыны мүйізіненұстап басып, басын жерге тұқыртты да, бақсы желкеденқатты соғып, сылқ еткізді. Өлген бұғының үстінде тағы дадаңғыра қағылып, дүңгірлей жөнелді, сөйткенше болған жоқ,екі онкилон төрт қу бөренеден құрған жеңіл сал алып кептақта тастың шетінен суға түсірді. Оған онкилондардың200көмегімен шәкірт бұғыны салып, жағадан итеріп жіберді.Бақсы даңғырасын қағып,ерні жыбырлап, күбірлеп, сыбырлапдұға оқумен болды, бірақ бір дыбыс сыртқа шыққан жоқ,себебі қасистті көлдің жағасында қатты сөйлеу күпірліккөрінеді.Білінбейтін бір ағынмен сал баяу ғана көл ортасына сырғыпбарады. Ақыры ол жардың етегіне де қалқып барып, бірорнында шыр көбелек айнала бастады.Көсем мен жауынгерлер үн-түнсіз салға телмірген де қалған.Кенет қап-қара толқыннан қатты шу шығып, көл шайқалғандайболды да, салдың маңынан бейнебір алып бірдеңе тереңненсуды жұтып жатқандай ойыс шұңқыр шыға келді. Шұңқырбірте-бірте тереңдеп, шуыл күшейіп, пысылдап, иірімде шырайналған сал тереңге тартқан сумен толқынға көміліп жоқболды, бөренелердің басы, бұғының мүйізі бір жалт етіп,шұңқыр жабылды да қалды. Бірер минут сол жерде иірімдөңгеленіп тұрып ғайып болды да, айдын айнасы қайтақалпына келіп, көл түк көрмегендей көрермендер алдындабәз қалпынша тұнжырады да жатты.Сал қара суға шым батып кеткенде ғана даңғыра қағуынтоқтатқан бақсы үні жарықшақтанып сыбырлай сөйледі.
– Қасиетті су құрмалдығымызды қабыл алды!Көлге қайта тағзым етіп ол тақта тастан түсті де, жасақкелген жолымен кері тартты. Жиһангездер де енді пікіралмасуға мүмкіндік алды. Ойпаттың суы қайда кетіпжатқанын көл көз алдына жайып салды. Бар су бірте-біртеосы араға жиналып, бірден теңізге барып құятын жер астыканалына сарқады екен.
– Бұл көлді қалайша қасиетті санайсыздар? – деп сұрадыГорюнов қайтар жолда Амнундактан.
– Бабаларымызды осы жерге бастап келген бақсы солайдепті. Көлді ол өзі тауып, жағасында рухтармен сөйлескенекен, олар біздің жұрттың болашағын айтып беріпті. Өлерінде ол өз мәйітін осы қасиетті суға жерлеуді өсиет етіпті. Соданбері барлық бақсы осында қойылады.
– Сонда ол қалай?– Өлген бақсыны әлгі көргеніңдей салға салып, қолынадаңғырасын, аяғына садақа-сыйлық салған тостаған, басынақұрмалдық бұғының басын қояды да, терісімен мәйітін ораптастайды. Жаңа пері жас бақсы тақта-тасқа шығып дұғаоқиды да, оған күллі жауынгер қатысады. Сал суда әрлі-берлі жүзіп, бақсы өз жұртымен қоштасады. Сосын жаңакөргеніңдей иірім салды шыр айналдырып, ізінше су онытереңге тартып әкетеді.
– Су ештеңені сыртқа шығарып тастамай ма? Қалайшатері, бөрене, даңғыра бәрі батып кетеді?
– Жоқ, бәрі де батып кетеді. Зәуде бір су солардыңбіреуін сыртқа шығарып тастаса, бақсы рухтарға жақпай қалғанекен, не көзі тірісінде бір ерсі қылық жасаған екен депбілеміз.
– Бақсы қыста өлсе қайтесіздер? Көл қатып қалады ғой.
– Қасиетті көл қатпайды – жағаның жартастарында қаржатқанымен, су мұз құрсанбайды.Горюнов бұл құбылысты мезгіл-мезгіл судың жер астынаобылып тұратынынан деп білді, сол об қаймақтана бастағанмұзды да сумен бірге жұтып отыратыны сөзсіз.Келген соң бір ай дерлік жиһангездер қия басыпжертөлесінен ешқайда шыққан жоқ, себебі Амнундак қайтыполардың алысқа саяхат жасауына келісім бермеді. Олар тектақау алаңқайлар мен ормандарды аралап, жануарлар өмірін,өсімдік дүниесінің дамуын барлады, аңға шығып, суастыомыртқалыларымен жақын танысу үшін көлдерден балықаулады, бірақ бәрінде де жанына бірнеше жауынгер еріпжүрді. Оның үстіне алыс саяхатқа ауа райы да жібермеді:Санников жерінде жаздың алғашқы айы аса жауын-шашындыболып, аспанды әлсін-әлсін бұлт торлап, ертелі-кеш сілбірепжаңбыр жауды да тұрды. Алайда жауынды күндер де оларды202зеріктірген жоқ, бес жас келіншек жертөлені кепілді дуғабөледі. Келіншектермен әңгіме-дүкен құрып, ұдайысұқбаттасып отыруы олардың онкилондар тілін меңгеруінтездетіп, емін-еркін сөйлесуіне, сөйтіп бұл жұрттың әдет-ғұрпы, тұрмыс салты, нанымы жайында бай мағлұматжинауына жағдай жасады.Бұл тайпаның жазбасы болмаған, бірақ ауызша аңыз-әңгімелері мен ертегілері, жазып алса, көп екен. Тілді едәуіригергеннен кейін жиһангездер осы мақсатпен қариялардышақыртып алып, кейде оларға өздері барып әңгімелесіпотырды. Жиһангездерді, сондай-ақ тайпаның діни нанымықызықтырған еді, осы орайда оларға дін ұстаушы ретіндекөп мағлұмат беретін бақсы ат-тонын ала қашып, әңгімеайтудан бас тартты, жалпы ол жателдіктерге жасырын бірөшпенділік сақтап, сенімсіз көзбен қарады. Дінгеонкилондардың өз көзқарасы да күңгірт, олардың аспандағы,әуедегі, бұлттағы, жұлдыздағы, судағы, топырақтағықайырымды, қайырымсыз рухтарға сенімінің өзі қарама-қайшы.Баяғысынша қардың ортасында иттермен жападан-жалғызтұрып, қысқа отын қамдап, ет қақтап, аңшылықпен күн кешіпжатқан Никифоровқа екі жиһангездің ғана бір айда бір-ақрет барып, амандығын біліп қайтуына мүмкіндік болды. Тақабір қажет болып қалса, онан хабар алып келуі үшінНикифоровқа Белуханы тастап, Пеструханы алып кетті,керегінде екеуі де хат тасушы орнына жүре алады. Ал зәудебір қатер төне қалса, ол күртіктен жоғары жақпарға от жағуыкерек, оның түтіні онкилондар тұрағынан анық көрінеді.Санников жерінде қыстауға бел байлаған соң жиһангез-дердің онкилондардан ойпаттың қысы жайында сұрастыруытабиғи да. Олардың айтуынша, қыркүйектің басынан-ақ ай-түйге қаратпай қыс түседі: түстік жақтан сәл ғана көтеріліп,203ойпатқа күн алты-жеті сағат қана жарық болып тұрады.Жапырақ сарғайып, жедел түсіп қалады. Онкилондар қысқаотын дайындап алуға жанталасады. Күн жиі бұзылып, ауық-ауық қар жауады. Қазанның басынан бастап ойпатқа күнмүлдем түспейді, бірақ түске қарай бірнеше сағат жарықболады. Жел түстіктен тұрса, қар ұйытқытып, терістіктенжауын және тұман әкеледі. Онкилондар қыстың қамыменсоңғы аңшылық кәсібін жасап, ет қорлайды. Қазан айыныңортасынан бастап күн атымен жоқ, тек бірер сағат қана іңірболады, жауын-шашын жиілеп, жертөледен ошақ етіпшығартпайды. Қарашаның басынан қаңтардың аяғына дейінполяр түні басып, аспан ашықта ай сәулесі мен онкилондараруақтардың жан алауы санайтын солтүстік шұғыласы ғанажарық түсіреді. Бұл тұста түстік желі – аяз бен ашық ауарайын, ал батыс пен шығыстан соққаны – ызғырық боран,теріскейден тұрғаны жаңбыр мен шуақ әкеледі. (Осылардыжазып алып Горюнов былай деп қосып қойды: қыстағы бұлжылылықтың ойпаттың терістік бөлігіндегі қайнаған көлдермен фумаролдардан тарап жатқаны айдан анық). Соныңарқасында қар көп тұрмай, бұғылар мен жабайы жануарларазығын алаңқайлардан тебіндеп табады. Көбіне қар аңғарлардажартастардың астына іркіліп, көктем кемеліне келгеншеерімейжатады. Осынау қараңғы үш ай онкилондар үшін ең көңілсізшақ: боранда да, жаңбырда да бұра баспай жертөледе отырукерек. Айлы түндері аңға да шығады, көбіне бұғыларға тиіп,маза бермейтін қасқырларды аулайды.Ақпанның басында түстік жақта сәуле пайда болады, бірақойпатқа күн марттың басында ғана сығалайды, күн шапшаңұзарып, жылына бастайды, осы айдың аяғынан-ақ көктемқауырт кіреді: қар кетіп, қылтиып шөп көрінеді, табиғаттүлеп салып, жанданып жайнай жөнеледі, ал сәуірдіңортасында ормандар жасыл желек киеді
