Жаз аздан еріп кеңіген мұз апанда әлі тұрған казактың
шатырына қонып шығып, жиһангездер ертемен күртік
жотасынан баспалдақ оюға кірісті.
Бесеуі де жан сала жұмыс істеп, екінді кезінде текше-
тастың түбіне жетіп те барды. Төрттен – он метрге дейін ені
бар текше тас күртіктің екі жағына бірдей созылып, бара-
бара таутеке жүргендей ғана болып қусырыла түседі. Оның
үстінде ең аласа тұсының биіктігі он метрдей жарқабақ бар,
барлық жері бірдей тік емес, тәжірибелі альпинистің сатылап
басына шығуына әбден болады. Алайда жүк көтеріп, иттерді
шығару үшін жарқабақ тым биік, сондықтан араға бірер таяныш
жасау керек, мынау базальт қабатта ол тақа алынбас асу да
емес. Бірақ жұмысы бір күнге қаптал.
Алаңды шолып шығып Горюнов:
– Қалай қарайсыздар, бүкіл жүк пен нарталарды осында
бүгін-ақ шығарып қойсақ қайтеді? – деген ұсыныс айтты.
253
– Оның не қажеті бар? – деп сұрады Костяков. –
Төменде түнеу қолайлы, мұнда ұйқылы көзбен құздан құлап
кету де кәдік.
– Түнеуін төменде-ак түнеп шығуға болады, бірақ
ауырымыздың бәрін қазір жеткізіп қоялық. Оның себебі
бар. Қалдырып кеткен хатымызға қарағанда, біздің бүгін
кешке тұрақ-мекенге қайтып оралуға тиіс екенімізді
Гороховтың Амнундакқа айтуы керек. Біздің жоқ екенімізді
көріп, оның қуғыншы жіберуі шәксіз, ал онкилондар жол
дегенді біледі. Қуғын ертең ерте келеді, жүгіміз жерде болса,
бәрімізді ұстап алады, ал біз онкилондарға мылтық кезеуге
әлбетте батпаймыз. Жүк жоғарыда болса, өзіміз шапшаң
көтеріліп ап, баспалдақты қиратып кетеміз. Қараңыздаршы,
жақпардың жоғарғы он метрдей бөлегін қашауға көп уақыт
кетпейді, оған шығуға ешкімнің де батылы бармайды.
– Асылы, осының дұрыс! – деп келісе кетті Костяков.
– Ал иттер қайтпек? – деп сұрады Никифоров. – Алаң
оларға тар болады.
– Олар да төменде түнеп шықсын, жүксіз жүгіріп шығуы
қиын емес.
Осы байламға тоқтаған олар уақыттың қалғанын
пайдаланып, жүкті жоғары шығаруға кірісті. Бұл онша оңай
да болған жоқ. Ойып жасалған баспалдаққа қарамастан жүгі
ауыр нарталарды иттер еңістен тік шығара алмады да, талай
тәсілдер қолдануға тура келді. Сондықтан қас қарайғанша
мықшыңдап, ақыры, не керек, күллі жүкті, сақтық етті, отын
мен нарталарды апарып алаңға орналастырды-ау. Төменде
төсек-қап пен ас-су ішетін ыдыс-аяқтар ғана қалды.
Қысқа деп дайындаған отынның көптігі аюларды маңға
жолатпау үшін отты маздатып мол жағуға мүмкіндік берді.
Никифоровтың айтуына қарағанда аюлар әлденеше мәрте
болыпты, өзін олардың маймақ аяғынан, етті талапайға
салудан мұз апандағы күрке ғана сақтап қалыпты.
254
Белуханың сақ-қырағылығының арқасында уақтылы оянып,
апан аузындағы тақта мұзды тасалап тұрып, ет қоймасының
аузындағы үлкен мұздарды лақтыра бергенде талай түнгі
қонақты атып, қуып жіберіпті.
Ас үстінде ол екі дүркін жер сілкінгенде қатты қорыққанын
айтты: ол жер ойылып кетеді екен деп апаннан атып шығыпты.
Құздан тас құлап, бұршақтай жауып тап жанына түсіп
жатыпты, жерде жарық пайда болыпты.
Жұмыстан шаршап жығылған жиһангездер Крот пен
Белуханы күзетке қойып, алаңдағы төрт оттың ортасына
жайғасып қатты ұйықтап кетті. Алайда оларды қатты жер
дүмпуі түн ортасында оятты. Басын үрейлене көтеріп, олар
тың тыңдады: жер астынан бейнебір ойқы-шойқы тақтай
көпірмен ауыр жүк артқан көлік тасырлап бара жатқандай
дүңгір естіліп, оған алыс-жақын жерде жардан құлаған
қойтастардың гүрсілі қосылып, төңірек түгел жаңғырығып
кетті. Осы шудың бәрін ұзамай мұз апанға қамалған иттердің
үздік-создық ұлыған дауысы естіртпей жіберді.
Жар етегінен жырақ ашық аспан астында жатқандықтан
жиһангездердің ешқайда жүгірер реті жоқ еді, сондықтан
олар үрейленсе де, төсек-қабында түрегеп отырды да қойды.
Ұзамай тағы бір қатты дүмпу ұрып өтті: жатқандар оның
сәл көтере солқ еткізгенін жақсы сезді, жанып бітуге
жақындаған от жалыны шайқалып, шоқ пен шала жан-жаққа
ұшты. Тақау маңда бірдеңе гүрс құлап, жақында ғана ішінде
шатыр тұрған, өзі сонда бір түн қонып шыққан үңгірдің
алдында жатқан Горюнов төбеден бірнеше мұз тақтасы құлап
түскенін көрді.
– Үңгірде емес, ашық аспанның астында жатқанымыз
біздің бақытымыз екен! – деді ол дауыстап. – Қазір ғой,
анда жатсақ, мұз басып қалады!
– Иттерді езіп тастап жүрмей ме үйшігі құрғыр! – деп
қауіп ойлады Ордин.
– Езе қоймас, олардың апаны үлкен емес және күртіктің
ең қалың жерінде тұр.
255
256
– Шығарса олар тым-тырағай қашады, – деп сақтық
айтты Никифоров. – Оларды байлап қоятын да ештеңе жок
– нарталар жоғарыда. Мейлі, тұра тұрсын.
Алайда бірінен соң бірі үстемелете ұрған бірнеше дүмпу
әлгі шешімді жиһангездердің өзгертуіне мәжбүр етті. Әлде
бір қатер сезді ме, иттер азан-қазан ұлып, шыдамай кеткен
Никифоров қолына балта ап, толқында тербелген кеменің
палубасындағыдай шайқатылып барып үңгірдің аузына қалаған
тақта мұздарды оңды-солды атып, хайуандарды босатты.
Бейшаралар сыртқа лап қойып, есінен адасқандай бірінің
үстінен бірі қарғып, атқып-атқып шықты да, ұлуын табан
аузында тыя қойды, сосын бірнеше қадам жүгіріп барып, бір
жерге ұйлыға қап, құйрығын бұлғаңдатып каюрына қарады.
Никифоров қайыс-саймандарын әкеп, үш жегінді де ұстап,
бөліп байлап, оттың айналасына үш жерге қойды. Сосын ол
үш үңгірдің үшеуіне де үңіле қарап, қайтып келді де:
– Төбеттердің тынышсызданатын реті бар екен, – деді.
– Тұп-тура төбесінен мұз жарылыпты, жарығына қол сыйып
кеткендей. Енді болмаса дәу сең құлап кеткелі тұр екен.
– Ал бүгін түнде онкилондар жертөлесінің, бәлкім,
барлығы құлаған шығар, – деді Горюнов.
– Бұл апатты енді олар біздің кетуімізге телиді, – деп
бір ойдың ұштығын шығарды Костяков.
– Әлде біздің біреуіміздің қалып қойғанынан көріп
жүрмесе! – деп күдік білдірді Ордин. – Енді Горохов
кетем десе де сытылып шығуы қиын.
Аннуир көзіне жас ала отырып үнсіз тыңдады. Оның
тұқымына, тайпасына түгел жаңа опат төнді, оларды тастап
кетсе де туыстар қайғы-қасіреті қабырғасына қатты батты.
– Бәлкім, бұл жолы жер жақсылыққа бола сілкінген
шығар, – деп оны жұбатуға жан салды Ордин. – Егер бұл
ыстық су мен будың жерасты жолын қалпына келтірсе,
жылылық қайта орнайды, онкилондардың өмірі бұрынғы
арнасына түседі, ал жертөле салып алу қиын емес.
Суықтың неліктен ерте түскенін Аннуир біліп те алған,
сондықтан Ординнің жорамалы аздап көңілін орнық-
257
тырайын деді, жүзіне мейірім төге қарап, баяу ғана оның
қолын сипай берді.
– Олар үйді біздікі құсатып неге салмайды осы? Біздің
жертөле ғой, бәлкім, құлаған жоқ шығар, – деді ол ақыр
аяғында.
– Бәлкім, біз кеткен соң солай сала бастар да.
«Сиқыршылар» кетті, үйі құламай әлі тұр деп себебіне бір
үңілер, – деді Горюнов.
– Ал осы жанартаудың ендігі атқылауы терістік бөліктен
басталып жүрмей ме? – деп өзінше болжам айтты Костяков.
Барлығы еріксіз терістік жаққа қарады. Қалың тұман
тұмшалаған аспан қап-қара, жер бетіне лава көтерілгеннің
белгісі боларлық қызыл ұшқынның жұрнағы да білінбейді.
Дүмпу ауық-ауық қайталанып тұр, бірақ алғашқысындай
емес, бәсең. Ақыры, не керек, қалжырап жығылған олар
қалғып кетті.
Алайда ұйқы оңбады, бұзыла берді: бірде бірі, бірде
екіншісі оянып, төсектен басын көтеріп алып, жан-жағына
үрейлене жалтақтайды, бәрі тыныш: күртік құламай, от жанып
тұрғанына көзі жеткен соң сылқ етіп жата кетеді. Никифоров
әредік орнынан тұрып, отқа ағаш салып жатты. Осылайша
бұл бір қорқынышты түн әрең өтті.
Міне, шығыс беткейдің бұлты жарқырап бұрын бұлай
байқалмаған күн шұғыласымен арайланды. Бұлттың бергі
жағында жақынырақ құз-қабырғаның жота шыңдары ап-айқын
көрініп, басынан қар жалтырады. Терістіктен орман танаптары
менмұндалап, күртік өсіп, ағара түскендей, оттың жарығы пәс
тартқандай көрінді. Қалғып жатқандарды таңғы суық оятты.
– Әбден жарық болғанша шай қайнатып ішпейміз бе? –
деп ұсыныс жасады Горюнов. – Сосын жоғарыға барып,
қуғын жеткенше жұмысқа кіріселік.
– Бұл да жөн! – деді орнынан атып тұрған Никифоров.
– Кетер болсақ, уақытында кетейік!
– Санников жерінің жылытқышы қалпына келсе, кетудің
де қажеті болмас, – деп өз ойын Ордин дауыстап айтты.
258
– Бүгін көреміз: жылы болып, қар кете бастаса, сіздің
болжамыңыздың дұрысқа шыққаны.
Таң әлгіндегіден де ағарды. Жыртылған бұлттар шығыста
қанқызыл бояуға малынды. Терістіктегі қара орман танабы
тіпті айқындала түсті. Ойпаттың екі жақтағы аңғар жары
түнде қаншама тас құлағанымен, қаз-қалпындағыдай қарауыта
созылып барады.
Никифоров отты көсеп қойып, құманды алды да, күртіктің
аяғындағы су көсіп алу үшін ойып қойған кішкене бастауға
тартты. Бара бере зәресі ұшқан казактың жан даусы шықты:
– Көкем-ау, су қаптап келеді, су!
Түтіні мен жалыны таяу жерді көлегейлеп тұрған оттың
жанымен бәрі солай қарай жүгірді. Жүгіріп келіп, таң қалып
қалшиып тұрып қалды. Күртіктен жүз метрдей төменде
созылып жатқан, жақында ғана қардан көрінбей қалған
жатаған тастақты төбені лай су алып, бұталы шұбарға дейін
жеткен. Бір-ақ түнде пайда болған осынау жаңа көл көз
ұшына дейін көлкіп, ойпат аңғарының етегіне дейін жеткен,
тек күртік жатқан түстік бұрыш қана аман. Күртіктің астынан
шығатын бастау бұлақ сылдырап, жиһангездерді өзге әлемнен
бөліп тастаған жаңа көлге құйып жатыр.
– Мәссаған, жер сілкіністен кейін лава орнына су атқылағаны
ғой! – деп тыныштық қаймағын Костяков шайқады.
– Қараңыздаршы, әне, су бізге қарай қаптап келе жатқан
сияқты! – деп дауыстады Ордин. – Ол барған сайын көбейіп
барады.
Барлығы жағаға жақындады да, ілгері лықсыған суды
көрді, көздерінің алдында жерді жауып жатқан қар бойына
су жинап, еріп, шөге бастады. Оның орнын қар жентектері
қалқыған су басты.
– Ал жолдастар, енді алаңдар ештеңе қалған жоқ! – деп
дауыстады Горюнов. – Затымызды алып жоғарыға шығайық,
жарты сағаттан соң тұрағымызды су алады.
– Апырау, одан әрі жол жоқ емес пе! – деп қарсылық
білдірді Костяков. – Екі ортада қамауда қап жүрмейміз бе?
259
– Су текше тасты да қарық қылар деп шынымен қорқасыз
ба? Текше тас ойпат табанынан жүз метр биікте тұр, су оған
жеткенше жоғарыдағы жолымызды аршып та аламыз.
– Жоғарыға жүкті кеше шығарып алғанымыз қандай жақсы
болған! Бүгінге қалса ғой – үлгере алмаймыз, – деді Ордин.
От басына қайтып келіп олар керек-жарағын жинады да,
күртіктің үстіне шығарып қойды. Содан соң қарық болғалы
шақ тұрған қоймадан түбі қажет боп қалар деп біраз ет алып,
баспалдақты жағалай отын үйді – осының бәрін бірте-бірте
жоғары көтеру керек. Соңғы бөлеңдерді олар күртікке жетіп
те қалған суда жүріп шығарды.
– Жарайды, енді иттерді жетелеп көрелік! – деді
Никифоров.
Иттер тықыршып әрең тұрған-ды, күртіктің тік жотасымен
жоғары қарай жүгіре жөнеліп, тайып құлап, улап-шулады.
Сосын Никифоров, Ордин және Костяков бір-бір жегіннен
алып, баспалдақпен жоғары айдай жөнелді. Заттардың бір
бөлегін ұстап Горюнов пен Аннуир алда жүріп отырды.
Жоғарыға шықты да, олар айран-асыр, таң-тамаша болып
тұрып қалды. Осының алдында ғана күртіктің жоғары жағы
текшемен бірдей болып тұрған, енді қараса арасында биіктігі
бір метрдей үңірейген жар тұр. Зайыры, жер сілкінудің
салдарынан күртік төмен сырғып, көшкен немесе ойпат табаны
түсіп кеткен. Иттердің алғашқы тобы сол жарға тіреліп қыңсылай
бастады да, әрқайсысын бөлек алып, биікке қолмен шығаруға
тура келді. Алаңға шыққан соң иттер арсалаңдап, нартадағы
етке бас салып Никифоровты көп әуреге салды, оларды бір-
бірлеп әрең ұстап, бір бұрышқа байлады да тастады. Қалған
жігіттер күртіктің бас жағында қалған көмбені алып келуге
кетті де, Аннуир шай әзірлеуге кірісті, алаңда жаңа қардың
қалың жауып қалғаны ерітіп су алуға жақсы болды.
Барлық зат жоғары шығарылған соң ертеңгілік асқа дейін
жиһангездер төңіректі түгел шолуға мүмкіндік алды. Текше
тастан ойпаттың біраз бөлегі көрінеді екен, бірақ көз жеткен
жердің бәрі көлкіген су, барлық алаңқай көлге айналып,
260
ормандар арал не мойнақ болып қарауытады. Көтеріліп келе
жатқан күн шұғыласына шағылып, күмістей жылтыраған су
үрейден гөрі үйлесімді суретті алға тартады: текше тастардың
аппақ белдігі айнала орап, қарлы жаңбыр басына тәж боп
қонған қап-қара құздардың кемерін беті алашабыр аралдар
мен түбектер айшықтаған шалқар көл кернеп, толқын толқып
жатқандай.
Алайда осы арада әлгінде ғана тұтас бір адамдар тайпасы
өмір сүріп, сан-талай төрт аяқты жануарлар жайылып жатыр
еді-ау дегенді ойлағанда, төбе шашың тік тұрады. Солардың
бәрі қарық болғаны ма? Адамдар ағаш басына шығып
амалдар-ау, алайда онысы қаншаға бармақ? Су осылай
үстемелете берсе – ерте ме, кеш пе – бәрібір қарық болады
ғой; осылай тұра бергеннің өзінде суық пен аштықтан өлуі
және хақ. Хайуандарға тіпті барар жер жоқ, ойпаттың құз
кемерінен таутеке мен құс қана аса алады. Санников жері
енді алып бір тұзақ сияқты.
Текше таста тұрған кісілердің басында осы ой аласұрды.
Ағаш басына шығып жан сауғалаған біреу-міреу көрінер ме
екен деп олар дүрбімен көз жетер жердің көбін шалды.
Жақыннан ондайларды ұшырата алмады, ал алысырақ
ормандар бер жағындағылардың тасасында көзге көрінбейді.
– Ақылын мен таптым! – деп дауыстап жіберді Ордин.
– Бізде қайық бар ғой, соған мініп Гороховты, көзге түскен
онкилондарды құтқаруға барайық.
Осы сөзді айтуы-ақ мұң екен, Аннуир жұп-жұмсақ білегін
оның мойнына орап, бетіне бетін тақап тұрып күбір етті.
– Дұрыс-дұрыс, құтқаруға аттаныңдар, енді олар сендерге
еш жамандық істемейді.
– Желқайықпен орман үстінен қалай өтпекпіз? – деп
сұрады Костяков.
– Барлық жерде аң жүретін сүрлеу бар, қазір олардың
бәрі канал – бұл бір, екіншіден, ойпат жағалай жатқан тастақ
төмпелердің бірі көрінбейді, түгел су басып қалған, – деп
оның жауабын Горюнов берді.
261
Апыл-ғұпыл ауқат жасай салып, нарталардан байдарканы
түсіріп, құрастырды да, рулі мен ескегін орнатып, бір қапшық
кепкен ет, бір шөлмек спирт, іркіп сақтаған азын-аулақ кепкен
нан, арқан және балта салды.
– Бәріміз бірдей барудың, әрине, еш қажеті жоқ! – деді
Горюнов. – Екі адам жетеді, әйтпесе ешкімді де құтқарып
жарытпаймыз. Рульде біреу отырып, екіншісі ескек ессе
болды, солай алмаса береміз. Кім барғысы келеді?
Никифоров иттерге қарау үшін қалуы керек, Аннуир ескек
есе алмайды, енді қалған үшеуінің арасынан шығуы тиіс
баратындар. Ақыры, Костяковты да осында қалдыруға келісті.
– Қалғандарына да жұмыс табылады, – деді Ордин. –
Сендер бір күннің ішінде жартастан жоғары қарай баспалдақ
жасап қоюларың керек.
Байдарканы арқанмен күртік жотасымен сырғытып,
тереңдігі метрге жуықтап қалған суға түсірді. Горюнов рульге
отырып, Ордин ескекті алды да, Санников жерін жауып
жатқан лай сумен желқайық жеңіл ытқып жөней берді.
Жаз аздан еріп кеңіген мұз апанда әлі тұрған казактыңшатырына қонып шығып, жиһангездер ертемен күртікжотасынан баспалдақ оюға кірісті.Бесеуі де жан сала жұмыс істеп, екінді кезінде текше-тастың түбіне жетіп те барды. Төрттен – он метрге дейін енібар текше тас күртіктің екі жағына бірдей созылып, бара-бара таутеке жүргендей ғана болып қусырыла түседі. Оныңүстінде ең аласа тұсының биіктігі он метрдей жарқабақ бар,барлық жері бірдей тік емес, тәжірибелі альпинистің сатылапбасына шығуына әбден болады. Алайда жүк көтеріп, иттердішығару үшін жарқабақ тым биік, сондықтан араға бірер таянышжасау керек, мынау базальт қабатта ол тақа алынбас асу даемес. Бірақ жұмысы бір күнге қаптал.Алаңды шолып шығып Горюнов:
– Қалай қарайсыздар, бүкіл жүк пен нарталарды осындабүгін-ақ шығарып қойсақ қайтеді? – деген ұсыныс айтты.
– Оның не қажеті бар? – деп сұрады Костяков.
–Төменде түнеу қолайлы, мұнда ұйқылы көзбен құздан құлапкету де кәдік.
– Түнеуін төменде-ак түнеп шығуға болады, бірақауырымыздың бәрін қазір жеткізіп қоялық. Оның себебібар. Қалдырып кеткен хатымызға қарағанда, біздің бүгінкешке тұрақ-мекенге қайтып оралуға тиіс екеніміздіГороховтың Амнундакқа айтуы керек. Біздің жоқ екеніміздікөріп, оның қуғыншы жіберуі шәксіз, ал онкилондар жолдегенді біледі. Қуғын ертең ерте келеді, жүгіміз жерде болса,бәрімізді ұстап алады, ал біз онкилондарға мылтық кезеугеәлбетте батпаймыз. Жүк жоғарыда болса, өзіміз шапшаңкөтеріліп ап, баспалдақты қиратып кетеміз. Қараңыздаршы,жақпардың жоғарғы он метрдей бөлегін қашауға көп уақыткетпейді, оған шығуға ешкімнің де батылы бармайды.
– Асылы, осының дұрыс! – деп келісе кетті Костяков.
– Ал иттер қайтпек? – деп сұрады Никифоров.
– Алаңоларға тар болады.
– Олар да төменде түнеп шықсын, жүксіз жүгіріп шығуықиын емес.Осы байламға тоқтаған олар уақыттың қалғанынпайдаланып, жүкті жоғары шығаруға кірісті. Бұл онша оңайда болған жоқ. Ойып жасалған баспалдаққа қарамастан жүгіауыр нарталарды иттер еңістен тік шығара алмады да, талайтәсілдер қолдануға тура келді. Сондықтан қас қарайғаншамықшыңдап, ақыры, не керек, күллі жүкті, сақтық етті, отынмен нарталарды апарып алаңға орналастырды-ау. Төмендетөсек-қап пен ас-су ішетін ыдыс-аяқтар ғана қалды.Қысқа деп дайындаған отынның көптігі аюларды маңғажолатпау үшін отты маздатып мол жағуға мүмкіндік берді.Никифоровтың айтуына қарағанда аюлар әлденеше мәртеболыпты, өзін олардың маймақ аяғынан, етті талапайғасалудан мұз апандағы күрке ғана сақтап қалыпты.254Белуханың сақ-қырағылығының арқасында уақтылы оянып,апан аузындағы тақта мұзды тасалап тұрып, ет қоймасыныңаузындағы үлкен мұздарды лақтыра бергенде талай түнгіқонақты атып, қуып жіберіпті.Ас үстінде ол екі дүркін жер сілкінгенде қатты қорыққанынайтты: ол жер ойылып кетеді екен деп апаннан атып шығыпты.Құздан тас құлап, бұршақтай жауып тап жанына түсіпжатыпты, жерде жарық пайда болыпты.Жұмыстан шаршап жығылған жиһангездер Крот пенБелуханы күзетке қойып, алаңдағы төрт оттың ортасынажайғасып қатты ұйықтап кетті. Алайда оларды қатты жердүмпуі түн ортасында оятты. Басын үрейлене көтеріп, олартың тыңдады: жер астынан бейнебір ойқы-шойқы тақтайкөпірмен ауыр жүк артқан көлік тасырлап бара жатқандайдүңгір естіліп, оған алыс-жақын жерде жардан құлағанқойтастардың гүрсілі қосылып, төңірек түгел жаңғырығыпкетті. Осы шудың бәрін ұзамай мұз апанға қамалған иттердіңүздік-создық ұлыған дауысы естіртпей жіберді.Жар етегінен жырақ ашық аспан астында жатқандықтанжиһангездердің ешқайда жүгірер реті жоқ еді, сондықтанолар үрейленсе де, төсек-қабында түрегеп отырды да қойды.Ұзамай тағы бір қатты дүмпу ұрып өтті: жатқандар оныңсәл көтере солқ еткізгенін жақсы сезді, жанып бітугежақындаған от жалыны шайқалып, шоқ пен шала жан-жаққаұшты. Тақау маңда бірдеңе гүрс құлап, жақында ғана ішіндешатыр тұрған, өзі сонда бір түн қонып шыққан үңгірдіңалдында жатқан Горюнов төбеден бірнеше мұз тақтасы құлаптүскенін көрді.
– Үңгірде емес, ашық аспанның астында жатқанымызбіздің бақытымыз екен! – деді ол дауыстап.
– Қазір ғой,анда жатсақ, мұз басып қалады!
– Иттерді езіп тастап жүрмей ме үйшігі құрғыр! – депқауіп ойлады Ордин.
– Езе қоймас, олардың апаны үлкен емес және күртіктіңең қалың жерінде тұр.
– Шығарса олар тым-тырағай қашады, – деп сақтықайтты Никифоров.
– Оларды байлап қоятын да ештеңе жок– нарталар жоғарыда. Мейлі, тұра тұрсын.Алайда бірінен соң бірі үстемелете ұрған бірнеше дүмпуәлгі шешімді жиһангездердің өзгертуіне мәжбүр етті. Әлдебір қатер сезді ме, иттер азан-қазан ұлып, шыдамай кеткенНикифоров қолына балта ап, толқында тербелген кеменіңпалубасындағыдай шайқатылып барып үңгірдің аузына қалағантақта мұздарды оңды-солды атып, хайуандарды босатты.Бейшаралар сыртқа лап қойып, есінен адасқандай бірініңүстінен бірі қарғып, атқып-атқып шықты да, ұлуын табанаузында тыя қойды, сосын бірнеше қадам жүгіріп барып, біржерге ұйлыға қап, құйрығын бұлғаңдатып каюрына қарады.Никифоров қайыс-саймандарын әкеп, үш жегінді де ұстап,бөліп байлап, оттың айналасына үш жерге қойды. Сосын олүш үңгірдің үшеуіне де үңіле қарап, қайтып келді де:
– Төбеттердің тынышсызданатын реті бар екен, – деді.
– Тұп-тура төбесінен мұз жарылыпты, жарығына қол сыйыпкеткендей. Енді болмаса дәу сең құлап кеткелі тұр екен.
– Ал бүгін түнде онкилондар жертөлесінің, бәлкім,барлығы құлаған шығар, – деді Горюнов.
– Бұл апатты енді олар біздің кетуімізге телиді, – депбір ойдың ұштығын шығарды Костяков.
– Әлде біздің біреуіміздің қалып қойғанынан көріпжүрмесе! – деп күдік білдірді Ордин.
– Енді Гороховкетем десе де сытылып шығуы қиын.Аннуир көзіне жас ала отырып үнсіз тыңдады. Оныңтұқымына, тайпасына түгел жаңа опат төнді, оларды тастапкетсе де туыстар қайғы-қасіреті қабырғасына қатты батты.
– Бәлкім, бұл жолы жер жақсылыққа бола сілкінгеншығар, – деп оны жұбатуға жан салды Ордин.
– Егер бұлыстық су мен будың жерасты жолын қалпына келтірсе,жылылық қайта орнайды, онкилондардың өмірі бұрынғыарнасына түседі, ал жертөле салып алу қиын емес.Суықтың неліктен ерте түскенін Аннуир біліп те алған,сондықтан Ординнің жорамалы аздап көңілін орнық-тырайын деді, жүзіне мейірім төге қарап, баяу ғана оныңқолын сипай берді.
– Олар үйді біздікі құсатып неге салмайды осы? Біздіңжертөле ғой, бәлкім, құлаған жоқ шығар, – деді ол ақыраяғында.
– Бәлкім, біз кеткен соң солай сала бастар да.«Сиқыршылар» кетті, үйі құламай әлі тұр деп себебіне бірүңілер, – деді Горюнов.
– Ал осы жанартаудың ендігі атқылауы терістік бөліктенбасталып жүрмей ме? – деп өзінше болжам айтты Костяков.Барлығы еріксіз терістік жаққа қарады. Қалың тұмантұмшалаған аспан қап-қара, жер бетіне лава көтерілгенніңбелгісі боларлық қызыл ұшқынның жұрнағы да білінбейді.Дүмпу ауық-ауық қайталанып тұр, бірақ алғашқысындайемес, бәсең. Ақыры, не керек, қалжырап жығылған оларқалғып кетті.Алайда ұйқы оңбады, бұзыла берді: бірде бірі, бірдеекіншісі оянып, төсектен басын көтеріп алып, жан-жағынаүрейлене жалтақтайды, бәрі тыныш: күртік құламай, от жаныптұрғанына көзі жеткен соң сылқ етіп жата кетеді. Никифоровәредік орнынан тұрып, отқа ағаш салып жатты. Осылайшабұл бір қорқынышты түн әрең өтті.Міне, шығыс беткейдің бұлты жарқырап бұрын бұлайбайқалмаған күн шұғыласымен арайланды. Бұлттың бергіжағында жақынырақ құз-қабырғаның жота шыңдары ап-айқынкөрініп, басынан қар жалтырады. Терістіктен орман танаптарыменмұндалап, күртік өсіп, ағара түскендей, оттың жарығы пәстартқандай көрінді. Қалғып жатқандарды таңғы суық оятты.
– Әбден жарық болғанша шай қайнатып ішпейміз бе? –деп ұсыныс жасады Горюнов.
– Сосын жоғарыға барып,қуғын жеткенше жұмысқа кіріселік.– Бұл да жөн! – деді орнынан атып тұрған Никифоров.
– Кетер болсақ, уақытында кетейік!
– Санников жерінің жылытқышы қалпына келсе, кетудіңде қажеті болмас, – деп өз ойын Ордин дауыстап айтты.
– Бүгін көреміз: жылы болып, қар кете бастаса, сіздіңболжамыңыздың дұрысқа шыққаны.Таң әлгіндегіден де ағарды. Жыртылған бұлттар шығыстақанқызыл бояуға малынды. Терістіктегі қара орман танабытіпті айқындала түсті. Ойпаттың екі жақтағы аңғар жарытүнде қаншама тас құлағанымен, қаз-қалпындағыдай қарауытасозылып барады.Никифоров отты көсеп қойып, құманды алды да, күртіктіңаяғындағы су көсіп алу үшін ойып қойған кішкене бастауғатартты. Бара бере зәресі ұшқан казактың жан даусы шықты:
– Көкем-ау, су қаптап келеді, су!Түтіні мен жалыны таяу жерді көлегейлеп тұрған оттыңжанымен бәрі солай қарай жүгірді. Жүгіріп келіп, таң қалыпқалшиып тұрып қалды. Күртіктен жүз метрдей төмендесозылып жатқан, жақында ғана қардан көрінбей қалғанжатаған тастақты төбені лай су алып, бұталы шұбарға дейінжеткен. Бір-ақ түнде пайда болған осынау жаңа көл көзұшына дейін көлкіп, ойпат аңғарының етегіне дейін жеткен,тек күртік жатқан түстік бұрыш қана аман. Күртіктің астынаншығатын бастау бұлақ сылдырап, жиһангездерді өзге әлемненбөліп тастаған жаңа көлге құйып жатыр.
– Мәссаған, жер сілкіністен кейін лава орнына су атқылағанығой! – деп тыныштық қаймағын Костяков шайқады.
– Қараңыздаршы, әне, су бізге қарай қаптап келе жатқансияқты! – деп дауыстады Ордин.
– Ол барған сайын көбейіпбарады.Барлығы жағаға жақындады да, ілгері лықсыған судыкөрді, көздерінің алдында жерді жауып жатқан қар бойынасу жинап, еріп, шөге бастады. Оның орнын қар жентектеріқалқыған су басты.
– Ал жолдастар, енді алаңдар ештеңе қалған жоқ! – депдауыстады Горюнов.
– Затымызды алып жоғарыға шығайық,жарты сағаттан соң тұрағымызды су алады.
– Апырау, одан әрі жол жоқ емес пе! – деп қарсылықбілдірді Костяков.
– Екі ортада қамауда қап жүрмейміз бе?
– Су текше тасты да қарық қылар деп шынымен қорқасызба? Текше тас ойпат табанынан жүз метр биікте тұр, су оғанжеткенше жоғарыдағы жолымызды аршып та аламыз.
– Жоғарыға жүкті кеше шығарып алғанымыз қандай жақсыболған! Бүгінге қалса ғой – үлгере алмаймыз, – деді Ордин.
От басына қайтып келіп олар керек-жарағын жинады да,күртіктің үстіне шығарып қойды. Содан соң қарық болғалышақ тұрған қоймадан түбі қажет боп қалар деп біраз ет алып,баспалдақты жағалай отын үйді – осының бәрін бірте-біртежоғары көтеру керек. Соңғы бөлеңдерді олар күртікке жетіпте қалған суда жүріп шығарды.
– Жарайды, енді иттерді жетелеп көрелік! – дедіНикифоров.
Иттер тықыршып әрең тұрған-ды, күртіктің тік жотасыменжоғары қарай жүгіре жөнеліп, тайып құлап, улап-шулады.Сосын Никифоров, Ордин және Костяков бір-бір жегінненалып, баспалдақпен жоғары айдай жөнелді. Заттардың бірбөлегін ұстап Горюнов пен Аннуир алда жүріп отырды.Жоғарыға шықты да, олар айран-асыр, таң-тамаша болыптұрып қалды. Осының алдында ғана күртіктің жоғары жағытекшемен бірдей болып тұрған, енді қараса арасында биіктігібір метрдей үңірейген жар тұр. Зайыры, жер сілкінудіңсалдарынан күртік төмен сырғып, көшкен немесе ойпат табанытүсіп кеткен. Иттердің алғашқы тобы сол жарға тіреліп қыңсылайбастады да, әрқайсысын бөлек алып, биікке қолмен шығаруғатура келді. Алаңға шыққан соң иттер арсалаңдап, нартадағыетке бас салып Никифоровты көп әуреге салды, оларды бір-бірлеп әрең ұстап, бір бұрышқа байлады да тастады. Қалғанжігіттер күртіктің бас жағында қалған көмбені алып келугекетті де, Аннуир шай әзірлеуге кірісті, алаңда жаңа қардыңқалың жауып қалғаны ерітіп су алуға жақсы болды.Барлық зат жоғары шығарылған соң ертеңгілік асқа дейінжиһангездер төңіректі түгел шолуға мүмкіндік алды. Текшетастан ойпаттың біраз бөлегі көрінеді екен, бірақ көз жеткенжердің бәрі көлкіген су, барлық алаңқай көлге айналып, ормандар арал не мойнақ болып қарауытады. Көтеріліп кележатқан күн шұғыласына шағылып, күмістей жылтыраған суүрейден гөрі үйлесімді суретті алға тартады: текше тастардыңаппақ белдігі айнала орап, қарлы жаңбыр басына тәж бопқонған қап-қара құздардың кемерін беті алашабыр аралдармен түбектер айшықтаған шалқар көл кернеп, толқын толқыпжатқандай.Алайда осы арада әлгінде ғана тұтас бір адамдар тайпасыөмір сүріп, сан-талай төрт аяқты жануарлар жайылып жатыреді-ау дегенді ойлағанда, төбе шашың тік тұрады. Солардыңбәрі қарық болғаны ма? Адамдар ағаш басына шығыпамалдар-ау, алайда онысы қаншаға бармақ? Су осылайүстемелете берсе – ерте ме, кеш пе – бәрібір қарық боладығой; осылай тұра бергеннің өзінде суық пен аштықтан өлуіжәне хақ. Хайуандарға тіпті барар жер жоқ, ойпаттың құзкемерінен таутеке мен құс қана аса алады. Санников жеріенді алып бір тұзақ сияқты.Текше таста тұрған кісілердің басында осы ой аласұрды.Ағаш басына шығып жан сауғалаған біреу-міреу көрінер меекен деп олар дүрбімен көз жетер жердің көбін шалды.Жақыннан ондайларды ұшырата алмады, ал алысырақормандар бер жағындағылардың тасасында көзге көрінбейді.
– Ақылын мен таптым! – деп дауыстап жіберді Ордин.
– Бізде қайық бар ғой, соған мініп Гороховты, көзге түскенонкилондарды құтқаруға барайық.Осы сөзді айтуы-ақ мұң екен, Аннуир жұп-жұмсақ білегіноның мойнына орап, бетіне бетін тақап тұрып күбір етті.
– Дұрыс-дұрыс, құтқаруға аттаныңдар, енді олар сендергееш жамандық істемейді.– Желқайықпен орман үстінен қалай өтпекпіз? – депсұрады Костяков.
– Барлық жерде аң жүретін сүрлеу бар, қазір олардыңбәрі канал – бұл бір, екіншіден, ойпат жағалай жатқан тастақтөмпелердің бірі көрінбейді, түгел су басып қалған, – депоның жауабын Горюнов берді. Апыл-ғұпыл ауқат жасай салып, нарталардан байдарканытүсіріп, құрастырды да, рулі мен ескегін орнатып, бір қапшықкепкен ет, бір шөлмек спирт, іркіп сақтаған азын-аулақ кепкеннан, арқан және балта салды.
– Бәріміз бірдей барудың, әрине, еш қажеті жоқ! – дедіГорюнов.
– Екі адам жетеді, әйтпесе ешкімді де құтқарыпжарытпаймыз. Рульде біреу отырып, екіншісі ескек ессеболды, солай алмаса береміз. Кім барғысы келеді?Никифоров иттерге қарау үшін қалуы керек, Аннуир ескекесе алмайды, енді қалған үшеуінің арасынан шығуы тиісбаратындар. Ақыры, Костяковты да осында қалдыруға келісті.
– Қалғандарына да жұмыс табылады, – деді Ордин.
–Сендер бір күннің ішінде жартастан жоғары қарай баспалдақжасап қоюларың керек.Байдарканы арқанмен күртік жотасымен сырғытып,тереңдігі метрге жуықтап қалған суға түсірді. Горюнов рульгеотырып, Ордин ескекті алды да, Санников жерін жауыпжатқан лай сумен желқайық жеңіл ытқып жөней берді.