Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

ВАМПУЛАРДЫҢ ҚҰДАЙЛАРЫ

Жаңбырдан соңғы сап-салқын, тұмансыз, желкем таңолардың қайтар жолға ертерек шығуына жағдай жасады.Оған, әсіресе, онкилондар қатты қуанды. Алайда жолға шығаралдында алыс сапарға ауқаттанып, ет пісіріп алу үшін қайнағанкөлді тағы бір пайдалануға тура келді. Кетер алдында оғанонкилондар бірнеше турам ет тастап, үш мәрте тағзым етті.

– Жауынгер жерасты рухына түнде еш залал істемей, текқорқытып қана қойғаны үшін алғыс айтып жатыр, – дептүсіндірді мұны Аннуир.Таныс көлдер мен жарықшақ жерлерге тоқтамай, жасақтүске тармаса Мыңтүтін алқабынан өтті. Алғашқы есімдіктердікөргенде онкилондардың жүзі әдеттегідей жайнап сала берді.Көсемнің әмірімен жатжерліктерді қатерлі алқапқа ертіпәкелгенде олар зор құрбандыққа рауа болып, бұдан дажаманын күткен сыңайы көрініп тұр. Бірақ олардың басқақұрбандық беруіне тура келді, орманды алқапқа табанытиісімен жатжерліктер жағдайды және бір пайдаланып,«басында бесінші аяғы бар» жануарларын көру үшінвампулардың мекеніне соға кетпек болды. Сұрастыра келгендеол алып жануарлар қатерлі жазыққа жақын жайылады екен. Жасақ амалсыз түстік-шығысқа бұрылды, алға итпен үшбақылаушы жіберді. Таныс суреттер алдан қайта самсады:көлді алқаптар ағашы қалыңдап биіктей түскен ормантанабымен алмасты. Алты шақырымнан кейін «таяу алаңқайда«құдайлар» жайылып жүр» деген хабар беріп, жасақтыбарлаушылар тоқтатты. Орманның бауырымен сақ жүреотырып әлгі жануарларға жақын жерге жетті. Орманныңшетінен жүз қадам жерде төрт ірі хайуан көрінді, олардыңпіл тұқымдас екенін айыру онша қиын емес. Түстен кейінгіқайтқан күннің шуағымен шөпке тойып жусап тұр бәрі.Тұмсығын салбыратып, қысқа құйрығымен, ұзын құлағыменшапақтап, тұрған жерінен міз бақпайды бірі де. Олардыңүсті-басын ұзын, бірақ сирек қызыл-күрең қылшық басқан.Екеуі үлкен де, екеуі кішірек. Кішіректерінің әсіресе азуыөзгеше келте әрі тіп-тік, ал үлкендерінің азуы ұшына қарайқатты иіліп жоғары қарап тұр.

– Мұның мамонт екенінде шүбә жоқ, – деді Горюнов.– Мына кереметтердің еркін жүргенде қалай жүгіретінінкөру керек екен, – деді Костяков.

– Біз ғой пілдерді текзоологиялық бақшаның айналымға келмейтін қоршауында ғанакөрдік.

– Жүгірткен, әрине, қызық. Бірақ бұларды қалайкөндіреміз?!

– Меніңше, мылтық даусынан шошуға тиіс.

– О жағы күмәнді, өйткені олар отты қарудан бейхабар.Оның үстіне біз осы маңда жақын тұратын күзетшілерініңкөңілін аударып аламыз ғой.

– Мылтық даусынан мамонтқа қарағанда сол вампуларыңқаттырақ қорқатын шығар, себебі олар мұның құдіретін аздапкөрді емес пе.

– Тынышталайық, кімді айтсаң сол келеді, әне! – дедіГорюнов қарсыдағы орман шетін қолымен нұсқап.Алаңқайға еңгезердей екі вампу мен иығында жүгі барбала шықты. Мамонттарға таяп кеп жүгін жерге түсірді де, тізерлеп отыра қалып олар бірнеше мәрте тағзым етті. Оларжақындағанда ұйқыдан оянған мамонттар вампуларға тақапкеп, тұмсығын бұлғап-бұлғап жіберіп, қорсылдаған сияқтыбір дыбыс шығарды. Табынып болып вампулар қабын ашыпжүгін жайды: онысы іші толы түрлі тамыр-шөп екен. Алдынақойған тамырларды тұмсығымен іліп ап мамонт аузына сүңгітебастады. Вампулардың бірі әйел екен, ол өзі әкелген тамыр-шөппен жас мамонттарды жемдеуге кірісті, ал бала менеркектің үлесінде үлкендері. Жануарлар әкелгенді жеп бітіріп,қатты қорсылдап тағы да талап етіп, вампуларға тұмсығынсозды, ол бейшаралар қайтадан тағзым етті де, қапшығыналып бар пәрменімен бауырға қарай тура жүгірді. Костяковкөргісі келген қызық енді болды: мамонттар жер солқылдатажеліп, тұмсығын созып жиырып, құлағы мен құйрықсымағыншаншып алып вампулардың соңынан салды. Тегі, бұлолардың сыйлығына алғысы болса керек, әйтпесе вампулардыәп-сәтте қуып жетіп, таптап-ақ тастар еді, ал бұлар бауырғадейін ғана желіп барып, терең көмейден бір зор үн шығарыпжайбарақат кері қайтты.Мамонтқа табыну және азық беру көрінісіне бар жасақынтыға қарады. Вампулар көзден таса болғанда онкилондармамонттардың бірін атып бер деп жиһангездерге жалынабастады. Себебі мамонттың терісі оларға қалқан боларлықзат ретінде жоғары бағаланып, ал азуы найза мен жебеніңұшына қадап, пышақ жасауға таптырмайды екен. Мамонттыолар ілуде бір болмаса аулай алмайды, өйткені вампулар өзқұдайын қатты қорғайды да, соғыс кезі болмаса аулатпайды,аулауға арнайы шыққанның өзінде де ежелгі жануарлар найзамен жебеге міз бақпай, құтылып кетеді. Ал қазір жағдайдыпайдаланып қалу керек – жателдіктердің қолында қырып-жоятын қаһарлы қару бар.Онкилондардың тілегін Ордин де қостады, өйткені оныңбұл жануарды дәл қасынан көріп, өлшеп алғысы келді.Костяков бала күнінде бір жерден оқыған пілдің тұмсығыөте тәтті тамақ деген мағлұматты есіне түсіріп, олардыңұсынысын қоштады.

– Вампулар құдайын өлтіргеніміз үшін кек қайтарадығой, – деді Горюнов. – Қарауылдары бүкіл ордасын көтеріп,бізге бас салады.

– Меніңше, олар мылтық даусын естіп әрмен қашуға тиіс.Алайда ғылым үшін, әрі сенімді серіктерімізді разы етіпнеге болсын бас тіккен де дұрыс қой, – деп жауап бердіОрдин.

– Мынау алыпты жарқыншақ оқпен жайрата алмаймыз,ал жараланса-ақ ол құтырып кетеді, сосын арты қиынғасоғады.

– Мәселе онда емес – екі-үш оқты бір-ақ қадалтамыз.Осынау сирек әлі қолға үйреніп кеткен жануарды өлтіругеГорюнов көрінеу бейілсіз келісті, бірақ өзі атқан жоқ.Онкилондардың қуанышы қойнына сыймай, ақ адамдарнажағайының вампулар құдайына әсері қандай екенін ынтығақадағалады. Қайта қалғымақ ниетпен бір бүйірлей жақынырақтұрған қарт мамонтты Ордин мен Костяков бірдей атты.Жануар теңселіп кетіп, ілгері ұмтылды, жалт бұрылып, қаттыбір өкірді де тізерлей құлады, содан соң бар денесімен бірбүйіріне сылқ ете қалды. Мылтық даусынан шошып кеткенқалған үш мамонт қалтарысқа қарай аз ғана жүгіріп барыптоқтады да, құлаған жолдасының орнынан тұрып, өздерінеқосылуын күтіп, артына бұрылды, жолдасын шақырып тереңкөмейден тартып ащы үндер шығарды.Аңшылар мен онкилондар әлі де болса жантәсілім аяғымен тұмсығын сермеп жатқан жаралы мамонттың жанынакелді, жануар кісілерді көргенде басын әлсіз ғана сәл көтеріп,іле әлі құрып, ауыр бір тыныс шығарып, жерге сылқ еткізді.Оның кішкентай қара көзінде құныкерлеріне деген кінәұшқыны жалт етті. Ізінше осы жанары да сөніп, жануартыныш тапты. Ордин рулеткасын алып мамонттың тұрқын өлшей бастады. Костяков көмектесіп, оның айтқанын жазыптұрды. Олардың бұл қарекетіне өлімтікті қоршап алғанонкилондар таңырқай қарап, мұны ақ адамдардың өлгенқұдайдың рухына рақым ете гөр деген дұғасы деп ұқты.Иттер уақытын далаға жібермей, осы екі ортада үлкенжарадан шөпке ағып жатқан қанды жалауға кірісті.Тұрғысы келмей жатқан серігін қоршап алған бейтанысекі аяқтыларға, аңырып, қырық қадамдай жақындап кептұрған үш мамонтты жұмыспен айналысқандары да, жайкөрермендер де аңдамай қалыпты. Олардың жақындағанынәуелі иттер біліп абалап тұра ұмтылды. Адамдар жалт қарап,мамонттардың тарпа бас салғанын күтпей не бауырға қарайқашарын, не қарсы шабарын білмей аңтарылды да қалды.Иттер он қадам жақын барып, құйрығын екі бұтының арасынақысып, бата алмағанымен, жан даусы шыға шабаланып тұр.Мынау шәуілдеп ығыр еткен жер кенедей сотқарларғажануарлар жоғарыдан таңырқай қарайды. Ақыры иттің үргенімезі етсе керек, олар маң басып, алаңқайдың келесі шетінебарып, ағаш бұтағын сындырып алып жей бастады.Онкилондардың жүрегі орнына түсіп, Ордин өлшеп,сипаттамасын жазып бітірген соң мамонтты сойып, терісінтүсіруге кірісті. Бұл кезде мылтық атылғаннан кейін ілевампулардың ізімен жіберілген барлаушылар оралып, келесіалаңқайдан тағылардың жаңада ғана тастап кеткен тұрағынтапқанын хабарлады. Горюновтың енді соны көргісі келіп,Горохов пен барлаушылардың біреуін ертіп алып,қалғандарына етті тапсырып жүріп кетті.Тағылар тұрағы шағын алаңқайда өскен мәуелі бәйтеректіңтүбінде екен. Ағаштың айналасындағы шөп тапталып қалған,жерде бірнеше аң терісі жатыр, олақ жонылған ағаш аяқтармен екі ауыр шоқпар және бірнеше найза көрінеді. От еркінсөнбепті, үстінде жартылай күйген еті бар істіктер жатыр.Мылтық даусынан зәресі ұшып кешкі асын тауыспай да кетіптіәр жерде мүжілген сүйектер жатыр, бұтақта жылқының тұтас194саны ілулі тұр. Жылқы саны екенін шөпке төселген терісінен-ақ аңғаруға болады.Тұрақты шолып шығып, вампулар жасаған бұйымдардыңүлгісі ретінде бір аяқты алып Горюнов кетуге ыңғайланыпеді, онкилон оған вампудың «ұясына» қара, бәлкім,құдайлардың күзетшісі отырған шығар деп ағаштың басынкөрсетті. Алайда оның жорамалы негізсіз еді – онда болсавампулар қару-жарағы мен істіктегі етін қайдан тастасын.Айтқандай, олардың жоғарыдағы тұрағы иесіз боп шықты.Сондықтан оны Горюновтың көргісі келіп, үшеуі бірдейөрмелеп ағаштың басына шықты. Ұя ұшар баста жуанбұтақтардың жан-жаққа тарар тұсында екен. Бұтақтарғатұтастырып жіңішке бөренелер төсеген де, үстінен үстелгеұқсатып сырғауылдар жайған, онысын жауыннан қорғау үшіншырпы мен талдан тоқып қалқа жасаған. Вампулардың төсегімен көрпесі болған терілер соның астында жатыр. Екі шоқпар,тері сақпан, лақтыратын бірнеше уақ тас – баспананың алғашқықауым адамдары түнде жортар жыртқыштан қорғанар баржарағы осылар. Жапырақ арасынан жан-жаққа жасалғансаңылаулар төңіректі, оның ішінде мамонттар жайылатыналаңқайды қарап отыратын жер екен, Горюнов та солай қарайкөз тастап, олжасының айналасында тұқжыңдасып жатқанонкилондарды көрді.Меймандар ұядан төңіректі шолып отырғанда орманнанбір вампу шығып, жан-жағына абайлап қарап алды да,жасырынып жатқан тайпаластарын қол бұлғап шақырды. Сол-ақ екен, бұта арасынан бір әйел мен екі бала шыға келіп,төртеуі ағаш түбіне беттеді. Оларды байқап қалған Гороховсәл үрейлене күбір етті.

– Құдайлардың қарауылы қайтып келеді! Не істейміз?Атсақ па екен?Жалма-жан қорамсағынан оқ алып, садағының адырнасынтарта берген онкилонды қолын сілтеп қап Горюнов тоқтаттыда– Қозғалмай отырып вампулардың не істейтінін бақылайтұрайық! – деді Гороховқа.

– Ал олар ағашқа өрмелеп жүрсе ше?

– Күндіз мұнда оларға түк жоқ, тамағы және төмендежатыр.

– Бұл арадан қалай кетеміз енді?

– Мылтық атып шошытамыз!.. Қап, тәйірі алғыр,мылтығымның төменде қалғанын қарашы!

– Мәссаған! Олар тауып алып бүлдіреді ғой оны.

– Бүлдіруіне жібермеспіз, сіздің мылтық осында емеспе. Менің мылтығым ағаштың екінші жағында қалған –демек, таба алмауы да мүмкін.Ағаш басындағы әңгіме кезінде олар үстелдің саңылауынантеректің түбіндегі тұрақты бақылап жатты. Вампудың үй ішіағаштың түбіне кеп от айнала жүресінен отырды: әйелдіңемшекте сәбиі бар екен, он екілердегі ер баланың мұрнынаөткізілген таяқша іспетті әшекейі бар екен, алты жасшамасындағы қыз ондайдан әзір аман сияқты. Күйіп кеткенетті көріп еркегі бірнеше үзік-үзік үн шығарды, баласы онысынтүсінді де бауырға жүгіріп кетіп, бір құшақ шырпы алыпкелді. Әйел қоламтаны көсеп, шоғын жылтыратты да үстінетамыздық тастап отты үрлеп жақты. Кішкентай қыз істіктегіетті алып, сыртын сыпырып тастап, сау қалғанын жеуге кірісті.Еркек үйіліп жатқан сүйектің арасынан шақпақ тас алып оныпышақ етіп жылқы санынан кесек еттер кесіп ап әйелгелақтырды, кішірегін табан аузында өзі қылғытып жатты.Әйел етті істікке шаншып беріп тұрды да, бала апарып отқатықты. Кенет жерде жатқан бала шарылдап қоя берді де,әйел оны көтеріп ап, екі аяғынын арасына отырғызып, аузынадертіп тұрған қап-қара емшегін салды.Ойламаған жерден еркек жұмысын доғарып, тың тыңдайқалды, сосын саусағымен мамонттар алаңын нұсқап, дүңкетіп бірдеңе айтты, әйел де елеңдеп басын көтеріп, балаларатып тұрды. Шамасы, вампулар алаңқай жақтан шығып жатқан онкилондардың айғай-шуын есітсе керек. Еркекшақпақ тасын тастай беріп, алаңқайда не болып жатқанынкөру үшін жоғары шыққалы ағашты айналып кетті. Айналаберіп ол бұтақта ілулі тұрған Горюновтын мылтығын көрдіде, үрейі ұшып айғайлап жіберді, әйелі мен балалары дажүгіріп келіп ағашқа ғайыптан ілініп қалған жалтырақ таяққатаңырқай қарасты. Таяқтың жылан емес екенін, үн шығарып,орнынан былқ етпейтінін көріп, еркек оған батылдана қолсозды, әйел үрейленіп оны ұстай алды да, жанжал шықты:ақыры, вампу қатынын итеріп жіберіп, қолы қалш-қалш етіп,бұтақтағы мылтықты алды да, денесіне дарытпай ұстап отбасына әкеп малдасын құрып отырып қарай бастады. Әйелмен балалар ғажайып заттың шағып алмайтынын, тізедетыныш жатқанын көрген соң жақын келді. Вампу бірте-біртебатылданып, жалтырақ стволды сипап, дүмін байқап, аузынаүңіліп, тіпті оны үрлеп көріп, шүріппесін козғап еді – кенетмылтық гүрс ете қалды.Әйел шыңғырып шалқасынан түсті, сәби домалап бір қолынотқа тығып ап шырылдап қоя берді, балалар жалт беріп,еркек мылтықты лақтырып жіберді. Енді бір сәтте балаларбезе жөнеліп, нәрестесін көтеріп ап, тегі, миы айналып кеттіме, басын бір қолымен ұстап әйел де зарлап-қақсап солардыңсоңынан жүгірді. Вампу жүгіре түсіп барып тоқтай қалды.Бәрі тып-тыныш, от жайбарақат жанып тұр, өздерініңзәресін алған зат ағаштан бірнеше қадам жерде жатыр. Вампубір аттап, екі аттап кері қайта бастады, қайтсін, кешкі асыбір емес, екі рет үзілді, оттағы ет және күйіп барады. Отқатөніп кеп іскектегі етке қолын соза беруі-ақ мұң екен, оныңтөбесінен тағы да жай түсіп, бірдеңе отты ұрып, шоғы жан-жаққа ұшты.Енді еркектің де зәре-құты қалмады, жан даусы шығабақырып бауырға барып не істерін білмей тұрған әйелі менбалаларына қарай жүгірді. Еркектің қашып келе жатқанынкөрісімен олар да бұта арасына сіңіп жоқ болды. – Бұлар енді көпке дейін келе қоймас, – деді отқажарқыншақ оқтың бірін жіберген Горохов. – Бұдан былайбұл ағаш мәңгі сиқырланған боп қалады.Онкилон көзінен жас аққанша қарқылдады. Горюнов такүлді. Үшеуі де дереу ағаштан түсіп, мылтықты кеп алды,онкилон алдын ала ұяны өртеп, шоқпар мен найзалардытөмендегі отқа тастады, Горохов болса іскектегі етті ағаштыңшоғырмағына қадап, жылқының санын теректің түбіне сүйрепәкелді де, сүйектердің арасынан адамның бас сүйегін тауыпалып жіліктің басына кигізді, сосын көздің орнына бір-біркөмір қыстырып, төбесіне вампулардың пышақ орнына ұстапет кесетін шақпақ тасын қойды.– Қайтып келердей болса, олар осының бәрі қайдағы бірсиқырдың күші деп ішегін ішіне тартары хақ, – деді ол. –Және мылтық үнінен бұрынғыдан да бетер қорқатын болады.Мамонттар алқабына қайтып оралған қылжақбастаржасақты өздеріне көмекке жиналып жатқан әбігердің үстіндекөрді. Бірінші, екінші атылған мылтық даусын есіткен Ординмен Костяков бұлар вампулардьң шабуылына ұшыраған екендеп, ет мүшелеп жатқан онкилондарды тік көтеріпті. Қандайгәп болғанын білгенде мылтық оқиғасына барлығы ду күлді.Алаңқайда от жағылып, Аннуир ас әзірлеп жүр: мамонттыңтұмсығы тамаша тәтті тағам болды, ал қой етінен жасағанбифштекс отта аз жатқаннан ба, қатқыл пісті. Алайда кейінбұл тағамдарды қанша қайталасаң да ет жетерлік еді.Мамонттың терісі мен азуын, етін арқалаған аңшыларертеңіне тура Амнундактың тұрағына тартып, оған кешкісінбір-ақ жетті.Онкилондардың көсемі жойылып кеткен жатжерліктердііздеуге үлкен экспедиция сайлап қойған екен. Бұрын-соңдымұндай күшті болмаған жер сілкіну онкилондарды қаттықорқытыпты. Кейбір жөртөледе төбеге жайған сырғауылашаның басынан шығып кетіп, шым құлап ұйқыдағы бірнешебаланы басып қап, біраз адамды жаралапты. Үйінен атып шыққан үрейлі онкилондар ағаштардың теңселгенін көріп,жардан гүрс те гүрс құлаған тастардың дүңгірін естіп, жергеаяқ басып тұрайын десе тұра алмай, құлай береді. Содан соңбұл арада тіпті қариялар көріп білмеген құбылыс – нажағайшатырлап, шелектеп жауған жаңбыр жертөлеге оралуғабатпаған адамдарды малмандай су етіп, есікті шайып кеткен,су төсек-орын мен киімдерді бүлдірген.Бұл апатты жақындағы вампулардың шабуылыменсалыстыра келіп онкилондар ақ адамдардың келуінебайланысты бабалары болжап айтып кеткен бақытсыздықшынымен басталды деп ойлайды. Ал ол адамдардың қайдажүргені белгісіз, келер-келмесі екіталай, жер астынаншыққандай жалт етіп еді, солай жоқ болмасына кім кепіл.Барабан белгісімен шеткі тұрақтан шыққан жасақ Мыңтүтіналқабынан ешкімді және таппай келді, оған Амнундак қаттыабыржып, із-түссіз кеткендерді енді вампулар иелігінен іздеукерек, бүкіл жауынгерлерді ол сол үшін жинап жатыр еді.Жоғалып кеткендердің қайтып оралуы бәрінің де көңілінорнына түсіріп, мамонттың терісі мен азуы, еті тұтас тайпаныңқуанышын қойнына сыйғызбады.Жиһангездердің ойластырып салған жақсы жертөлесі жерсілкінуден тіпті бүлінбепті де, сондықтан онда өз үйін жөндепбіткенше көсем тұқымының тең жарымы екі күн қоныпшықты.

0
0
567

Еще по теме

ВАМПУЛАРДЫҢ ҚҰДАЙЛАРЫ - Yvision.kz