Перейти к содержимому
Duisembekovalyazat

Duisembekovalyazat

На сайте с 24 сентября 2014 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

13

комменты

7

подписчиков

9

подписок

10

БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ

Еліміздің білім беру жүйесі әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның бірі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университеті Білім беру факультеті бірлесіп жасаған жеті модульден тұратын бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.Бағдарлама А.Маслоу мен К.Роджерс негізін салған гуманистік психология теориясына, Л.Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориядағы «жақын арадағы даму аймағы» ұғымына, Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне, Бефельдің Оқу пирамидасына, оқыту әдістемесіндегі т.б. да озық идеяларға негізделіп жасалған.Психологиядағы гуманистік бағыт бойынша әр адам қайталанбас құбылыс. Адам табиғатында дамуға, өзін-өзі жетілдіруге негізделген творчестволық потенциал бар. Гуманистік психологияның,…

0
0
1659

БАЛАНЫ КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ЖАЗАЛАУ ӘДІСІ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ БЕРМЕЙДІ

Әйеліңе балаң жоқта ұрыс, Ал балаңа адам жоқта ұрыс. (Халық даналығы) Біз кеңестік кезеңде білім алдық. Ол кезеңде баға әділ, мұғалім мәртебелі, тәрбие қатал, балалар арманшыл, үлкендер иманды болатын. Өз ұлтына, қоғамға адал талай тұлға тәрбиеленді. Ол кезде мектепте оқитын ұлдарға шаш қоюға, қыздарға кекіл қиюға, шашын бос жіберуге болмайтын. Шашы өсіп кеткен ұлдарды ортаға шығарып, шашын қайшымен қиып отырып басына крест суретін салып жібергенді, кекіл қиған қыздарды класс жиналысына салғанды талай көрдік. Одан басқа да нашар оқитын оқушының «екілікке» мініп бара жатқан суретін плакатқа салып, астына аты-жөнін жазып мектеп қабырғасына іліп қою, сабаққа кешігіп келген ұлдарды бірінің арқасына бірін мінгізіп далада жүгірту, сабақта тыныш отырмаған оқушыны екі қолы мен бір аяғын көтертіп…

0
0
1899

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ АТА-АНА ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ

Үй тапсырмасы – оқушының өздігінен орындайтын, оқу процесінің құрамдас бөлігі. Бала тек мұғалімнің көмегімен ғана оқымай, өзіндік дербес әрекет жасап, өзіне берілген тапсырманы орындап үйренуі тиіс. Үй тапсырмасы тек сол тақырыпты меңгеруге ғана үйретпейді, бір істі өз жауапкершілігіне алып орындауға, мәселені шешіп үйренуге дағдыландырады, баланың уақытты жоспарлап үйренуіне, азамат болып қалыптасуына әсер етеді. Ата-аналар: «Үй тапсырмасы не керек?», «Бала шаршап отырғанда», «Балаға тапсырма қиын», «Мен білмеймін, бала қайдан білсін» - деген сарындағы баланың ынтасын жоғалтатын сөздерді көп айтады. Үй тапсырмасы керек. Ол балаға керек. Баланың тақырыпты толық игеруі үшін ғана емес, баланың саналы, жауапкершілікті болуы үшін де, өмірде қиыншылықты жеңіп, нәтижеге жетіп үйренуі үшін де, о…

0
0
1405

«МЕНІҢ АНАМ... МЕНІҢ ӘКЕМ...» БАҒДАРЛАМАСЫ

Өзіңнің студенттерің арада қанша жыл өтсе де саған әлі жас көрінеді. Олар есіңе түскенде де ойыңа сол студент кезіндегі болмысымен оралады. Сондай студенттердің бірі - Саят Қамшыгер. Студент кезінде өңінде үнемі жылы шырай тұратын. Мен өзім де әр кез Саятты жақсы бір жымиыспен еске түсіремін. Көрмегелі он жылдан асыпты. Әлі бала көріп жүрсем, бүгін үлкен азамат болып, "Менің анам... Менің әкем" бағдарламасында ата-анасы туралы естелік айтып отыр. Әр бала үшін ең жақын, ең бірінші десек те болады, әлеуметтік орта – жанұясы. Жақсы жанұяда ұлт дәстүрі жалғасын тауып жатады, баланың мінезі қалыптасады. Саят әкесінің жарықты босқа жақпай, керексіз кезде өшіру керектігін, тағамды да ысырап қылмау керектігін еске салып отыратын кездерін айтқанда өз әкем есіме түсіп отырды. Бірге туған бауырларың…

0
0
3490

БІРІҢДІ ҚАЗАҚ БІРІҢ ДОС...

«Тенгри нюс» басылымының хабарлауынша (19.01.2017 ж.) Қоңыраттың қыздары туралы ФБ-да біреудің жазған жағымсыз пікірі ұнамай, оған жауап ретінде дулаттар туралы жаман комментарий жазғаны үшін Оңтүстік Қазақстанның облыстық соты бір азаматқа екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын беріпті (ҚР ҚК 174-б.). Мен бұл екі азаматты танымаймын да, жазғандарын оқыған да жоқпын. Бірақ ғаламтордан бір рудың екінші бір ру туралы жазған жаман сөздерін теріп, иелерін тауып соттай беретін болсақ, соңы не болады? Бұл мәселенің шешімі емес, мұндай шара керісінше ушықтырып жіберуі де мүмкін. Сендер біздің азаматымызды сотқа бердіңдер деп, ертең олар дулаттармен ерегеседі, сөйтіп ары қарай жалғаса береді. «Сот дулат болған ғой» - деп жазып жатыр қазірдің өзінде-ақ. Өзі аз қазақ осындай үшін бір-бірін сотқа…

0
0
8499

ТЕЛЕАРНАНЫҢ АТЫНА ЗАТЫ САЙ КЕЛМЕЙ ТҰР

Қазақта қастерлі ұғым көп, соның бірі – гәкку. Осындай керемет қастерлі, қасиетті сөз Қазақстандағы музыкалық арнаға атау ретінде берілген. Адам санасында ұғымдардың қалыптасуы бұрын көрген, естігенді ойға түсіру, байланыстыру, елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады. «Гәкку» десе есімізге бірден аққулы көл, қазақтың сал-серілері, қазақ өнері, Күләш Байсейітова, «Қыз Жібек» фильмі, Бибігүл Төлегенова түседі. «Гәкку» әні – ақын, әнші-композитор Үкілі Ыбырай өнерінің асқақ шыңы. «Гәкку» – қазақ музыкасындағы қайталанбас құбылыс. Бұл ән Үкілі Ыбырайдың жастық шағында, Кәкима деген сұлу қызға ғашық болып, іштей толғаныста, терең сезімде жүрген кезінде туған екен. К.Салықов бұл әннің туу тарихы туралы: «Осындай бір тынышсыз түндерінде түсінде қаңқылдаған қоңыр қаздың дауысын естиді. Аққ…

0
2
2518

ҚҰТ ДАРЫҒАН КҮРЕҢБЕЛ НЕМЕСЕ НҰРЫМ САПАРЫ

О, айналайын, кең далам! Қазақ бауырым жайлаған алып далам! Мінеки, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап, ши мен көдеге ырғалып, ұшы-қиыры жоқ шексіз теңіздей көсіліп жатырсың. Кім біледі сенің қойныңда жатқан күшті. (Ш. Айтматов. Жәмилә) Студент кезімде Алматыдан Жансүгірге дейін автобуспен неше рет жүргенімді санамаппын, бірақ көп жүргенім анық. Жылына кемінде төрт рет ауылға барған болсам, бес жылда 40 рет сол жолмен жүрген екенмін. Көбіне қалааралық «Икарус» автобустарымен қатынайтынбыз. Жолда міндетті түрде тоқтайтын станцияның бірі Сарыөзек болатын, сұрықсыздау, көңілсіздеу көрінетін, бар сырын ішіне бүгіп, құпиясын ашпай жататын бір тылсым дүние сияқты әсері де болатын. Одан кейінгі кезеңде «Сарыөзекке әкеліп ракета жарады екен, ол да Семей сияқты полигон болады екен» деген дүмп…

1
0
3383

ӘКЕНІҢ ТАРТУ КҮШІ

Шешеміз өмірден ертерек кетті де, ауылда әкеміз болды. Ақсу өзенінің бойындағы Қызылтаң ауылына ай аралатпай барып тұрамыз. Сылтау көп, бір ағайын келін түсіріп жатыр екен деп барамыз, бір ағайын қызын ұзатқалы жатыр екен деп барамыз, бір ағайынның баласы мектеп бітіріп жатыр екен деп барамыз, біреудің туған күні деп барамыз, балаларды ауылға апару керек деп барамыз, баларды ауылдан алып қайту керек деп барамыз, бір заттарды ауылға апарып тастау керек деп барамыз, бір заттарды ауылдан алып келу керек деп барамыз, әйтеуір бара береміз. Қақаған қыста да барамыз, батпақ езіліп жатқан көктемде де барамыз, жаздың аптап ыстығында да барамыз. Ол бір алаңсыз, бақытты шақ екен. Кейін әкеміз қайтыс болған соң ауылға баруды сирете бастадық. Кейін тіпті «Жол алыс, уақыт жоқ, жол жаман» - деп сылтаура…

0
0
818

ДЕҢГЕЙЛІ КУРС ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ

«Деңгейлі курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру» атты бұл жинаққа Алматы облысы ПҚБАИ Деңгейлі бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде өткізілген облыстық әдістемелік семинар материалдары, атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі курстарын аяқтаған мұғалімдердің өз тәжірибелеріне қатысты жазған мақалалары топтастырылып отыр. Жинаққа ұсынылған мақалаларды оқи отырып мұғалімдердің Бағдарлама идеяларын жақсы түсінгендіктерін, жеті модульді ықпалдастыра қолдану дағдыларының біршама жетілгендігін байқауға болады. Бағдарламадағы жеті модульдің бірі – сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Тоинбаеваның мақаласында сын…

0
0
1372

КУРСТАН КЕЙІНГІ ШАРАЛАР ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Деңгейлі курстың өзі қандай маңызды болса, курстан кейінгі шаралар да сондай маңызды. Деңгейлі бағдарламаның бір ерекшелігі – ол халықаралық стандартқа сай және үш айлық оқумен шектеліп қалмайды, мұғалімдердің курстан кейінгі әрекеттерін де қамтиды. Тренерлер мұғалімдермен курстан кейінгі кезеңде де тығыз байланыста жұмыс жасайды. Курстан кейінгі шаралардың негізгі формалары – коучингтер мен сабақтарға, шеберлік сабақтарына қатысу, кеңес беру және практикалық семинарлар т.б. Мұндай шаралар тренерлерге деңгейлі курс аяқтаған мұғалімдермен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ал мұғалімдер осы уақытқа дейін атқарған іс-шараларын, жеткен жетістіктерін, үйренген әдіс-тәсілдері мен дағдыларын басқа мектептерден келген әріптестерімен бөліседі, өзінің қай деңгейде екендігін бағамдайды…

0
0
1589