ДЕҢГЕЙЛІ БАҒДАРЛАМА ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Көшбасшылық - оқыту сияқты, үздіксіз дамуға жетелейтін, адамның тұрақты дамуына әсер ететін қабілет. Көшбасшылық дегеніміз жеке адамдар мен топтардың жұмысына ықпал ету, ынталандыру, мақсатқа қол жеткізу үшін белсенділікке бағыттау қабілеті. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін таныта отырып өз тәжірибелерін сыни бағамдап, білім беру саласындағы саясатты, оның жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды, дамытады. Деңгейлі бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағамдау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің жүзеге асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер негізінде қарастырылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог…