Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕҢГЕЙЛІ КУРС ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ

«Деңгейлі курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру» атты бұл жинаққа Алматы облысы ПҚБАИ Деңгейлі бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінде өткізілген облыстық әдістемелік семинар материалдары, атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың  деңгейлі  курстарын аяқтаған мұғалімдердің өз тәжірибелеріне қатысты жазған мақалалары топтастырылып отыр.

Жинаққа ұсынылған мақалаларды оқи отырып мұғалімдердің Бағдарлама идеяларын жақсы түсінгендіктерін, жеті модульді ықпалдастыра қолдану дағдыларының біршама жетілгендігін байқауға болады. Бағдарламадағы жеті модульдің бірі – сыни тұрғыда ойлауға үйрету. Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Тоинбаеваның мақаласында сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулінің стратегияларын тарих пәнінде қолдану ерекшеліктері сөз болса, бастауыш сынып мұғалімі Анар Камзина сыни тұрғыда ойлау модулінің стратегияларын ана тілі пәнінде қолдану тәжірибесімен бөліседі.       Ә. Берікқалиева, Н. Салимбаева, Ғ. Ғаббасов, З. Маманова, Н. Қалиев, Ж. Букенбаева,  Ұ. Оспанова, Т.Уәлиев т.б. мақалаларында  оқушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізілген тренингтер мен орындалған тапсырмаларға қатысты пікірлер көрсетілген.

1956 жылы американдық ғалым Бенджамин Блум ұсынған танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі де мұғалімдер практикасында тиімді қолданылып жүргендігін байқауға болады. Биология пәнінің мұғалімі Әсем Нұржекеева «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбындағы мақаласында: «Блум таксаномиясының «Білу» «Түсіну» «Қолдану» «Талдау» «Жинақтау» «Бағалау» деңгейлері бойынша дайындаған тапсырмаларды орындау нәтижесінде анықтайды, талдайды және дәлелдейді. Әр тақырыпты өткен кезде «Түсіну» деңгейінде терминдерге анықтама береді... «Талдау» кезінде  «Жеті сұрақ» әдісін қолданамын. Кейбір сабақтарда «Қолдану» кезеңінде әр топ постер қорғайды. «Жинақтау» кезеңінде мәтінмен жұмыс жиі ұйымдастырылады» - деп жазады.

Мақалалардың барлығында дерлік мұғалімдер деңгейлі курсты аяқтағаннан кейінгі өз тәжірибелеріндегі өзгерістерге тоқталады. Мұғалімдер оқыту тәжірибелерінің ғана емес, өмірге деген көзқарастарының, қарым-қатынас мәдениетінің т.б. өзгергенін жазады.  Бастауыш сынып мұғалімі Гүлназым Қалымбетова: «Осы бағдарлама негізінде сабақ беру барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Қазір сабағымда тыныштықтан гөрі белсенді қарым-қатынас басым. Өз басымдағы өзгеріске келер болсам шыдамдылыққа, оқушылардың ойын тыңдай білуге, өзімді-өзім реттеуге үйрендім» - деп жазады. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зейнуллаева Гульсын: «Деңгейлі бағдарлама курсында біліктілігімді арттырғаннан кейін өз  тәжірибеме көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгіздім.  Сонымен қатар өзімнің ойымды және ұстанымдарымды  өзгерттім деп айта аламын, себебі  мен бұрынғы сабақтарымда көбінесе  басымдылық танытып, сабақты өзім түсіндірдім. Мен журнал бойынша оқушылардан  сабақ сұрап,  қалған оқушылар үндемей отыратын. Сыныпта тыныштық сақтауды талап етіп, бір-бірімен сөйлесіп,  араласып, пікірлесуге жол бермей, әркім өз бетінше жеке  жұмыс жасауын талап еттік» - деп жазады.

Мақалаларды оқи отырып мұғалімдердің Бағдарламаға деген көзқарасының оңдығын ғана емес, ерекше сүйіспеншілікті де аңғаруға болады. Бастауыш  сынып  мұғалімі Ақбөбек Талиева: «Бағдарламаны терең игерген  әр мұғалім өз әрекетіне сыни тұрғыда қарап үйренеді. Бағдарлама идеялары әр баланың  бойына ізгілік сезімін ұялата алады. Бұл жоба – қазақстандық білім саласындағы жетістіктердің бірі. Келешекте біздің оқушылар білімді, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, дүниетанымы кең, жүрегі елім, жерім, Отаным деп соғатын тұлға болып қалыптасады деген үміттемін.  Болашақта осы Бағдарламаның өрісі кеңіп, ұстаздардың  білімін шыңдай берсе екен!» - деп жазады. Біз де осындай тілектеміз.

Жинақты баспаға дайындаған деңгейлі бағдарламалар орталығының тренерлері Дүйсембекова Л., Мамырова А.

 

Дүйсембекова Л.

 
0
0
1377

Еще по теме

ДЕҢГЕЙЛІ КУРС ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ - Yvision.kz