Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ

Еліміздің білім беру жүйесі әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның бірі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университеті Білім беру факультеті бірлесіп жасаған жеті модульден тұратын бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Бағдарлама А.Маслоу мен К.Роджерс негізін салған гуманистік психология теориясына, Л.Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориядағы «жақын арадағы даму аймағы» ұғымына, Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне, Бефельдің Оқу пирамидасына, оқыту әдістемесіндегі т.б. да озық идеяларға негізделіп жасалған.

Психологиядағы гуманистік бағыт бойынша әр адам қайталанбас құбылыс. Адам табиғатында дамуға, өзін-өзі жетілдіруге негізделген творчестволық потенциал бар. Гуманистік психологияның, жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілі К.Роджерс ұсынған «Мен» тұжырымдамасы - бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықарымызды бағыттайтын, өзгеруге жетелейтін әлеуметтік стимул болып табылатын когнитивті және аффективті компоненттердің үйлесуі. Әр адам: «Мен кіммін?», «Не білемін?», «Не жасай аламын?», «Кім боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. «Мен» тұжырымдамасы адамның қоршаған ортаны қабылдауы, бақылауы, бағалауы нәтижесінде өзі жөнінде қорытынды шығаруына байланысты қалыптасады.

Бір ай көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Шілденің 31-і күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Алматы облыстық филиалына курсқа келген 178 мұғалім 27 тамызда оқудың  «Бірінші «Бетпе-бет» кезеңін аяқтап, «Мектептегі тәжірибе» кезеңіне аттанды.  Бірінші кезеңде білу, түсіну жүзеге асса, мектептегі тәжірибе кезінде оқып-үйренгендерін қолданып, талдап, «Екінші «Бепе-бет» кезеңіне келгенде жинақтау, бағалау бойынша ұйымдастырылған жұмыстар жүргізеді.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің соңында өткізілген «Әлем өзгеруде, біз де өзгереміз!» атты топтар таныстырылымы мерекелік көңіл-күйде өтті. Әр топ курс барысында жеті модуль бойынша көңілге түйгендерін шеберлікпен жеткізе білді. Бағдарлама идеясын жақсы түсінгендіктерін, ары қарай дамыта, қолдана алатындықтарын көрсетті. Бір-бірін қошеметтеп, қолдап отырды. Институт ұжымына, тренерлерге ризашылықтарын білдірді.

Білім сласындағы өзгерістер жақсы жетістіктерге алып келеді. Осы курстан өткен әр мұғалім ХХІ ғасырға лайық азамат қалыптастыруға және Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлесін қосатындығына  сенемін.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлі бағдарламалар орталығының жетекшісі, ф.ғ.д. Дүйсембекова Л.С.

0
0
1665

Еще по теме