Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат»
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқтала салысымен ауыр сынақ болып күтіп тұрды. Бұл жылдар қазақ халқы үшін өте ауыр әрі ұзаққа созылған қиын-қыстау кезеңдер еді. Көктем мен жаңбырдың болмауы, құрғақшылықтың залалы, қыста қардың болмауы ашаршылық нәубетін әкелді. Ашаршылық тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, аграрлық сектордың, ауылшарушылығының да артта қалуында. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, ашаршылық Кеңес Өкіметі жүргізген ,халық, әсіресе ауылшаруашылығына қатты соққы болып тиген, әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі экономикалық жағдайларға да байланысты туындаған. Қазақстанның біршама аудандары ашаршылықтың құрсауында қалды. Қостанай, Орал, Орынбор, Ақтөбе губернияларында себілген астық құрғақшылық салдарынан шықпай қалды, егер шықса жаздың ыстығ…